Тəжірибелік жұмыстарды ұйымдастыруға əдістемелік нұсқаулар
«Мəліметтер қоры» тақырыбын оқып-үйрену əртүрлі деңгейде
болуы мүмкін. Оқып үйренудің 2 деңгейін белгілейік: минимальды
(төмен) деңгей жəне тереңдетілген деңгей. 1-деңгейдің тапсырмала-
ры: Мəліметтер қоры туралы жалпы түсінік беру, дайын мəліметтер
қорымен жұмыс жасауға үйрету (ақпаратты іздеуді жүзеге асы-
ру: жазбаларды сұрыптау, жою жəне қосу, бір кестелі мəліметтер
қорының құрылымын жасау жəне оларды мəліметтермен толтыру).
2-деңгейдің қосымша тапсырмалары: мəліметтер қорын жасау жəне
өңдеу тəсілдерімен таныстыру.
МҚБЖ-сімен жұмыс сəйкес программаны ашудан басталады,
сол себепті оқушыларға программаны орындалуы үшін қалай ашу-
ды көрсету керек.
Мəліметтер қорының мазмұнын жəне құрылымын қарау.
Оқушылардың меңгеретін алғашқы ұғымы: мəліметтер қоры файл-
да сақталады; онымен жұмысты бастау үшін мəліметтер қорымен
файлды ашу керек. Содан кейін мұғалім кестенің жазбаларын экран-
нан қалай көруге болатынын көрсету керек. Ол үшін алдын ала де-
монстрацияланатын мəліметтер қоры дайындалуы керек. ([2] оқу
құралында осындай мақсаттар үшін қолданылатын əр-түрлі кесте-
лер берілген).
Демонстрацияланған мəліметтер қорын оқушыларға көрсете
отырып, кестенің өзімен бірге компьютердің жадысында оның
құрылымының сипаттамасы да сақталатынына назар аудару керек,
яғни пайдаланушының өрістердің параметрлері: аты, типі, форматы
жəне т.б. білетін құрылым. Оқулықта қолданылған гипотетикалық
тілдегі МҚБЖ-сінде таңдау бойынша сұраныс командасының
құрылымы төмендегідей болады [10]:
выбрать <шығарылатын өрістердің тізімі> где <таңдау шарты>
сортировать <сұрыптау кілті> по <сұрыптау реті>
395
Сұраныстың орындалу нəтижесінде командада көрсетілген
өрістерден тұратын кесте алынады. Бұл кестеге таңдау шартын
қанағаттандыратын жазбалардан ақпараттар алынады. Таңдау шар-
ты логикалық өрнектер болып табылады.
Нақты МҚБЖ-сімен жұмысқа көше отырып, мұғалім
оқушыларға сұраныс командаларын құрудың ережелерімен таны-
стырады. Егер сұхбат қабықшасы болмаса жəне командалар символ-
дармен енгізілсе, онда барлық детальдарына мəн беріп, команданың
синтаксисін сипаттау қажет.
Access МҚБЖ-сінде сұраныстарды құру үшін сұраныстар кон-
структоры қолданылады. Құрылатын команда пайдаланушыдан
жасырын болады. Конструктормен жұмыс жаттығулар арқылы
қалыптасатын нақты дағдыларды қажет етеді. Мəліметтер қорында
мəліметтерді іздеу үшін кез келген тапсырманы орындауды дəптерде
МҚБЖ-сінің гипотетикалық тіліндегі командаларды дəптерге жа-
зудан бастау керек, содан соң таңдау бойынша сұранысты жасау
режиміне көшіп, конструктордың өрістерін сəйкесінше толтыру
керек. Сұраныстарды құрудың осындай тəсілін оқыту əдістемесі
оқулықта толық сипатталған [11].
Мəліметтер қорында ақпаратты басқарудың маңызды түрі –
сұрыптау. Сұраныс бойынша таңдалатын жазбалар əдетте нақты
түрде сұрыпталады. Сұрыптау параметрлері «сұрыптау кілті» жəне
«сұрыптау реті» болады. Сұрыптау кілті – мəні бойынша кестедегі
жазбаларда реттеу жүргізілетін өріс. Сұрыптау ретінің 2 нұсқасы
бар: кілттің өсу мəні жəне кему мəні бойынша.
Оқушылар өрістердің барлық типтері үшін «өсуі бойынша»
жəне «кемуі бойынша» тəртібінің мағынасын түсіне білуі керек.
Символдық өрістерде өсу реті – алфавит бойынша орналастыру, ал
кему реті – кері алфавиттік ретпен орналастыру.
Егер кілттер бірнешеу болса, онда олардың арасында иерар-
хия қойылады, яғни алғашқы кілт, екінші кілт жəне т.б. Ең алды-
мен жазбалар алғашқы кілт мəні бойынша сұрыпталады, алғашқы
кілттің бірдей мəндерімен жазбалардың топтарының ішінде екінші
кілт бойынша сұрыптау жүргізіледі жəне т.с.с. Мысалы, «Кітапхана»
мəліметтер қорымен жұмыс барысында таңдалынған жазбалар-
да АВТОР өрісін алфавит бойынша сұрыптау керек, ал АВТОР
өрісінің бірдей мəндеріндегі жазбаларды кітапты баспаға шығару
жылын кемуі бойынша реттеу керек, сонда сұрыптаудың сəйкес
параметрлері мынандай болады:
396
АВТОР-ды өсуі бойынша ЖЫЛ-ды кемуі бойынша сұрыптау
Мысал: «Кітапхана» мəліметтер қорында 2-ші сөреден 5-ші
сөреге дейін орналасқан М.Əуезов пен М.Мағауиннің барлық
кітаптарын таңдау керек жəне олардың басылып шыққан жылдарын
өсу реті бойынша сұрыптау керек. Гипотетикалық тілде команда бы-
лайша жазылады:
АВТОР, АТАУЫ, ЖЫЛ таңдау, мұндағы (АВТОР = «М.Əуезов»
немесе АВТОР = «М.Мағауин») жəне СӨРЕ >= 2 жəне СӨРЕ <=5
ЖЫЛ-ды өсуі бойынша сұрыптау.
Access МҚБЖ-де мəліметтерді басқару тілі SQL тілі болып табы-
лады. Жоғарыда келтірілген команда бұл тілде былайша жазылады:
SELECT АВТОР, АТАУЫ, ЖЫЛ WHERE (АВТОР= ‹› М.Əуезов››
.OR. АВТОР= М.Мағауин ‹›) .AND. СӨРЕ>= 2 .AND. СӨРЕ <=5
ORDER BY ЖЫЛ.
Аналогия екендігі айдан анық! Access-дің сұраныстар конструк-
торында қалыптастырылған SQL тіліндегі команданы Түр/SQL
режимі (Вид/Режим SQL) мəзірі арқылы көруге болады.
Мəліметтер қорын құру. Мəліметтер қорын құру 2 кезеңнен
тұрады: Мəліметтер қорының құрылымын құру жəне мəліметтерді
енгізу. MS Access-де мəліметтер қорының құрылымын жасау кес-
телер конструкторының көмегімен жүзеге асырылады. Оқушылар
алдын-ала кестені жобалауы керек, яғни өріс аттарын, өрістер
типін, алғашқы кілтті анықтауы керек. Оқушылардың назарын өріс
форматтарын таңдауға аудару керек. Форматтарды дұрыс таңдау
жадыны тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Жадыны үнемдеу –
мəліметтер қорын жасау барысындағы маңызды мəселе. Оқушыларға
мəліметтерді енгізудің 2 тəсілін көрсетуге болады: тікелей кестеде
жəне енгізу формасының көмегімен.
Көп кестелік мəліметтер қорын құруды оқыту негізгі курс-
ты тереңдетіп оқыту барысында немесе жоғары сыныптарда
информатиканың бейіндік курстары шеңберінде жүзеге асырылады.
Мəліметтер қорының олимпиадалық тапсырмаларында көп кестелік
мəліметтер қорын құру жиі кездеседі.
Тəжірибелік
материалдарды
іріктеу
əртүрлі
деңгейде
«Мəліметтер қоры» тақырыбын оқытуды ұйымдастыруға, əртүрлі
МҚБЖ қолдануға мүмкіндік береді [2]. Тапсырмалардың тұтас
жиынтығы тақырыпты тереңдете оқытуға, реляциялық МҚБЖ-
інің дамыған нұсқаларын, соның ішінде MS Access-ді қолдануға
397
бағытталған. Мұғалімнің міндеті – оқыту мақсаттарына сəйкес оқу
уақыттарын есепке ала отырып, бар техникалық жəне программалық
құралдармен тəжірибелік оқыту жұмыстарды ұйымдастыру үшін
тапсырмаларға талдау жасау.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
– «мəліметтер
қоры», «МҚБЖ», «ақпараттық
жүйе»,
«реляциялық мəліметтер қоры» ұғымдарын; элементтердің (жазба-
лар, өрістер, кілттер) қызметін жəне мəліметтер қорында ақпаратты
іздеу жəне сұрыптау командаларының құрылымын білу керек;
– дайын мəліметтер қорымен жұмыс жасау мəліметтер
қорында жазбаларды құру, мəліметтер қорында əтүрлі оқу пəндері
бойынша тапсырмаларды жəне жобаларды орындау барысында
іздеу ережелерін қолданып сұраныстарды құруды) ақпаратты іздеу
біліктілігі болуы керек;
– жекелеме жəне ұжымдық жобаларды орындау барысында жа-
сауда, оқуда, болашақта еңбек нарығында қажет мамандықты меңгеру
барысында ақпараттық объектілерді, объектілер мен үдерістердің
қарапайым модельдерін жасауда алған білімдері мен біліктіліктерін
тəжірибелік қызметтерінде жəне күнделікті өмірде қолдана білу
керек.
Достарыңызбен бөлісу: |