сөзге сараң Балленштейн соғысты қандай жақсы жүргізе білетін болса,әзілқой, сөзшеңСуворов та соғыстаодан аспаса, кем түспейтін» 1
.
Әр адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуінде сырттай із
қалдырғанмен, ақыл- ойының дамуына ешқандай елеулі әсер ете алмайды
деген қағиданың бірден-бір дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі
оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Нерв жүйесі әлсіз, жуас
балалардың мектептерде оқу озаты болып жүргендері аз емес. Осы
айтылғандардан темпераменттердің қандай болмасын тәрбиенің ықпалымен
қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік жігері күшті,
мінезді, коллективтің бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы
байқалады.