қалыптастырудағы рөлін айқындау. Әдебиет теориясы алдымен әдіснамалық
ғылым. Ол көркемдік ойлаудың тарихи тұрғыда қалыптасқан түрлерін
(романтикалық, реалистік), олардың ішінде орныққан әр түрлі көркемдік әдіс-
бағыттарды, тәсілдерді зерттейді. Осы өзіне байланысты негізгі мәселелерді
зерттеуде әдебиет теориясы эстетикамен үндеседі. Мұнымен қоса, әдебиет
теориясының өзіне тән ерекше міндеті де бар. Ол сөз өнерін, оның тегі мен
түрлерін, мазмұн мен пішіннің бірлігін, сюжет пен композицияны да
зерттейді. Әдебиет теориясы әр түрлі бағыттағы қаламгерлердің ортақ
ұстанымдарын, әдеби шығармалардың жанрларын, тарихи даму кезеңдерін,
белгілі бір эстетикалық жүйеде қарастырады.
Әдебиет теориясы өз алдына дербес ғылым ретінде XYIII ғасырда дамыды.
Оған дейін тек әр түрлі ғалымдар мен жазушылардың ежелгі (антикалық)
дәуірден басталған, мәселен, Платонның, Аристотельдің, Горацийдің
еңбектерінде жекелеген мәселелер қозғалып отырды. Әдеби туындылар
көркем форманың басқа бөліктері арқылы бағаланды. Сол кезеңдегі
поэтикалық жетекшілікте көрінген эстетикалық талаптың нормативтік сипаты
болды. Оның теоретиктері сендіру мен талғам эстетикалық теорияның соңғы
сөзі болды.
Әдебиет тарихы дамуының бастапқы кезеңдерінде эстетикалық нормалар
белгілі жағымды рөл атқарды. Ал, әдебиет идеологиялық мәнге ие бола
бастағаннан, оның дамуы негізінде өзінің мәнін жоғалтады. Осы бағыттағы
үлкен қозғалыс Ағарту дәуірінде (Дидро, Гердер, Гете және т.б. еңбектерінде)
өтті. Сөз өнерінің әлеуметтік және идеологиялық жағынан танылуы, XIX
ғасырда тарихилық идеясымен баий түсті. Эстетикалық құбылыс енді күрделі
тарихи контексте, яғни белгілі бір қоғамдық оқиғалар аясында, қоғаммен
қарым-қатынаста айқындалды. Бұл ретте, Гегельдің, орыс төңкерісшіл
демократтары Белинский, Чернышевский, Герцен, Добролюбовтардың еңбегі
зор болды.
Эстетика әдебиет жайындағы ғылым сияқты, ежелден материалистер мен
идеалистер арасындағы күрестің ортасында болды. Материалистік
ұстанымдағы теоретиктер көркем шығармашылықты табиғатқа еліктеу,
белгілі бір эстетикалық идеалдағы өмірдің бейнесі деп қарады. Идеалистік
бағыттағы эстеттер тек өнерді ғана жоғары санады. Олар Платон, Шеллинг,
Гегель болды. Субъективтік авторлық көзқарастарды да ұстанғандар болды,
олар Фихте, Бергсон, Кроче т.б. болды. Эстетикалық теориядағы материализм
мен идеализмнің күресі көнеден бастау алады. Оның айқын формасы көне
Грецияда байқалды. Мұнда өнерде материалистік көзқарасты ұстанғандар
Гераклит, Демокрит, Аристотель болса, идеалистік көзқарасты ұстанған
Платон болды.
Антикалық дәуірдегі философ материалистер көркем шығармашылықта
табиғатқа еліктеуді көреді, әрі тек сырттай көшіру емес, белсенді түрде қайта
жасау түрінде көреді. Мәселен, Гераклиттің ойыша, суретші “түпнұсқаға
сәйкес” бейне жасайды, бірақ оның барлық ерекшеліктерін қайталамайды.
Осылайша, антикалық қоғамдағы эстетикада көркемдік жинақтау пайда
болды. Мәселен, Эсхил идеалдық поэзия принциптерін жақтады, ол, дене, рух
жағынан мықты кейіпкерлерді бейнелейтін идеал қаһармандарды көрсетті.
Эсхил: “біз асқақ, ұлы сөзерден аулақтай алмаймыз. Олар салтанатты сөйлеп,
киіну керек”, дейді. Ол Еврипидті қаһармандық өнер дәстүрінен аулақтап
кеткені үшін кінәлайды. Ол “азаматтық парызынан қашқан” алдампаз,
екіжүзді адамдарды” өзінің пьесаларына кіргізді,”дейді.
Антикалық ойшылдардың бәрі бірдей әдебиеттің жоғары қоғамдық рөлін
мойындаған жоқ. Сократтың шәкірті философ-идеалист Платон, нақты өмір
шынайы идеяның көмескі елесі деп қабылдап, көркемдік қызметтің көптеген
түрлеріне дұрыс қарамады. Платон өнерді табиғатқа еліктеу дей отырып, оған
өте қатаң баға береді. Оның ойына, суреткер идеалға емес, тек оның сезім
түріндегі көшірмесіне еліктейді, ендеше, көркем шығармашылық адамдарды
адастыратын керексіз еңбек. Ол “Мемлекет” деген еңбегінде: “... Гомерден
бастап, барлық ақындар қайырымдылық жасаушыларға жай еліктеушілер бола
отырып, оларға өлеңдер шығарады, бірақ, нағыз шындыққа бойламайды”,
дейді. Өнер өзінің еліктеушілік болмысынан, өмірдің негізгі рухани жағына
ене алмайды деп, Платон “өзінің үлгілі мемлекетіне” өнерді, поэзияны
кіргізбейді.
Платонның шәкірті Аристотель грек жазушыларының көркемдік
тәжірибесін және өзінің алдындағы өкілдердің эстетикалық теориясын
кеңейте отырып, өзінің өнерге деген көзқарасын жүйелеуге тырысты. Оның
“Поэтика” деген еңбегі антикалық дәуірдегі эстетикалық білімнің жиынтығы
болды. Аристотель поэзияны еліктеу қызметі деп танығанымен, Платоннан
айырмасы ол ақын идеяны сүреңсіз көшіріп алмайды, ол айқын құбылысты
бейнелейді деп санады. Аристотель еліктеуді шығармашылық акт деп
қабылдады да, ол табиғатты натуралды көшіру емес, керісінше өмірде
кездесетіннен бөлек дүниені жасайтынын айтады. Ол еңбегінде кездейсоқ
нәрсеге емес, шынайыға еліктеу керектігін айтады. Аристотель
шығармашылық процесте болғанды ғана емес, болуға тиісті, ықтимал
мәселелерді бейнелеуді жоғары бағалады. Ол көркем және ғылыми танымның
арасын айқындады.
Тұжырымдама
1. Әдебиет теориясы алдымен әдіснамалық ғылым. Ол көркемдік
ойлаудың тарихи тұрғыда қалыптасқан түрлерін (романтикалық, реалистік),
олардың ішінде орныққан әр түрлі көркемдік әдіс-бағыттарды, тәсілдерді
зерттейді.
2. Әдебиет теориясы өз алдына дербес ғылым ретінде XYIII ғасырда дамыды.
Оған дейін тек әр түрлі ғалымдар мен жазушылардың ежелгі (антикалық)
дәуірден басталған, мәселен, Платонның, Аристотельдің, Горацийдің
еңбектерінде жекелеген мәселелер қозғалып отырды. Әдеби туындылар
көркем форманың басқа бөліктері арқылы бағаланды. Сол кезеңдегі
поэтикалық жетекшілікте көрінген эстетикалық талаптың нормативтік сипаты
болды. Оның теоретиктері сендіру мен талғам эстетикалық теорияның соңғы
сөзі болды.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама
Студенттер әдебиет теориясының зерттеу нысанын, сипатын, басты
тұжырымдарын игеруге тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сакулин П.Н. Филология и культурология. Москва, 1990.
2. Гегель Г.В. Эстетика. 4-х томах. Т.2. Москва, 1969.
3. Хализев Е.В. Теория литературы. М., 2002.
4. Потебня А. Эстетика и поэтика. М., 1976.
Достарыңызбен бөлісу: