Акустикалық-фонематикалық
дислалия:
дыбысты
айту
ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу
операцияларының таңдаулы қалыптаспауымен байланысты. Бұзылу
негізінде-фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы. Ауытқушылық
физиологиялық естуі сақталған баладағы кейбір дыбыстарды есту арқылы
ажырату қызметі таңдаулы түрде қалыптаспайды, бұл акустикалық жақын
дыбыстармен ауыстыруды білдіреді. Бұзылу сөзді қабылдау механизімінің
сенсорлы бөлімімен шектеледі.
Артикуляторлы-фонематикалық дислалия сөзді өндіруші моторлы
бөлімнің артикуляторлы қасиеті бойынша фонемді таңдау операцияларының
қалыптаспауымен байланысты ауытқушылықты қосады. Олардың екі түрі
болуы мүмкін: 1) артикуляторлы негіздің толықтай қалыптаспауының
нәтижесінде фонемді таңдауда керекті дыбыстың орнына әлі қалыптаспаған,
артикуляциясы жағынан едәуір оңай, артикуляциялық нышандар бойынша
ұқсас дыбыстар таңдалады.
2) Артикуляторлы негіз қалыптасқан және баламен дыбысты шығару үшін
керек барлық артикуляторлы ұстаным игеріледі. Бірақ дыбысты таңдау
кезінде дұрыс шешім қабылданбайды. Кейбір жағдайларда дыбыс дұрыс
айтылады, басқаларында- дұрыс айтылмайды. Яғни, дыбыс алмастырылып
айтылады.
Артикуляциясы ұқсас дыбыстар алмастырылып, шатастырылып
айтылады. (ц-ч,р-л, т-к, д-г, с-ш, з-ж).
Дислалияның осы түрінде баланың фонематикалық есту қабілеті толық
қалыптасқан болады. Сондықтан бұл ақаулықтар түзету барысында
жойылады.
Мысалы, [Р] - [Л] алмастыру 5 жастағы баланың арасында 42% кездеседі (Р
дыбысы бұзылыстарының ішінде), 6ж - 34%, 7ж - 18%, 8-9ж - 18%
ал [л]→[р] алмастыру 5ж - 9%, 6ж - 5%, 7ж-жоқ
Мұндай мағлұматтар А. Н. Гвоздевтің, В. И. Бельтюковтың, О. В.
Правдинаның жұмыстарынан кездестіруге болады. Бірақ, дыбыс айтудың
76
бұзылуы барлық балаларда түзетілмейді. Жалпы білім беретін мектепте 1
сынып оқушыларының ішінде фонематикалық жетіспеушілігі бар балалар
саны 15% -ды көрсеткен. Бастауыш мектепті аяқтаған кезде ондай балалар
бірен – саран болады.
Дыбысты бұзып айту моторлы бұзылыстарға байланысты емес. Ол
фонемаларды
артикуляторлық
белгілеріне
байланысты
іріктейтін
операцияларына (әрекетіне) байланысты.
Артикуляторлы–фонетикалық дислалия - артикуляторлы позициялары
дұрыс қалыптаспауының салдарынан болған бұзылыстар.
Дыбыстар бұзылып айтылады (дұрыс айтуына жақын). Дыбыстарды тастап
кетуі мүмкін.
Дислалияда тек ғана дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады.
Дыбыстардың бұзылуының 4 түрі кездеседі:
1.дыбысты мүлдем айтпауы;
2.дыбысты алмастырып айтуы;
3.дыбысты бұзып айтуы;
4.дыбысты шатастырып айтуы.
Дыбысты мүлдем айтпауы және дыбысты бұзып айтуы – бұзылыстың
антропофониялық түрі, ал дыбысты бұзып айтуы мен шатастырып айтуы
бұзылыстың фонологиялық түрі деп ажыратылады.
Дыбыстардың бұзылыстарын атау үшін халықаралық терминдер қолданады.
Олар грек алфавитінің әріптерінен құралған.
Олар: 1.сигматизм – ызың, ысқырық дыбыстарының айтылуының
бұзылуы (с-с′, з-з′, ц, ш, ч, щ,ж) – 22 %
2. ротоцизм (р-р′) – 26 %
3. ламбдацизм (л-л′) – 10 %
4. каппацизм (к-к′,г-г′,х-х′) – 1 %
5. йотоцизм (j) – 1,5 %
6. ұяң дауыссыз дыбыстарының ауытқушылығы (ұяң дауыссыздар
өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырады б-п, д-т, в-ф,
з-с, ж-ш,
г-ғ, к-қ)
Мұндай ауытқушылықтар құлағы нашар еститін, керең балаларда жиі
кездеседі.
7.жіңішке дауыссыз дыбыстардың ауытқушылықтары. Сөйлеу тіліндегі
жіңішке дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын
алмастыру ауытқушылықтары: д′-д, п′-п, к′-к, р′-р.
Дыбыс айтудың пайыздық көрсеткіштері ресейлік автор М. А.
Александровскаяның деректері бойынша берілген, ал Л. Г. Парамонованың
(1990) зерттеулері бойынша бұл көрсеткіштер әлде қайда жоғары: ротацизм -
71,6%; ламбдацизм -54 %; ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы - 42
%; ызың дыбыстардың айтылуының бұзылуы -45,4%. Қазақ тілді қалыпты
дамыған мектеп жасына дейінгі (5-6жас) балалардың дыбыс айтуын тексеру
нәтижесінде келесі көрсеткіштерді атауға болады: ызың дыбыстардың
айтылуының бұзылуы – 47,9% (5 жас), 45% (6жас); ысқырық дыбыстардың
77
айтылуының бұзылуы - 38% (5 жас), 33,3% (6жас); Р дыбысының
айтылуының бұзылуы – 30,5% (5 жас), 29,9 % (6жас) (Тулебиева Г.Н., 2010).
Осы деректерден мектеп жасына дейінгі балалардың арасында д
ыбыстардың
айтылуының бұзылуы әр түрлі жиілікте көрінетініні байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |