Кәсіпкерлік
(бизнес)
байланысын
нығайту,
қазақ
шетжұрты
республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету,
кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара
қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.
Әлемдегі объективті себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан
аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді
даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге
мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан
Орталық Азиядағы жағрафиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып
табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет
аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің
мол екендігін ескеру аса маңызды. Казіргі заманғы Қазақстанның сыртқы
саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия
аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-
қатынас құру мәселелерін таңдаған. Бұл тұрғыда 2006 - 2007 жылдары аталмыш
мемлекеттермен және аймақтармен байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe
қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының
Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек
және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының
қорытындылары да осыны дәлелдейді. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің
алып мемлекеттері мен ТМД тең мүшелepi арасындағы стратегиялық
серіктестігі жаңа деңгейге көтерді деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: