1.18.
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТТЕРДІ ҚАЙТА
ЕСЕПТЕУ
1.18.1.
Болон үдерісінің негізгі принциптерінің бірі – академиялық ұтқырлыққа
жәрдемдесу принципін жүзеге асыру үшін Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ белгілі бір
академиялық кезең ішінде басқа білім және ғылыми ұйымдарда (ел ішінде немесе шетелде)
жүргізілген оқу немесе зерттеу жұмысы бойынша кредиттерді міндетті түрде қайта есептей
отырып оқытуды немесе ғылыми зерттеулер жүргізуді қолдайды.
1.18.2.
Академиялық ұтқырлық білім беру немесе ғылыми тағлымдамалар түрінде
жүзеге асырылады.
1.18.3.
Білім беру (академиялық) тағлымдамасы – білім алушының жеке жоспары
немесе халықаралық (оның ішінде бірлескен) білім беру бағдарламасы негізінде оқыту,
біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау. Оның ішінде ондан басқа отандық немесе
шетелдік ЖОО-да оқу болжанатын пәндер көрсетіледі.
1.18.4.
Ғылыми (зерттеу) тағылымдама – мамандық бойынша дипломдық жұмысты,
диссертацияны, монографияны жазу үшін ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық
сипаттағы ақпараттар мен материалдарды жинау, талдау немесе кітапхана қоры және басқа
жоғары оқу орындары мен елдердің өзге де ресурстары негізінде оқулық, оқу құралын
дайындау жөніндегі қызмет.
1.18.5.
Академиялық ұтқырлық түрлері: жеке, топтық (ұжымдық, оқытушының
басшылығымен немесе топ құрамында дербес), ішкі (ел ішінде) академиялық ұтқырлық,
сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық, кіретін (халықаралық) академиялық
ұтқырлық, қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық (10 күннен 4 айға дейін) және ұзақ
мерзімді академиялық ұтқырлық (4 айдан 1 жылға дейін).
1.18.6.
Кредиттік ұтқырлық - Академиялық кредиттерді жинақтау мақсатында
(ұтқырлық кезеңінен кейін білім алушылар оқуды аяқтау үшін өз білім беру ұйымына
қайтарылады) өз ЖОО-да жалғасып жатқан оқу кезеңінде білім алушылардың шетелде оқу
немесе тағылымдамадан өту кезеңіне ауысуы.
1.18.7.
Университеттің білім алушылары шетелдік жоғары оқу орындарында білім
алуға, ғылыми іссапарға және тағылымдамаға құқылы.
1.18.8.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушыларының академиялық ұтқырлығы
жоғары оқу орындары арасындағы келісім-шарттар немесе бірлескен жобалар аясында
(ішкі академиялық ұтқырлық үшін жіберуші және қабылдайтын ЖОО-ның үш жақты
келісімі/шарты және халықаралық академиялық ұтқырлық үшін шақыру) жүзеге
асырылады.
1.18.9.
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын бағдарламалар
шеңберінде академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін жолдама шетелде, оның ішінде
академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
1.18.10.
Кредиттік мобилділік бағдарламасы бойынша басқа ұйымда болу кезеңі және
кейіннен кредиттерді қайта есептеумен оқытылатын пәндер тізімі ҚазҰУ білім беру
бағдарламасының оқу жоспарын ескере отырып, бітіртуші кафедрамен келісім бойынша
білім алушылармен анықталады.
1.18.11.
Кредиттерді қайта есептеу (трансфер) – академиялық ұтқырлық
бағдарламасы шеңберінде білім алушы ұйымының құжат (транскрипт) негізінде
«УНИВЕР» жүйесінде білім алушының кредитін осы пәндер немесе зерттеу жұмыстары
бойынша бағаларын енгізе отырып, ҚазҰУ білім беру бағдарламасының оқу жоспарына
сәйкес басқа оқу орнында оқыған/өткізілген пәндер/зерттеу жұмыстарының көлемі мен
мазмұнының баламалылығын тану.
1.18.12.
Кредиттерді қайта есептеуді білім алушының өтініші және растайтын
құжаттары бар бітіртуші кафедраның мәлімдемесі негізінде Университет Тіркеушісінің
Офисі жүзеге асырады.
32
1.18.13.
Бітіруші кафедра оқылған пәндердің көлемі мен мазмұнының немесе
жүргізілген зерттеу жұмыстарының ҚазҰУ оқу жоспарының талаптарына сәйкестігін
объективті түрде анықтауға жауапты.
1.18.14.
Ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушының сол елдегі оқуын
растайтын қорытынды құжат болып келетін транскрипт немесе оның аналогы болып
табылады. Транскриптке оқу бағдарламасы туралы мәліметтер енгізіледі: пәндер (модуль)
атауы, бағалар, игерілген академиялық кредиттер саны.
1.18.15.
Басқа білім беру ұйымдарынан қайта есепке алуға рұқсат етілетін
кредиттердің ең көп саны бір оқу жылында Қазақстан Республикасының басқа ұлттық
жоғары оқу орындарында оқытылатын пәндер үшін оқу жоспарының 20%-нан аспайды.
Назарбаев Университетін қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық жоғары оқу
орындарында оқытылмаған пәндер бойынша кредиттерді қайта есептеу жүзеге
асырылмайды.
1.18.16.
Шетелдік білім беру ұйымдарынан қайта есепке алуға жіберілетін
кредиттердің ең көп саны шетелдік жоғары оқу орнының рейтингі мен білім беру
бағдарламасының бейіні ескеріле отырып, жеке тәртіппен белгіленеді
1.18.17.
Академиялық немесе кредиттік ұтқырлық бағдарламасы бойынша басқа
ЖОО-да болуы оқуды қаржыландыру көзіне қарамастан тиісті оқу семестрі басталғанға
дейін 10 күннен кешіктірмей тиісті бұйрықпен рәсімделеді.
1.18.18.
Халықаралық кредиттік ұтқырлыққа қатысу үшін қабылдаушы білім беру
ұйымы көздеген деңгейде шет тілін білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |