«Эффект цвета» сүзгісі бейненің берілген жағынан жарықты дəл
келтіреді (19.5-сурет).
Ескерту. Түрлі-түсті бейнемен жұмыс істеу үшін Изображение
(Image) – режим (Mode) – RGB командасын орындаңыз. Бұл сүзгі
ақ-қара түсті бейнелерде қолданылмайды.
1. Фильтр (fi lter) – Рендер(render) – түс эффектісін (lighting
effects) орнатыңыз.
2. Жарықтандыруды реттеу панелі пайда болады. Овалдың
орталық маркерін жылжыта отырып, жарықтандыру нүктесін
өзгертеміз. Эллипстің маркерін жылжыта отырып, жарықтандыру-
дың фокусын өзгертеміз.
3. Түстер терезесін тышқан көмегімен екі рет шерте отырып,
«лампочканың» кез-келген түсін таңдауға болады.