Арена - мен өзiм жайлы бiлетiнiм және мен туралы қоршаған ортадағы
адамдардың бiлуi.
Соқыр дақ - мен жайлы басқа адамдардың бiлуi, бiрақ мен өзiм бiлмеуiм.
Жасырын аймақ - мен өзiм жайлы бiлуiм, бiрақ өзге адамдар мұны
байқамайды.
Белгiсiз - мен өзiм жайлы және өзге адамдарда мен туралы бiлмеуi.
Сонымен, өзiн-өзi тану пәнiнiң қорытындысы Арена терезесiн
жоғары деңгейге көтеру, кеңейту, ал соқыр дақ аймағын тарылту, жасырын
аймағын нақтылау, яғни ненi өзге адамдардан жасыру, ненi ашық көрсету мен
мақсатқа жету үшiн ненi қолданған пайдалы және оны жетiлдiру. Осындай
модельдi қолданса тұлға өзiндік бақылау жасай отыра, өзге адамдардың тұлға
жайлы не ойлайтынын бiле алады [6, б. 64-73 Маралов В.Г. Основы
самопознания и саморазвития].
Өзiндiк сана – «Мен» образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс-