Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет92/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Классикалық теория екі негізгі алғышартқа сүйенеді. Бі-

ріншіден, жиынтық шығындар деңгейі Y = C + I + G + X

n

 толық 


жұмыспен қамту кезінде өндірілген өнімдерді сатып алуға жет-

пейтіндей жағдай орын алмайды деп болжайды, яғни жиынтық 

сұраныс пен жиынтық ұсыныстың бір-біріне тең болмау (AD≠AS) 

жағдайының орын алуы мүмкін емес. Екіншіден, егер мұндай 

жағдай орын ала қалса, онда бағалар, жалақы көрсеткіштері жə-

не пайыздық қойылым дереу өзгереді, жиынтық сұраныстың 

төмендеуімен қатар өндірістің құлдырауы жылдам өтеді, əрі аса 

маңызды болмайды, яғни жағдай икемді көрсеткіштер арқылы 

тез арада қалпына келе бастайды. Ал ақша нарығы инвести-

циялар мен жинақтардың теңдігіне жəне ресурстардың толық 

қамтылуына əрқашанда кепілдеме беріп отырады. Тек табиғи 

деңгейімен бара-бар «еркін» жұмыссыздық орын алуы мүмкін, 

бірақ ол да икемді жалақылар арқылы жылдам реттеліп отыра-

ды. Бұл жиынтық сұраныс AD пен жиынтық ұсыныстың AS тепе-

теңдік нүктесінде өндірістің нақты көлемі Y

0

 əрқашанда потен-



циалды деңгейіне Y

*

 тең дегенді білдіреді.



Кейнстік теория мұндай өзін-өзі реттеу механизмінің орын 

алуын жоққа шығаратындығы жөнінде жоғарыда айтқанбыз. Ұлы 

депрессия кезеңінде алынған эмпирикалық мəліметтер негізін-

де Кейнс реттелмейтін экономикада толық жұмысбастылық  тың 

орын алмайтындығын, тіпті болса да оның тек кездейсоқ жағ-

дайларда ғана орын алатындығын дəлелдей алды. Жиынтық 

сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуі (4.1-сурет) əдетте, 

ресурстардың толық қамтылуы деңгейімен сəйкес келмейді:

А нүктесінде AD=AS теңдігі орындалады, бірақ өндірістің нақты 

көлемі əлеуетті деңгейінен кіші болып табылады Y

0

 < Y


*

.

Кейнс өзінің зерттеулерінде психологиялық факторларға (бе-



йімділік, қалаушылық, күтушілік, ұмтылыс) көп мəн бере отырып, 

мұндай сəйкес келмеушіліктің себептерін əртүрлі экономика-

лық агенттердің əртүрлі мотивтер мен əсер ететін алуан түрлі 

факторларға байланысты жүзеге асыратын өздерінің инвестиция-






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет