«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет89/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

 

Ас қорыту аурулары. 

Асқазан қабынған кезде массаж асқазан сөліндегі қышқылдың құрамына ьайланысты жасалады. 

Мәселен,  гипоцидті  не  аноцидті,  гастрит  болса  басқа  массаждың  түрлерінен  электровибромассаж 

әлдеқайда  нәтижелі.  Оны  асқазан  тұсына  қойып,  сағат  тілінің  қозғалысымен  ақырын  жылжытады. 

Мұндай  массажды  кейде  қолдың  саусақтарымен  немесе  жұдырықпен  дірілдете  жасауға  болады.  

Әлбетте  алғашында  асқазан  тұсын,  тіпті  барлық  ішті  алақанмен  бірнеше  сипап  шығады.  Алдымен 

сипайды , одан соң ысқылау , жұмсарту және орнынан жылжыту, үстіртін шапқылау гастриттің осы 



түрінде кең қолданады. Оңнан солға қарай итеру , сүргілеу, жұмырлау, үстіртін шапқылау гастриттің 

осы түрінде кең қолданылады. Сол сияқты сегменттің Т

5-9 

деңгейіне массаж жасайды.  



Егер  асқазанда  қышқыл  мөлшерден  кқп  болса  ,  массаждың  жеңіл  түрлері,  адамның  көңіл  – 

күйін жайландыратын иректей, сиыршықтай сипау, саусақ ұштарымен ысқылау, жеңіл ғана жұмсарту, 

қағу сияқты тәсілдерін қолданады. Берілген массаждың ұзақтығы 10-15 минут, кейін 20 минутқа дейін 

ұзартылады. Ал қабылдайтын мөлшері 15-20 процедура .  

Көп адамдар арасында әйелдер асқазан төмен түсіп кетуі байқалады. Өйткені белгілері асқазан 

қабынуына  ұқсас  .Осы  кезде  алдымен  сипат  алып одан  соң  күдірмелі  немесе  үздік  –  үздік  дірілдету 

тәсілін  жылдам  екпінмен  орындайды.  Сондай  –ақ  іш  бұлшық  еттерін  қатайту  үшін  домалату, 

жылжыту, қысу, басу, тәсілдерінде  қолданады. Т

4-2 

аймағына сегментті массаж жасайды.  



Егер асқазан кеңейіп , қабырғасы созылып кетсе дірілдету тәсілін омыртқа жотасында Т

8-10 


арқа 

омыртқалар  аралығында  аппаратпен  жасайды.  Бұл  кезде  ас  қорытылуы  оның  асқазаннан  ішікке 

жылжуы  артады.  Асқазан  ауруларында  берілетін  массаж  тәсілдері  оның  бұлшық  етін  шыңдауға 

секторлық  және  қозғағыштық  немес  жиырылғыштық  қасиетін  қалпына  келтіруге  ,  басқа  ауруға 

асқынып ұлғаймауға бағышталған; емдеу курсы 10-15 күн, массаждың ұзақтығы 10-15 минут.  

Тоқ ішек қабынған кезде оның тек өз қызметі, бұзылып қоймай, құрсақ еттерінің  бәрі сіресіп 

тартылып  қалады.  Сондықтан  массаждың  негізгі  мақсаты  осы  бұлшық  еттерді  бостау.  Ол  үшін 

кіндіктің айналасын жылы алақанмен бірнеше рет үстіртін сипалайды.  

Осылай 2-3 минут сипаудың бірнеше рет түрін қолданған соң бұлшық еттер босаңсиды. Содан 

кейін ешбір қозғалыссыз жатқан шеттерге әсер ету керек, ол үшін қолдың саусақтарын батырыңқырап 

тоқ ішектің бойымен басып шығады, білезік буынынмен, үздік –үздік дірілдетіп , алақанның қырымен 

шапалақтайды, ысқылайды, қағады, шапқылайды. 

Қарынның екі жағынан алақанмен қапсыра ұстап шайқайды, көлденең және ұзынына дірілдету 

тәсілін жұдырықпен аппаратпен орындайды. Сол сияқты ауру адамды шалқасынан жатқызып, 1 аяғын 

созып ұстап тұрып, жоғары -төмен     дірілдете қозғалтып сілікілеу тоқ ішіектің жұмысын жақсартады. 

Массаждың  мөлшері  12-15  минут,  ұзақтығы  10-12  күнге  созылады.  Массажды  ауру  адамның 

жағдайына қарай ұдайы күнделікті немесе күнара жасауға болады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет