Жылдар
Оқытудың 12 жылдық
бағдарламасы бойынша
Оқытудың 11 жылдық
бағдарламасы бойынша
2015 – 2016
1,5,11
2,3,4,6,7,8,9,11
2016 – 2017
1,2,5,6,11,12
3,4,7,8,9
2017 – 2018
1,2,3,5,6,7,11,12
4,8,9
2018 – 2019
1,2,3,4,5,6,7,8,11,12
9
2019 – 2020
1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12
11 жылдық мектептің 9-сыныбынан 12 жылдық мектептің 11-сы-
ныбына көшу 2015-2016 оқу жылынан 2019-2020 оқу жылына дейін
жүзеге асырылады.
12-жылдық білім беруде «Информатика» пəні 3 кезеңмен
оқытылады:
– бастапқы курс (3-4 сыныптар) немесе (1-4 сыныптар);
– негізгі курс (5-10 сыныптар);
– бейіндік курс (11-12 сыныптар).
«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасы» жəне «Қазақстан Республикасында
2005-2010 ж. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы»
талаптарына сəйкес 2004 жылы Қазақстан Республикасы Білім
жəне ғылым министрлігі 12 жылдық білім беру проблемалары
республикалық ғылыми-практикалық орталығында А. Е. Əбілқа-
сымованың басшылығымен «12 жылдық мектептің негізгі орта
буынының білім мазмұны» жасалды [28, 29].
Мектеп информатика курсының қалыптасуы мен дамуының, яғни
оның стандартын жасауға оның информатиканы оқыту мазмұнын
өзгермейтін іргелі негіздер жағына өзгертуге жылдамдап ұмтылуын
анықтаудың сипатталған кезең-кезеңдік тəсілі, мектеп информа-
тикасы бойынша осындай стандарттың бүкіл еліміздегі білім беру
жүйесін іргелендіру жəне жаңаландыру флагманы қатарында бола
алатындығына барлық мүмкіндіктері бар.
Мектептің білім беру жүйесінде «Информатика» пəні қоршаған
ортаны талдаудың жүйелі-ақпараттық тəсілін қалыптастыратын;
ақпараттық үдерістерді ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау
жəне қолдану əдістері мен құралдарын оқытатын; ақпараттық техно-
логияларды қолдануға байланысты адамның практикалық іс-əрекеті
аумағын дамытып жəне үнемі кеңейтіп отыратын ғылыми білімнің
іргелі салаларының бірі болып табылады.
128
Мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаты –
оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау жəне
қолдану үдерістері жайлы негізі білімін жан-жақты əрі саналы түрде
меңгеруін қамтамасыз ету жəне соның негізінде оқушыларға қазіргі
кездегі əлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық
үдерістердің, қазіргі ақпараттық қоғам дамуындағы АКТ-ы рөлінің
мəні ашу.
Информатиканы оқыту мақсатына жету үшін келесі міндеттерді
шешу қажет:
– оқушыларда информатика саласының негізгі ұғымдары мен
білімдерді қалыптастыру;
– информатика саласында біліктіліктер мен құзырлылықтарды
қалыптастыру;
– ақпараттық қоғамда өмір сүретін өскелең ұрпақтың
адамгершілік жəне құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |