«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет57/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Шымши ұстап сипау.  Қолдың бірінші және екінші саусақтарымен немесе үш саусақпен теріні 

қысып ұстап жылжытады. Мұндай түрін алақанның қырын, табанды, сіңірді, қайсы бір шағым бұлшық 

еттерді сипағанда қолданады. 

Сипаудың  осы  айтылған  түрлерінің  бәрін  бірдей  қолдану  міндет  емес.  Аурудың  жағдайына, 

жасына  қарай  сол  көп  сипаудың  1-2  түрін  ғана  қолдануға  болады.  Ол  қан  мен  лимфаның  ағысын 

шапшаңдатып  ісіктерді  қайтарады,  ауруды  бәсеңдетеді,  нерв  жүйесін  тыныштандырады.  Теріні 

тазалап қызметін жақсартады. Ондағы бездердің жұмысы артып, тері және май бездерінің түтікшелері 

ашылады. Сөйтіп денеден организмге қажетсіз заттардың шығуына жол ашады.  

Сипағанда негізінде адамнығ терісіне көп әсер етеді. Ол жұмсарып, жылтырап, созылғыштығы 

артады. 


Алдымен  жеңіл  –  желпі  бастайды,  одан  соң  біртіндеп  оның  әрбір  түрін  қолданады.  салмағын 

арттырып  тереңірек  батырады.  оны  асықпай, баппен,  біркелкі,  байыпты  ырғақпен  орындайды.  Бірақ 

ситпаудың өзіне тән орындау техникасы бар. Соны әрбір массаж жасаушы жете білгені дұрыс.  

Ауқымды жер сипағанда (арқа, бел, кеуде т.б.)  маман ауруға перпендикуляр тұрып, қолдарын 

көлденең  салады.  егер  екі  қолымен  бірдей  сипау  керек  болса, онда  қолдарын  арқа,  бұлшық  еттеріне 

ұзынынан  (параллельно)  салады.  сипау  басталғанда  саусақтары  жеңілдеу  ұстап  ауырған  жерге 

келгенде оның салмағын арттырады, содан соң лимфа түйіндерге жақындағанда, яғни сипауды аяғына 

жеткенде  саусақтарды  қайта  жеңілдетеді.  Аяқ  –  қолдың  бүгілетін  буындарының  сырт  жағын 

батырыңқырап  сипайды,  ал  іш  жағын  шама  келсе  тиспеген  дұрыс,  өйткені  лимфа  түйіндері 

орналасады (тақым, шынтақтың іш жағы, шаб т.б.). 

 Үстіртін  жеңіл  сипауда  адам  рахаттанып  жеңіл  жай  тауып  тынышталады,  ал        терең  салмақ 

сала және аса бір жылдамдықпен жасаса онда адам ширап, көңіл – күйі көтеріліп, сергіп қалады.  

Сипау тәсілін орындағанда төменгі жайттарды ескерген жөн.  

-  аурудың денесін қатты сипауға болмайды; 

-  сипаған  кезде  саусақтарды  тарбитып  жіберген  дұрыс  емес,  ол  денеге  әр  түрлі  қысым 

түсіреді де, адам массажды қабылдамай тітіркенеді; 

-  алақан тұсымен денеге қабыспай жылжыса, массаждың құны төмендейді; 

-  жылдамдық қарқынын арттырмаған жөн; 

-  қолдың салқын болмағаны дұрыс; 

-  қолдың терлеп ылғал болғаны жағымсыз әсер береді; 

-  массаж жасаушының ауыз жаппай сөйлеп отырғаны емге кедергі жасайды; 

-  сондай-ақ массаж жасаушының биязы болғаны жөн, ол қанша сипағанмен дүңкілдеп келген 

ауруға риза болмай отырса, онда массаждың құны 1 тиын; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет