323
жұмыстар шыға бастады. Әсіресе XIX-ғасырдың басында жазу тілінің
бұзылуына әр түрлі көзқарастар пайда болды. Осы кезеңде оқу мен жазудың
бұзылыстары жазбаша сөйлеу тілінің ортақ бұзылысы ретінде қарастырылды.
ХIX-ғ. аяғы мен XX-ғ. басында әдебиеттерде оқу мен жазудың бұзылысы
ортақ ақыл ойының әлсіздігінен басталып, тек ақыл ойы кем балаларда ғана
кездеседі деген ой кең тарады (Ф. Бахман, Г. Вольф, Б. Энглер).
Бірақ XIX-ғ. 1896 жылдың өзінде-ақ В. Морган оқу мен жазудың
бұзылысын он төрт жастағы интеллектісі қалыптағы баланың жағдайын
сипаттады. Бұл бұзылысты В. Морган «орфографиялық дұрыс және қатесіз
байланыстырып оқи алмаушылықтан» деп анықтады. В. Моргоннан кейін
басқа да авторлар (А. Куссмауль, О. Беркан) жазу бұзылысын сөйлеу тіл іс-
әрекетінің бөлек бұзылыс деп қарастыра бастады.
Одан кейінгіде 1900 және 1907 жж. Д. Гиншельвуд интеллектісі
қалыптағы балалардың оқу және жазу бұзылыстарының тағы бірнеше
жағдайларын сипаттады. Ол ең бірінші оқу мен жазуды меңгерудің
қиындығын «алексия» және «аграфия» деген терминдермен атап, олармен
ауыр және жеңіл деңгейлерін белгіледі.
Сонымен, XIX-ғ. аяғы мен XX-ғ. басында бір-біріне қарама-қарсы екі
көзқарас болды. Бір авторлар жазудың бұзылысын ақыл-ойы кемдіктің бір
құрамы деп есептесе, екінші авторлар жазудың бұзылысы өзімен
оқшауланған, ақыл-ойы кемдікпен байланыссыз бұзылыс деп белгіледі.
Ақырындап жазу бұзылысының табиғатын түсіну өзгерді. Бұл бұзылыстар
бір тамырлы оптикалық бұзылыс деп анықталмады. Сонымен бірге
«алексия», «аграфия» және «дисграфия» түсініктері ажыратыла бастады.
Дисграфияның
түрлі
түрлері,
жазу
бұзылысының
түрлі
классификациялары бөліне бастады.
Жазбаша сөйлеу тілін зерттеудегі невропатолог Н. К. Монаковтың
көзқарасы үлкен мағынаға ие болды. Ол бірінші болып дисграфияны ауызша
сөйлеу тілінің, сөйлеу бұзылыстарының жалпы сипаттамасымен немесе
афазиямен байланыстырды.
Е. Иллинг жазу бұзылысы кезінде бұзылатын үрдістер қатарын бөледі:
1. әріптің оптикалық бірлігі мен дыбыстың акустикалық бірлігін меңгеру;
2. дыбысты әріппен сәйкестендіру;
3. әріп және сөзді синтездеу;
4. сөзді оптикалық және акустикалық бөлшектерге бөле білу қабілеті;
5. сөздің екпінін, әуенін, дауыстыларын анықтау;
6. оқығанды түсіну.
О. Ортон осы мәселлерді зерттеу үстінде (1937) үлкендер мен балалар
арасындағы жазуды меңгерудегі айырмашылықтарын көрген. Үлкендердің
жазуының бұзылуы әр түрлі ми зақымдануынан пайда болады деген. О.
Ортонның айтуы бойынша, балалардың басты қиыншылықтары әріптерден
сөз құрай алмауында. Мұндай қиыншылықты автор «аграфия» деп атайды.
Сонымен қатар жазудың дұрыс игерілуінде сенсорлы жағдайлар үлкен орын
алатындығын айтты.
324
Ресей невропотологтарынан дисграфияны Р. А. Ткачев пен С. С. Мнухин
зерттеген. Р.А.Ткачев меңгере алмаудың туа бітетінін анықтайды. Бала
сауатты оқу барысында әріптерді, буындарды дұрыс атай алады да, оны
есінде сақтай алмайды. Жеке буындардан көбіне аяққы буынды ғана есте
сақтайды. Оны Р. А. Ткачев интеллектісі қалыпты жағдайдағы көру мен
естудегі әріп бейнелерінің байланысының нашарлығынан дейді. Бұл бұзылыс
тұқым қуалау факторымен сипатталады. С. С. Мнухиннің көзқарасы
бойынша, аграфияның пайда болуының көптеген жағдайы түрлі деңгейде
белгіленетін (ішімдік, психопатия, ата-анасының эпилепсиясы, туылу
кезіндегі травмалары) тұқым қуалаушылықта (мұндай балалар графикалық
ырғақтылықты, алфавиттегі әріптерді, ай, апта, күн атауларын айтуда
қиналады).
XX-ғасырдың 30-жылдарында жазу бұзылуын психологтар, педагогтар,
дефектологтар қарастыра бастады. Ең бірінші болып Ф. А. Рау жазудың
бұзылуы мен дыбыс айтудың байланысын көрсеткен, одан кейін М. Е.
Хватцев. Р. М. Боскис, Р. Е. Левина зерттеулері жазудағы жетіспеушілік көп
жағдайда фонематикалық қабылдаудың бұзылысымен негізделгендігін
дәлелдеді.
Дисграфия жайлі М. Е. Хватцев көп жұмыс жүргізген. Басында ол
дисграфияны дыбыс айту кемшіліктерінің көрінісі деп қарастырған. Ал
дыбыс айту кемшіліктері балаларда түзелгеннен кейін, М.Е.Хватцев әріп
түрінде көрсетілген дыбыс стериотипті көруінің бұзылуымен түсіндірген.
Р. Е. Левина алғашқы жұмыстарында жазудың бұзылуын фонематикалық
дамымаудың сипатымен түсіндірген. Одан кейінгі Н. А. Никашина, Л. Ф.
Спирова жұмыстарында жазу бұзылуы тілдік дамудың алғашқы
кезеңдеріндегі дұрыс жұмыс жүргізілмегендігімен байланыстырады.
Қазақ тілінде оқитын оқушылардың жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы
туралы деректер жоқтың қасы. Өйткені осы кезеңге дейін бұл мәселеге
бағытталған арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Дегенмен, Абай атындағы
ҚазҰПУ-ң арнайы педагогика кафедрасының қызметкерлерінің (Қ. Қ.
Өмірбекова, М. М. Рахымова, Ж. Нұрсеитова) зертеулерінде біршама
мағлуматтар алынған. Мысалы, көмекші мектеп оқушыларының жазу
жұмыстарында ең көп кездесетін қателер – сөздің дыбыстық құрамының
бұзылуы және емленің, тыныс белгілерінің қателері. Ал, мазмұндама
жұмыстарда сол қателер сақталып, аграмматикалық қателердің көбейуі
анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: