477
ақпараттық процестердің тұтастығына ерекше көңіл аударуы жəне
оқу материалын теориялық жағынан дамытуды негіздеуден бастауға
мүмкіндік беруі керек.
Айқындалған жетекші ұғымдар материалды ғылыми тілмен,
біртұтас көзқараста баяндауға жəне белгілі фактілерді жалпы
көзқараспен қайта түсінуге, бүкіл білім жүйесінің негізін салуға,
іргелі ұғымдардың ішкі байланыстарын жəне қатыстарын ашуға,
олардың белгілерін нақты фактілерде жəне шынайы құбылыстарда
көрсетуге бағытталады.
Пəн бойынша оқу жүктемесі, əдетте, 10-сыныпта – аптасына 1
сағат, оқу жылында 34 сағат; 11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу
жылында 34 сағат құрайды. Оның инвариантты бөлігінің мазмұны
базалық мазмұнды құрайды.
Оқу пəнінің базалық мазмұны
10-сынып (34 сағат)
Ақпарат жəне ақпараттық үдерістер (2 сағат)
Əлемдік ақпараттық бейне. Тұйықталмаған ақпараттық жүйе.
Тұйықталған ақпараттық жүйе. Кері байланыс ұғымы. Ішкі
жүйелер: техникалық, ақпараттық, математикалық, программалық,
ұйымдастырушылық, құқықтық.
Компьютер ақпараттарды өңдеу құралы (2 сағат)
Компьютерді аппараттық жəне программалық қамтамасыз
ету. Компьютерлік вирустар жəне олардың типтері. Файлдар жəне
файлдық жүйе.
Ақпараттық модельдер (4 сағат)
Əлеуметтік үдерістерді модельдеу. Биологиялық жүйелер мен
процестерді модельдеу. Лингвистикалық модельдер. Ғылыми
дүниетанымдық көзқарастағы негізгі модельдер.
Алгоритмдеу жəне программалау (6 сағат)
Объектілі-бағдарланған программалау. Компьютерде есептерді
шығару технологиясы. Символдық айнымалыларды өңдеу.
Файлдармен жұмыс.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (20 сағат)
Мəтіндік редакторлар, мəтіндік процессорлар, редакциялық-
баспа жүйелері: мəні, қызметі, жұмыс жасау ережелері, меню
жүйелері. Аударма программалары. Лингвистикалық түзетулер.
Графиктік редакторлар жəне олардың мүмкіндіктерін мəтіндік
ақпараттарды өңдеуге қолдану. Мультимедиялық технология арқылы
478
компьютерлік презентацияларды жасақтау. Интернет желісінде
ақпараттарды іздеу. Web-сайттар жəне порталдар.
11-сынып (34 сағат)
Достарыңызбен бөлісу: