Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет308/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

Сайттарға сілтемелер

1. http://fl ash.demiart.ru/book/Flash_MX/index.html

2. http://www.dafl ash.ru/intro.html

3. http://macromedia-fl ash.ru/page



20.2 «Мектеп сайтын құрамыз» курсы

Түсінік хат

Білім беру үдерісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық техноло-

гияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап 

оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу  тəрбие  үрдісінің 

барлық деңгейлерінің тиімділігімен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есепте-

уіш  техникасымен  жұмыс  істеуге,  оқу  барысында  компьютерді 

пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті 

құралдарды  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік 

оқыту бағдарламаларын меңгеруге негізделеді.

Ақпараттық-коммуникациялық 

технологияның 

келешек 

ұрпақтың  жан  жақты  білім  алуына,  іскер  əрі  талантты, 

шығармашылығы  мол,  еркін  дамуына  жол  ашатын  педагогикалық, 

психологиялық  жағдай  жасау  үшін  де  тигізер  пайдасы  аса  мол. 




505

Ақпараттық  əдістемелік  материалдар  коммуникациялық  байланыс 

құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Демек,  Қазақстанның  болашақ  білімді  мамандарын  дайындау-

да алатын білімнің ұшқырлығы мен нəтижелігі заман талабына сай 

жалпы орта білім беруде бейінді оқытуға көшу болмақ.

Білім  беру  мекемелері  үшін  сайт  құрастыру  қажеттілік  болып 

табылады,  өйткені  ақпарат  əлемді  басқарады.  Білім  беру  мекемесі 

туралы ақпараттың Интернет желісінде болмауы, оның ақпараттық 

қоғамдастықта  жоқ  екенін  білдіреді.  Ондай  жағдай  заманауи  білім 

беру мекемесі үшін жол бергісіз болып табылады.

Мектеп  сайтының  құрылымы  ақпаратты  жинау  мен  топтас-

тыру  шарасы  бойынша  қалыптастырылады. «Мектеп  сайтын 

құру»  арнаулы  курсы  оқушылардың  мəтіндік  жəне  графикалық 

редакторлар,  жарнамалар  мен  қарапайым  презентациялар  құру 

программаларының  көмегімен  жұмыс  істеу  дағдыларын  дамытуға 

бағытталған  теориялық  жəне  тəжірибелік  мазмұндық  мəліметтерді 

қамтиды.


Курстың негізгі мақсаттары:

 

– Қазіргі  компьютерлік  технологияларды  оқып  үйренуге  жəне 



меңгеруге деген қызығушылығын ояту;

 

– дербес  компьютердің  программалық  жабдықтары  туралы 



білімдерін толықтыру, тереңдету жəне жүйелеу;

 

– оқушылардың HTML-тілінде FrontPage редакторымен жұмыс 



істеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

 

– оқушылардың  танымдық  қызығушылығын,  теориялық  жəне 



шығармашылықпен  шабытты  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  сонымен 

бірге ең тиімді шешім алуға көмектесетін алгоритмдік ойлау жүйесін 

жетілдіру;

 

– есте  сақтау,  логикалық  ойлауын  дамыту,  тиянақтылыққа, 



ақпараттық мəдениеттілікке тəрбиелеу;

 

– оқытудың  электрондық  программаларымен  жұмыс  істеуге, 



қосымша  материалдар  іздеуге  жəне  оны  тиімді  пайдалана  білуге 

үйрету;


Курсты оқып үйрену төмендегілермен қамтамасыз етілуі тиіс:

Курстың программалық қамсыздандырылуы:

 

– Windows (XP, 7) операциялық жүйесі



 

– Web-беттерді  жасауға  арналған  редактор Microsoft Offi ce 

FrontPage.

Көмекші материалдар:



506

 

– Əдістемелік жəне электрондық əдебиеттер.



 

– Арнайы оқулықтар, журналдар, газет материалдары.

 

– Интернет желісінің көздері.



Оқушылардың іс-əрекеттерінің негізгі  түрлері:

 

– Компьютерде Microsoft Offi ce FrontPage программасын пайда-



ланып мұғалім басшылығымен тəжірибелік жұмыстарды орындау.

 

– Электрондық оқулықтармен жұмыс істеуге дағдылану.



 

– Тəжірибелік жұмыстарды  өз бетімен орындау.

 

– Компьютерлік графика қолданылатын шығармашылық жоба-



лар құру жəне қорғау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет