77
14. Жиынтық ұсыныс қисығының кейнсиандық кесіндісіне
сəйкес жиынтық сұраныстың өсуі:
а) бағаның өсуіне алып келеді, бірақ нақты көріністегі ЖҰӨ дина-
микасына əсер етпейді
ə) бағаның төмендеуі мен нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің өсуіне
алып келеді
б) нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің ұлғаюына алып келеді, бірақ
баға деңгейіне əсер етпейді
в) баға деңгейі мен нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің ұлғаюына
алып келеді
15. Қандай фактор AS қисығын солға қарай жылжытады?
а) еңбек өнімділігінің өсуі
ə) ресурстарға деген бағаның өсуі
б) ресурстарға деген бағаның төмендеуі
в) фирма пайдасына салынатын салық мөлшерлемелерінің төмендеуі
16. Жиынтық сұраныс – бұл:
а) барлық үй шаруашылықтарының сұраныстары
ə) жоспарланған шығындар сомасы
б) үй шаруашылықтарының жəне мемлекеттің жалпы сұраныстары
в) мемлекеттің жалпы сұраныстары
Достарыңызбен бөлісу: |