оқыту жүйесіне елеулі өзгерістер енгізеді, сонымен қатар жобалық
тапсырмалар басқа әдіс-тәсілдермен және технологиялармен қатар
қолданылады. Бұл жағдайда оқушылар жаңа материалды меңгеру және
күнделікті өмірде (тәжірибеде) қолдану үшін шағын жобалар орындайды.
Сонымен бірге сабақтан тыс уақытта орындалатын жобалық іс-әрекетпен
айналысқысы келетін оқушыларға арналған жобалық жұмыс сабақ барысында
бастау алады және басталған жұмыс сабақтан тыс уақытта аяқталады. Бұл
жағдайда жобамен жұмыс істеу балалардың нақты білім саласы бойынша
көзқарастарын кеңейтуге және тақырыпты тереңдетіп оқуына мүмкіндік береді.
Жобалау әдісінің негізінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің
нәтижеге бағытталу идеясы жатыр, практикалық немесе теориялық маңызы бар
проблемелерды шешу барысында нәтиже пайда болады.
Жобалық тапсырмаларды орындау алты бөлімнен тұрады:
1) зерттеуді жоспарлау;
2)
дереккөздермен жұмыс;
3)
экспериментті өткізу;
4)
мәліметтерді өңдеп талдау;
5) нәтижелерді ұсыну;
6) жобаны басқару [1].
Аталған бөлімдер тарауларға бөлінген, онда келесі нәтижелер күтіледі:
дағды немесе ептілік, білу немесе түсіну (1-кесте). Әр тарауда
ұйымдастырылған оқытудың бұл мақсаттары мұғалімге өз жұмысын
жоспарлауға және білім алушының жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ
оқытудың келесі кезеңдері туралы оларды ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
1-
кесте – Бөлімдер мен тараулар тізбегі
Достарыңызбен бөлісу: