Адам объектіге мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және
жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы неәрселердің
тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға
болады. Жанама қызығу – бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай
қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға,
еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы
болып келсе, адамның іс оңға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге
ықыласы кетіп отырады.
Адамдардың қызығу саласыедағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл
өзгешеліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен
мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мәселен, бір адамның
саяси-қоғамдық мәселерге қызығатын болса, екінші біреулері эстетикаға
қызығады. Ал үшінші біреулер ғылыми-теориялық мәселелерге ерекше назар
аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей
тоғысып жатады.
Қызығу баларда алғашқа кезде онша ажыратылмайды. Дегенмен бөбектерде
де қызығу элементтерінің барын байқауға болады. Қызығудың жақсы көрінетін
жері – мектеп. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым тану қызығулары
көріне бастайды.Мектеп өмірі балаларда көптеген қызығулардың түрлерін
туғызады. Біртіндеп оқу қызығыларымен қатар спорттық, оқырмандық
қызығулар қалыптасады. Қызығу көбіне баланың бір нәрсеге бейімділігіне
қарай көрінеді. Мәселен, шахматқа қызығу баланың осы ойынмен айналысуға
бейімділігінен туады. Бірақ, қызығулардың беімдіктен бөлек те пайда болатын
кездері кездеседі. Мәселен, футболға қызығатындардың футбол ойынына жөнді
беімділігі болмаса да қызығуы өте күшті келеді. Бірақ мұндай қызығуды
белсенді, пәрменді қызығу деп айтуға болмайды. Қызығу пәрменді, белсенді
болу үшін, бала тікелей әрәкетпен айналысуы қажет. Мұғалім балардың
қызығуын тәрбиелеуде оларға әлі де онша мәлім емес кейбір жанама
қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойлауы керек. Сонда ғана
бала рухани өмірге бай, босқа зерігуді білмейтін, еңбекті сүйетін, жан-жақты,
қабілетті адам болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: