31
Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономи-
калық агенттердің шығындары қосылады.
ЖҰӨ = C + I + G + Xn
мұндағы, С – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұм-
сайтын шығындары (тамақ, киім-кешек, тұрғын үй төлемдері,
демалыс шығындары, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып
алуға кететін шығындар жəне т.б.). Мұнда үй салуға немесе сатып
алуға жұмсалатын шығындар есептелмейді. Олар инвестициялық
шығындарға кіреді.
I – фирмалардың инвестициялық шығындары (машиналар,
станоктар, шикізат, құрылысқа кететін шығындар жəне т.б.). Ин-
вестицияны жалпы жəне таза деп бөледі. Егер жалпы инвести-
циядан өндіріс үдерісінде ескірген машиналар мен станоктарды
жаңартуға жұмсалған шығындар бөлігін (амортизация) шегерсек,
онда таза инвестицияны табамыз.
Таза инвестиция = Жалпы инвестиция – Амортизация
G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді
мемлекеттің сатып алуы (мектеп, аурухана, жол құрылысы, мем-
лекеттік аппарат пен əскерді ұстауға кететін шығындар, т.б.).
Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді.
Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда бай-
ланысының сальдосы, немесе экспорт пен импорт арасындағы
айырмашылық. Егер экспорт импорттан жоғары болса, онда таза
экспорт оң болады, керісінше болса, онда таза экспорт теріс мəнді
болады.
Табыстар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономика-
лық агенттердің табыстары қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |