жергілікті желілерді біріктіретін транспорт болып табылады.
423
Жергілікті желінің негізгі қызметтерінің бірі – бір ғимарат немесе
жақын орналасқан бірнеше ғимараттар шеңберінде компьютерлерді
біріктіру, яғни жергілікті серверлердің ақпараттық ресурстарына
желі пайдаланушыларының қатынауын ұйымдастыру. Жергілікті
желілер сондай-ақ компьютерлерді ауқымды желіге біріктіру үшін
топтаудың ыңғайлы құралы болып табылады, себебі ауқымды желіге
жекелеме компьютерлерге емес, желілер арасында мəліметтерді
маршруттау ыңғайлы.
Компьютерлік желілердің басты мақсаты – ортақ ресурстарды
бірлесе қолдануды қамтамасыз ету.
Ресурстарды 3-ке бөлуге болады:
1. аппараттық (мысалы: принтер,... );
2. программалық;
3. ақпараттық.
Компьютерлік желілерде аппараттық жəне программалық
үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнайы
стандарттар əрекет етеді.
Хаттама – мəліметтерді ұйымдастыру жайындағы келісімдер
мен ережелердің жиыны. Ол мəліметтердің дұрыс бағытта тасы-
малданылуын жəне ақпарат алмастыру үдерісіне қатысушылардың
барлығына осы мəліметтердің дұрыс түсінуін қамтамасыз етеді.
Компьютерлік желілерді былайша бөлуге болады:
1. Жергілікті (локальдық) желі LAN – Lokal Area Network;
2. Аймақтық (регионалдық) желі MAN – Meropolitan Arta
Network;
3. Корпоративтік желі – бір корпорацияға жататын компьютерді
біріктіретін желі. Мысалы: Intranet;
4. Ауқымды (глобальды) желі WAN – Wide Area Network.
Бір мекемедегі немесе кабинеттегі компьютерлерді өзара
біріктіру барысында жергілікті желі пайда болады.
Жергілікті желіде жұмыс жасайтын компьютерлер тобын жұмыс
тобы деп атайды. Бір ғана жергілікті желіде бірнеше жұмыс тобы
болуы мүмкін. Жұмыс тобындағы əр компьютер желінің ортақ ре-
сурстарына кіруі үшін, əртүрлі құқықтары болуы мүмкін. Мы-
салы: жергілікті желіде барлық компьютерлер тең құқылы бол-
са, онда желі бір рангілі желі деп аталады. Компьютерлік желінің
қатысушыларының құқықтарының бөлінуі мен шектелуінің
тəсілдерінің жиынтығын желі саясаты деп атайды. Желілік сая-
424
сатын басқаруды желі əкімшілігі деп атайды. Жергілікті желінің
қатысушыларының жұмысын ұйымдастыратын пайдаланушы
жүйелік əкімшілік деп аталады. Əртүрлі хаттамалар бойынша
жұмыс жасайтын бірнеше жергілікті желілердің өзара байланысы
үшін, шлюз деп аталатын арнайы құралдар қызмет етеді. Шлюздер
аппараттық жəне де программалық бола алады. Мысалы, шлюздік
сервер – арнайы компьютер, шлюздік қосымша – компьютерлік про-
грамма болуы мүмкін.
Жергілікті желі мен ауқымды желі арасында желілік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін брандмауэр қолданылады. Желілер арасында
мəліметтерді рұқсатсыз орналыстыруға кедергі жасайтын арнайы
компьютер немесе компьютерлік программа брандмауэр деп атала-
ды.
Жергілікті желіде компьютерлерді біріктірудің жалпы схемасы
желі топологиясы деп аталады. Топологиялар əртүрлі болуы мүмкін.
1. «Бұтақ» топологиясы: 2 түйіні бір ғана жолмен байланысқан
компьютер желісінің топологиясы.
2. «Жұлдызша» топологиясы: компьютерлік желінің қалған
түйіндерінің əрқайсысымен мəліметтер тасымалданатын жеке
желі арқылы байланысқан орталық түйіні бар топология. Бұзылған
компьютерді желі құрамынан шығарып тастауға, ал орталық түйін
бұзылса, желі жұмыс жасай алмайды.
3. «Сақина» топологиясы: əрбір компьютер тек басқа 2 ком-
пьютермен байланысқан топология. Мəліметтер бір компьютерден
екіншісінен бір бағытта тасымалданады.
4. «Тор» топологиясы: барлық компьютерлер арасында өзара
тікелей байланыс бар топология (сирек қолданылады)
5. «Шина топологиясы: барлық компьютерлер бір кабельге ко-
сылатын топологиия. Мұнда компьютерден шыққан мəліметтер
қалғандарының барлығына бір уақытта жетеді. Ең қарапайым жəне
ең көп тараған топология.
Достарыңызбен бөлісу: