I теоретические основы логопедии


Балалар церебральды сал ауруы (БЦСА) бар балаларға арналған



Pdf көрінісі
бет225/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   256
Байланысты:
Logopedia

Балалар церебральды сал ауруы (БЦСА) бар балаларға арналған 

мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру 

 

БЦСА    балалармен  жасөспірімдерді  оқыту  тірек-қимыл  аппараты 

зақымдалған  балаларға  арналған  мектеп-интернаттарда,  кей  жағдайларда 

жалпы білім беру мектептерінде іске асырылады. 

 

Логопедиялық  жұмыс  бұл  мектепте  аз  да  болса  балалардың  сөйлеу 



мүмкіндіктерін түзетуге, кейде қалыпты қылуға мүмкіндік береді. 

 Логопед 

мұғалімдер,  тәрбиеші,  балалардың  ата-аналарымен  тығыз 

байланыста жұмыс атқарады.    

Логопедтің міндеттері: 

1.  Әр  баланы,  сөйлеу  картасына  тексеру  нәтижелерін  белгілей  отырып, 

тексеру.  



 

411 


2. Алдын ала жоспарды  және логопедиялық сабақтардың кестесін құру.  

3. Баланы қайталап тексеру (1-ші тоқсан соңында), логопедиялық қорытынды 

анықтау (нақтылау). 

4. Балаларға арналған логопедиялық тәртіпті орнату. 

5.  Сөйлеу  тіл  кемістіктерін  түзету  бойынша  жеке,  топтық,  шағын  топтық  

логопедиялық сабақтарды  жүргізу. 

6. Мұғалім, тәрбиеші, ата-аналарға кеңес-әдістемелік көмек көрсету. 

7.  Динамикалық  тексеру  жүргізу  және  балалардың  сөйлеу  тілінің 

қорытындысын    дәрігер,  ЕДШ  әдіскерлерімен,  тәрбиеші,  ата-аналармен.

 

Логопедиялық  жұмыста  бала  дамуына  сөйлеу  тілі,  қимыл  психикалық 



бұзылыстардың  өзара  әсер  етуін  ескеру  аса  маңызды.    Логопедиялық 

жұмыссөйлеу  тілінің  бұзылыстарын  түзетумен  қатар,  оның  барлық  жағын 

(лексика,  грамматика,  фонетика),  психикалық,  сенсорлы  функцияларын 

жетілдіруге  бағытталған.  сенсорных  и  психических  функций.  Сөйлеу    тілі 

терапиясы,    қимыл  функцияларын  дамытуға  арналған  емдік  шаралардың 

тығыз байланыстағы бірлігіне негізделген. Онтогенетикалық кезектілік және 

кезеңділікпен  логопедиялық  әсер  ету  сақталған  функцияларға  сүйенеді.  

Логопедиялық  жұмыстағы  бағыт  –  сөйлеу  тілі  дамуының  өзекті  деңгейі. 

Артикуляциялық  моторика  бұзылыстарын    және  қол  саусақтарының 

функциональды  мүмкіндіктерін  дамыту  және  түзету  бойынша  жұмыс 

міндетті,    қимыл-кинестетикалық  анализатор  қимылдарын  белсендіру 

маңызды. Себебі, ол артикуляциялық праксисті басқаруға мүмкіндік береді. 

 

Мектептегі  логопедиялық  жұмыстың  негізгі  мақсаты  –  сөйлеу  тілі 



арқылы  қарым-қатынасын  дамыту,  сөйлеу  арқылы  ойын  айтуының 

анықтылығын нақтылау,  сөйлеу тіл бұзылысын түзету. 

 

БЦСА бар балалармен түзету логопедиялық жұмысында, логопедиялық 



әсер етідің мынадай әдістерін қолдану тиімді: 

1.  Дифференциалды  логопедиялық  уқалау  (массаж)  (босаңсыту  немесе 

ынталандыру) 

2.  Зондпен уқалау. 

3.   Нүктелік уқалау. 

4.  Енжар және белсенді артикуляциялық гимнастика. 

5.  Тыныс алу және дауыс жаттығулары. 

6.  Жасанды    локальды    контрастотермия  (  гипо-  және  гипертермияның 

үйлестірілуі). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет