Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет53/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

Үшіншісі,  Парламент  пен  парламентаризмнің  демократиялық  және 
құқықтық-заңнамалық,  бай  танымдық,  тәрбиелік  ұлағатынан  өткен  депутаттар 
корпусы  ұлттық  элитаның  қатарын,  жоғарғы  мемлекеттік  органдарды  жаңа,  
тың күштермен толықтырудың  жемісті саяси мектебіне айнала бастады деуге  
толық негіз бар. Әрине, Парламент саяси  элитаны қалыптастырудың бірден-бір 
мектебі  емес.  Олар  Президент  Әкімшілігі  жүйесінде,  ғылыми  ұжымдарда, 
Үкімет  құрамында,  облыстық  әкімдіктердің  жоғарғы  буынында,  саяси 


партиялар  жүйесінде  де  қалыптасады.  Алайда,  саяси  жариялылық  пен 
ашықтықтың,  билік  легитімдігінің  мектебі  болып  табылатын,  бүкіл  тіршілігі 
халықтың  көз  алдындағы  парламентшілердей  басқа  топтар  әлеуетті,  саны 
жағынан көп емес.  
Парламенттің  нығаюымен  бірге,  оның  құрамы  да  жетіліп  пісіп    өскен, 
саяси, демократиялық, интеллектуалдық құқықтық, рухани тұрғыдан толысып, 
кемелденді.  Олар  сол  қызметтік  міндеттері  мектебі  аясында  елдегі  күрделі 
қоғамдық қатынастардың табиғатына үңіліп, зерделеп, ондағы қайшылықтарды, 
заңмен реттелмеген проблемаларды көріп, талдауды, елдегі кезек күттірмейтін, 
халықты  алаңдатып  отырған  әлеуметтік-экономикалық,  рухани  өзекті 
мәселелерді Үкімет алдына қойып, шешілуін талап етуді  игерді.    
Еліміздегі  тәуелсіздік  жылдары  өткен  конституциялық  өзгерістердің 
толқындарының  қай  қайсысы  да,  ең  алдымен,  негізінен,  Парламенттің 
Президентпен,  Үкіметпен  өзара  қарым-қатынасын,  құзыреттерін  және  оның  
депутаттарын сайлаудың ұйымдық-құқықтық  мәселесін қамтыды 
Соңғы  конституциялық  өзгерістердегі  парламент  институтының  рөлін 
көтеруге жасалған қадамдар белгілі бір  мөлшерде парламентаризм институтын 
нығайтуға  бағытталғанымен,  саясаткерлер  мен  маман  ғалымдар  пікірінше,  ол 
болашақта  жеткілуі  тиіс.  Ол  парламентаризм  институты  беделін  нығайтудың 
түбегейлі мәселелерін әбден шешкен деп айтуға келмейді. Ал, өкілді органның 
пәрменді  де,  көпсалалы  қызметінсіз  қазақстандық  жаңаруға  қажетті  құқықтық 
өрісті  қамтамасыз  ету,  мемлекеттік  құрылысты,  кадр  саясатын  жетілдіру, 
әсіресе,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тиімді  күресу,  елді  демократиялық 
басқару әдісін қалыптастырудан әлде болса алыстау. 
Бұл орайда болашақта өте биязы мұқият ескеретін ең басты мәселелердің 
бірі – Парламенттің бақылау функцияларын кеңейту. Парламентаризмнің мәні – 
мемлекеттік  билік  жүйесіндегі  Парламенттің  белгілі  бір  үстемдігі  және 
атқарушы билік қызметіне оның тарапынан нақты бақылаудың болуы. Бұл екі 
талап  тұрғысынан  келгенде  де,  еліміз  Парламентінің  қызметі  шынайы 
толыққанды парламентаризмге  қойылатын  талаптарға  толық  сай  келмейтіндігі 
белгілі. 
Тәуелсіздік  тұстағы  Қазақстанның  Конституциялық  дамуының  келесі 
сатысында  Парламентке  замануи  конституциялық  өрісте  белгілі  бір  бақылау 
функциялары  берілуі  керек  екендігі  айтылып  жүр.  Нақты  бақылауға  құзыреті 
шектеулі  Парламент  –  халық  өкілеттігі  мен  билігін  пәрменді  жүзеге  асыра 
алмайды. 
Осы  ретте  конституциялық  теория  саласындағы  белгілі  неміс  ғалымы 
В.Гессеннің:  «Нағыз  демократиялық  мемлекеттің  парламенттік  болмауы 
мүмкін  емес,  парламентаризм  конституциялық  режимнің  тәжі  болып 
табылады», деген тұжырымын әрдайым ой ұшында ұстаған жөн. Қазақстанның 
да  конституциялық  режим  мен  конституциялық  жетілуі  жолындағы  аса 
маңызды  қажеттілік,  ең  алдымен,  Парламенттің,  әсіресе,  Мәжілістің 
құзыреттерін кеңейту. 
Республика саяси жүйесіндегі келесі бір елеулі өзгеріс – әлжуаз, әлсіз де 
болса,  көппартиялылық  сипаттың  қалыптасуы.  Бұл  үдеріс  елімізде 


қайшылықты,  күрделі  болды.  Саяси  партиялар  да  қалыптасудың,  дамудың 
«сәбилік сырқатын» өз бастарынан кешті. Олай болу табиғи да заңды еді. Біздің 
халқымыздың да, оның саяси бетке ұстарларының да саяси және идеологиялық 
әр  алуандықта  өмір  сүру,  дербес  мемлекетті  басқару  тәжірибесі  жоқтың, 
барлығы  дерлік  кешегі  СОКП-ның  саяси  мектебінен  шыққан  жандар  еді. 
Оларға  тәуелсіз,  көпұлтты,  халқының  саяси  және  әлеуметтік  жіктелуі 
аяқталмаған  мемлекеттің  жаңа  саяси  жүйесінде  жаңа  бағдарламаларға 
негізделген саяси партиялық құрылысты қалыптастыру оңайға түспеген еді. 
Қазақстанның  көппартиялық  жүйесінің  қалыптасуына  1996  және  2002 
жылдары  Парламент  қабылдаған  «Саяси  партиялар  туралы»  Заң  қажетті 
құқықтық-ұйымдық өрісті қалыптастырды. Өркениетті демократиялық елдерде 
партиялар саяси инфрақұрылымының әлеуетті, саяси дербес, белсенді құрамдас 
бөлігі  болып  табылады.  Азаматтық  қоғам  мен  мемлекеттің  арасындағы  саяси 
делдалдық,  дәнекерлік  қызмет  атқара  келе,  олар  қоғамдық  пікірдің 
қалыптасуына,  азаматтардың  ұстанымдарына  (позицияларына)  шешуші  әсер 
етеді.    Кемел,  толыққанды  партиялық  жүйесі  бар  мемлекеттер  тәжірибесінде, 
тәуелсіз  Қазақстанда  да  саяси  партиялар  мынадай  аса  маңызды  міндеттерді 
толыққанды іске асыруға тұрақты ұмтылып келеді. 
Олардың қатарында:     
а)  халықтың  қоғамдық  саяси  белсенділігінің  кездейсоқ  (стихиялық) 
түрлерін  бақылау  мен  ықпалдастыруға  болатын  іс  тәжірибенің  нысандармен 
алмастырып, азаматтарды саяси өмірге қатысу белсенділігін ынталандыру; 
ә)  халықтың  әлеуметтік  жіктері  мен  топтарының  шынайы  мүдделерін 
анықтап, оларды сұрыптап, жинақтап, шоғырландыру және өзінің көп бағытты 
қызметі арқылы соларды қорғап, жүзеге асыруға ұмтылу;  
б) елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани ахуалды, олардың даму 
үрдістері  мен  бағыттарын  үнемі  жіті  талдап,  өзгеру  оңды  болашақтарына 
(перспективаларына),  өзгерістері мен мүмкіндіктеріне болжамдар жасау; 
в)  азаматтардың  саяси  мәдениетін  жетілдіру  және  олардың  саяси 
кемелденуі  мен  азаматтық  ұстанымын  (позициясын)  қалыптастырып 
орнықтыру жөнінде тұрақты да мақсатты жұмыс жүргізу; 
г)  билік  органдарына  сайлау  кезінде  кандидаттар  ұсыну  және  оларды 
қолдау,  өкілетті  және  атқарушы  билік  органдары  мен  жергілікті  өзін-өзі 
басқару құрылымдарының қызметіне қатысу және т.б.. 
Қазақстандағы 
демократиялық 
үдерістерді 
тереңдетуге, 
саяси 
партиялардың  қызметін  жандандырып,  олардың  мемлекеттік  билік  қызметіне 
қатысуына  кең  құқықтық  өріс  ашуда.  Қазақстан  Парламенті  1998  жылғы  7 
қазанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер 
мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Заңының  орны  ерекше  болды.  Заң  -  ең 
алдымен,  Парламент  Мәжілісіне  10  депутаттың  партиялық  тізімдер  негізінде 
сайланатынын анықтап, Парламентке барлық саяси партиялардың өз өкілдерін 
жіберуіне  және  сайлаушылардың  өздерінің  саяси  еркін,  толығырақ  және 
баламалы  таңдау  негізінде  жүзеге  асыруына  мүмкіндік  берді.  Осы 
демократиялық  қадам  барлық  саяси  партиялар  өміріне  үлкен  қозғалыс  әкелді. 
Парламентке  1999  жылғы  сайлау  кезінде  елдің  саяси  жүйесі  серпінді 


қозғалысқа  келіп,  саяси  партиялар  өмірі  жанданып,  олар  өз  қызметіне 
электораттың  назарын  аудару,  олар  арасындағы  жұмыстың  әр  түрлі 
нысандарын  пайдалану,  БАҚ-пен  жұмыс,  әртүрлі  әлеуметтік  топтардың 
мүдделерін  қамтып,  өзінің  әлеуметтік  базасын,  қатарын  кеңейту  жөнінде 
ілкімді де икемді шараларды жүзеге асырды.   
Бұл ретте, әсіресе, Коммунистік  партияның сайлау кезіндегі  жұмыстары 
қайсыбір  жергілікті  ресми  билік  арнайы  жасаған  тосқауылдарға  қарамастан, 
еліміздің  электораты  санасынан  өз  орнын  тапқанын  атап  өту  әділеттілікке 
жатады.  1999  жылғы  сайлау  қорытындысында  депутаттар  құрамына  саяси 
элитаның  жаңа  толқыны  келді.  Парламенттің  жаңа  саяси-партиялық 
құрамының  ықпалымен  оның  бүкіл  қызметінде  көп  мүдделі,  алуан  үнді,  сан 
пікірлі қазақстандық электораттың жаңаша позициясы өзін көрсетті. Қазақстан 
Парламенті  еліміздегі  әлі  де  әлсіз  саяси  әр  алуандылықтың,  әлжуаз 
оппозицияның  ұстанымдары  мен  пікірін  де  қамтып,  жария  демократиялық 
трибуна ретінде қалыптаса бастап еді. Өкінішке орай, бұл процестер Парламент 
Мәжілісіне  2004  жылғы  күздегі  сайлаудың  барысында  баяусып,  сол  келеңсіз 
саяси  ахуал  2007  жылғы  сайлауда  да  жалғасты.  Ресми  солшыл  оппозиция  да 
(коммунистер)  және  ұстамды  оңшыл  оппозиция  да  («Ақ  жол»  партиясының 
өкілдері) Парламентте бірде-бір орынға ие бола алмаған.  
Бүтіндей  алғанда,  «партия»  деп  аталатын  көпфункционалды  әлеуметтік-
саяси  феномен  талаптарына  толық  сай  келетін  партиялардың  қалыптасуына 
қажетті сындарлы және берік   конституциялық, заңнамалық негізінің болуына 
қарамастан,  елімізде  қайшылықты,  созылмалы  сипат  алды.  Оның  әртүрлі 
объективті және субъективті себептері болды: 
–  партиялардың,  олардың  лидерлерінің  негізінен  бірпартиялық,  бір 
идеологиялық жүйеде тәрбиеленуі,  шыңдалуы жаңа әлеуметтік-экономикалық, 
саяси-идеологиялық кеңістік пен шындықта қызмет етуде біршама қиындықтар 
туғызғаны  байқалды,  кейде    тіпті  дәрменсіздіктері  де  басты  мақсатқа  қайшы 
келген; 
–  жеке  лидерлердің  саяси  өркендеуінен  (амбиция)  туған  саяси 
бағдарламасы жағынан  қайсыбір ұсақ партиялардың да пайда болуы, олардың 
көпшілігінің  жастардың,  қоғам  зиялыларының  арасында  беделінің  әлжуаз 
екендігі байқалды; 
–  халықтың  саяси  мәдениетіндегі  олқылықтар,  партиялардың  саяси-
ағартушылық, 
халықты 
саяси 
әлеуметтендіру, 
әртүрлі 
мүдделерді 
артикуляциялау,  агрегациялау  сияқты  партиялардың  өздеріне  тән  ең  маңызды 
функцияларды толық игере алмауы немесе олардың маңызын жете бағаламауы, 
бұқарамен  жұмыстың  бүгінгі  заманғы  әдістері  мен  техникасының 
жеткіліксіздігі анықталды. 
Замануи  партиялық  өрісте  әртүрлі  саяси-идеологиялық,  ақпараттық-
технологиялық мүмкіндіктерді  еркін де тиімді пайдаланып, өзінің саяси лидері 
Президент  Н.Назарбаевтың  мол  беделі  мен  басқару  тәжірибесіне  сүйеніп 
отырған  «Нұр  Отан»  Халықтық-Демократиялық  партиясы  саяси  кеңістікте 
тәуелсіздік  жылдары  ұйымдастырушылық  және  саяси-көпшілік  шаралардың 
жетекшісі  болуға  ұмтылыс  танытқан.  Әрине,  бұл  жерде  партияның  әкімшілік 


қорларды  пайдаланып  отырғандығын  ешкім  теріске  шығара  алмайды.  Сол 
жылдары  партиялар  арасында  «Әділет»,  «Ақ  жол»  сияқты  ұйымдардың 
бастамалары  мен  саяси  мәлімдемелерінің  өзі  елімізде  стагнациялық  жағдайда 
тұрған  партиялық  құрылысқа  сәл  болса  да,  қан  жүгіртіп,  іс  қимылға  сілтеді. 
Мысалы өз жанына қоғам зиялыларының бір топ шоғырын біріктірген «Әділет» 
еліміздің  саяси  жүйесін  жетілдіру  туралы    мынадай  нақты  ұсыныстар  жария 
еткен: 
а)  елімізде  билік  институттары  арасындағы  тежемелік  және  тепе-теңдік 
жүйесін  жетілдіріп,  Парламенттің  функцияларын  кеңейту,  Парламент 
депутаттарын  сайлаудың  тәртібіне  ішінара  өзгерістер  еңгізіп,  Ассамблея 
ұсынған  депутаттыққа  кандидаттарды  Президенттің  Сенат  депутаты  етіп 
тағайындауы; 
б)  сайлау  заңнамасын  одан  әрі  жетілдіріп,  оның  партияларға  кедергілер 
болмауына  жетісіп,  Парламенттің  өкілдік  функциясының  толығуы  процесін 
жандандыру; 
в)  барлық  партияларға  аймақтық  және  республикалық  БАҚ-қа  еркін 
шығуына  мүмкіндік  беріп,  елде  әр  алуанды  ақпараттық  кеңістік 
қалыптастырып,  қоғамдық  телеарна  құру.  Партияның  саяси-көпшілік  және 
ұйымдастырушылық  қызметінің  тізгінін  қолына  алған  бір  топ  тұлғалардың 
Қазақстанның партиялық жүйесінің болымсыз  тетікшесі (придаток) ғана деген 
тұжырымы – осы саладағы ахуалға әділетті баға.            
«Ақ  жол»  демократиялық  партиясының    Орталық  Кеңесінің  кеңейтілген 
Төралқа отырысы 2009 жылдың 21 ақпанында «Қазақстан Республикасын саяси 
модернизациялаудың бағдарламасын» мақұлдап, жария еткені белгілі.  Партия 
елдің  саяси  жүйесіндегі  ахуалға  сыни  тұрғыдан  өткір  баға  бере  келіп, 
модернизация  аясында  Қазақстандағы  билік  тармақтарының  арасындағы 
тежемелік және тепе-теңдік қағидатын жетілдіру мақсатында мынадай нақты да 
түбегейлі ұсыныстар жасады: 
біріншісі,  Қазақстан    бір  палаталы  Парламент  –  Мәжіліске  ауысып,  ол 
елдің ең жоғарғы өкілетті және бірден-бір заң шығарушы органы болуы керек 
те,  Мәжіліс  депутаттары  санын  150  адамға  дейін  көбейтіп,  оның  жартысы 
пропорционалдық  жүйемен,  қалған  бөлігі  сайлаушылар  саны  бірдей  бір 
мандатты округтардан сайлануы тиіс; 
екіншісі,  Мәжіліске заңдарды түсіндіру құқының берілуі; 
үшіншісі,  Президент  Премьер-Министрді  депутаттық  фракциялар 
ұсынған кандидаттардан іріктеп  ұсынғаннан кейін ғана Мәжіліс бекітеді және  
Мәжіліс Үкіметтің құрылымын бекітуге өкілетті болады; 
төртіншісі,  Сенат  кадрларын  тағайындау  жөніндегі  барлық  өкілеттіктер  
Мәжіліске  ауысады,  ол  нақты  бақылау  өкілеттіктеріне  ие  болады  және  тағы 
басқалары. 
Осындай даму, өсуі қиыншылық, әрі тартымды  саласы. Саяси партиялар 
мен қозғалыстардың елдегі сан алуан әлеуметтік топтардың, әсіресе, жастардың 
әлеуметтік және саяси мүдделері мен бағдарларын, қызығушылықтарын нақты 
білудің және солардың негізінде өз қызметінде серпіліс жасаудың биік талабы 
тұр. Олар әр саяси мүмкіндікті, әр саяси науқанды ұтымды  пайдалануы керек-


ақ  болды.  Бұл  істі  атқару  барысында  жиі  қателіктер  жіберілді.  Соның  бір 
көрінісі    –  2011  жылдың  3-ші  сәуірінде  өткен  Президент  сайлауына  бірнеше, 
кейде  оппозициялық  деп  аталатын  партиялардың  қатыспауы,  бойкот 
жариялауы.  Бұл  партиялардың  билік  үшін,  электорат  үшін,  оған  ықпал  етіп, 
оны өзінің саясатының арнасында ұстап, соған тартуы, өз саяси бағдарламасын 
түсіндіріп, биліктің қызметіне ашық баға беруі үшін осындай сәтті, кең, жария 
мүмкіндікті пайдаланбауы – стратегиялық тұрғыдан кең ауқымды  қателік  деп 
бағаланды.   
Қазақстанның 
егеменді 
мемлекет 
аясындағы 
саяси 
жүйесінің 
өзгерістерінің  бірі  –  оның  құрамдас  бөлімі  ретіндегі  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының (БАҚ) жаңа, өскелең рөлі. Еліміздің саяси жүйесіндегі БАҚ-тың 
институттану  үдерісі  тегеурінді  жүріп  қажетті  қарқын  алған  еді.  Ол  аса 
маңызды  көпсалалы,  көпқырлы  әлеуметтік-саяси,  ақпараттық,  қоғамды 
топтастыру  және  әлеуметтендіру,  танымдық  және  білім  берушіліқ,  қоғамдық 
пікірді  қалыптастыру  функцияларын  атқаратын,  демократиялық,  азаматтық, 
саяси және идеологиялық әр алуандықты білдіретін институт ретінде түзілді. 
Сонымен, Қазақстанның тәуелсіз тарихында БАҚ – саяси жүйеде ақпарат 
көзі  ғана  емес,  ол  көп  функционалды,  саяси  реттеудің,  саяси  тұрақтылықты 
бекітудің,  әлеуметтік  инновацияның  тегеурінді  де  қуатты  тетігіне  айналды. 
Қазақстанның демократиялық саяси жүйесін бүгінде БАҚ қызметінсіз елестету 
мүмкін  емес.  Мына  бір  деректер  елімізде  бұл  саладағы  өзгерістерді  толық 
сипаттай алады. Егер, 1990 жылы елімізде 10 республикалық мемлекеттік газет  
пен  журнал  басылып,  эфирге  251  теле  және  радио  канал  шыққан  болса,  2017 
жылы  республикада  –  7281  БАҚ  жұмыс  істеді,  олардың  1170-і  газет,  460-ы 
журнал, 158-і теле-радио компаниялар, 15-і ақпараттық агенттіктер. 
Қазақстандағы  қазіргі  кезеңдегі  саяси үрдістерде  қоғамдық  өмірдің  БАҚ 
араласпайтын  саласы  жоқ.  Әр  қырынан,  әр  саладан,  әр  деңгейден  көрінеді: 
саяси  және  әлеуметтік,  экономикалық-нарықтық,  этносаралық,  дінаралық 
қатынастар,  білім,  денсаулық,  тіл  саясаты,  төтенше  оқиғалар,  үлесшілер 
мүддесі,  жарнама,  сыртқы  қатынастар  –  осылардың  ешқайсысы  да  
қазақстандық  БАҚ  назарынан  қалған  емес.  Қазақстандық  БАҚ-да  әлемдегі 
демократиялық  елдердегі  осындай  институттардың  әр  түрлі,  көпсалалы 
функцияларының барлығын дерлік атқаруда. 
БАҚ  бойындағы  демократиялық  әлеуеттің  екінші  бір  құрамдасы  – 
кәсіпкерлік 
(бизнес) 
немесе 
билік 
құрылымдарының, 
әлеуметтік 
институттардың іс-әрекеттеріндегі  заңдардан,  қоғамдық  моральдан  ауытқудың  
қандай  да  болсын  көріністерінің  бүкіл  халықтың  хабардар  болып,  бұндай 
жатымсыз  құбылыстар  төңірегінде  ымырасыз,  сыни  қоғамдық  пікір 
қалыптастыру  амалдары  орнаған.  Конституцияның  20-шы  бабына  сәйкес  
цензураға  тыйым  салынғанда,  кім  және  не  туралы  болса  да    бәрін  айтуға 
болатындай ахуал қалыптасып жария саясат кең түрде жария бола бастады. 
Қазақстанның  тәуелсіздік  жылдары  қалыптасқан  жаңа  саяси  жүйесі 
эволюциялық  процестер,  экономикалық  реформалар  мен  дағдарыстар, 
қоғамдық-саяси санадағы күрт өзгерістер, жылдар бойы қалыптасқан идеалдар 
мен  саяси  құндылықтардың,  бағдарлар  мен  сенімдердің  күрт  өзгеруі 


жағдайында  өтті.  Оның  даму  болашағы  кең  демократиялық  өрісте  болуы 
адамзат  эволюциясының,  әлемдік  өркениет  тәжірибесінің  үйлесімді  қыры 
болып танылады. 
Саяси жүйе қызметін жетілдірудегі сол саяси кезеңдегі ең басты проблема 
–  оның  құрамындағы  орталық  және  жергілікті  өкілді  органдардың  ролін 
нығайтып,  билік  тармақтары  арасындағы  шынайы,  тежемелік,  әрі  тепе-теңдік 
механизмді  жетілдіру  болған.  Бұл  ретте  Қазақстандағы  саяси  транзиттің  және 
саяси  жүйенің  дамуының  ұзақ  мерзімді  болашақтарына  (перспективаларына) 
биліктің  үш  тармағы  арасындағы  өзара  қатынастардың  өкілді  биліктің 
күшеюіне  баса  назар  аударылған  еді.  Яғни,  Парламент  орта  мерзімдік 
перспективада үлкен  өкілетті және функционалдық толық салмаққа ие болады 
деген болжамы дұрыс және қоғамымыз дамуының терең мүдделеріне сай келеді 
деп есептелінген.  
Елбасы  2011  жылғы  президенттік  сайлау  алдындағы  бағдарламада  және 
ұлықтау  рәсіміндегі  сөзінде  еліміздің  саяси  жүйесін  демократияландыру, 
Парламенттің  өкілдіктерін  кеңейту  және  оның  құрамына  бірнеше  партиялар 
өкілдерінің 
сайлануы 
мәселесін  көтерді.  Парламенттің 
мемлекеттік 
бағдарламалардың  (мысалы:  индустриялы-инновациялық,  білім,  денсаулық 
және т.б.) орындалуына бақылау жасау қажеттігін арнайы атады. Ол Президент 
пайымдауынша  келешекте  Парламент  өкілдіктерін  кеңейту  жөнінен 
заңнамалық  өзгерістерге  батыл  баруды  қажет  еткен.  Демек,  бұл  шаралар 
келешекте  халық  билігін  демократияның  мәні,  мақсаты  ретінде  нығайтудың 
сара, өрісті жолы болады деген сөз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет