айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек
бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандан-
331
дырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің əртүрлі са-
ласын белгілі түрге мамандандырады. Нəтижесінде өндіріс
пен ғылыми техникалық қызметтерді тауарлармен айырбастау
жағдайын туғызып, халықаралық сауда дами түседі.
Халықаралық экономикалық қатынастардың басты нысанда-
рына жататындар:
- халықаралық еңбек бөлінісі;
- тауарлар мен қызмет көрсетудегі дүниежүзілік сауда;
- халықаралық несие;
- халықаралық жұмыс күші миграциясы;
- өндірістік факторлардың халықаралық ауысуы;
- халықаралық валюта-қаржы қатынастары;
- халықаралық ғылыми-техникалық байланыстар;
- экономикалық интеграция.
Халықаралық еңбек бөлінісі мен тауар айырбасына əсер ете-
тін төрт негізгі фактор бар:
1. Əлеуметтік-жағрафиялық фактор – жағрафиялық орнала-
су, халықтың құрылымы, саны жəне де олардың шаруашылық
тəжірибесі.
2. Табиғи экономикалық фактор – табиғи климаттық жағ-
дайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтар.
3. Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің
эко
номикалық жəне ғылыми техникалық даму деңгейі əртүрлі
болуы мен анықталады.
4. Ғылыми-техникалық проресс. Халықаралық еңбек бөлі нісі
өнімдерінің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің
жəне олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне алып
келеді.
Сыртқы сауда – тауарлар мен қызметтерді сырттан əкелуден
жəне оларды сыртқа шығарудан құралады. Əрбір елдің сыртқы
сауда нəтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тау-
ар құнынан артық болса, онда оны сауда балансының оң саль-
досы дейді. Керісінше жағдай болғанда пассивті сауда балансын
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: