1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу
Жалпы білім беретін білімді тереңдету жəне оқушылардың жан-
жақты қызығушылығы мен қабілеттіліктерін дамыту мақсатында
орта мектептерге факультативтік сабақтар (1966 ж.) – оқу жұмысы-
ның жаңа түрі ретінде енгізілгеннен кейін математика мен оның
қосымшалары бойынша факультативтік курстарды ұйымдастыру
жұмыстары басталды. Олардың қатарында қандай да бір дəрежеде
ЭЕМ-дi қолдану ұйғарылған үш факультативтік курс болды:
«Программалау», «Есептеуіш математика», «Векторлық кеңістік
жəне сызықтық программалау». Осы факультативтік курстардың,
əсiресе, соның ішінде «Программалау» курсының енгізілуі орта
мектепке программалау элементтерінің ілгерілмелі түрде енуінің
ұзақ та, бірқилы кезеңінiң басталуына түрткi болды. Бұл үдерістің
математикалық мамандандырылуы бар мектепке қарағанда
өзгешелігі – программалау бойынша факультативтік сабақтардың,
көбінесе, «машинасыз» оқыту жағдайларында өткізілуінде, айта
кету керек, бұл алгоритмдеу мен программалаудың жалпы білім
берудегі мəнін ашуға негізделген, тіпті, əдістемелік тұрғыдан,
өзіндік ерекшелігі бар тəсілдерді іздеуге жиі алып келдi.
Ақырында, сол жылдардағы математикалық орта білім берудi
қайта құруды жүзеге асыруға сəйкес факультативтік сабақтарды
жүйеге келтіруге байланысты, мектепке ұсынылған факультативтік
курстардың қатарына «Есептеу жүйесі жəне ЭЕМ-нің арифметикалық
құрылымы» (7-сынып), «Алгоритмдер жəне программалау»
(8-сынып), «Кибернетика негіздері» (9-10 сыныптар), «Программа-
лау тілдері» (10-сынып) сияқты жаңа таңдаулы тақырыптар енгiзiлдi.
Сол кездегі арнайы факультативтік курстар шеңберінде ЭЕМ-ге
программалау мен кибернетика элементтерін оқытудың мазмұны
мен əдістерiн жасауға байланысты негізгі əдістемелік мəселелер
И. Н. Антиповтың
27, 28], В. М. Монаховтың 29, 30], В. С. Лед-
нев пен А. А. Кузнецовтың
31, 32, 33, 2, 23, 22], В. Н. Касаткиннің,
М. П. Лапчиктiң
3-5], Е. Ы. Бидайбековтың 34-43] жəне тағы басқа
ғалымдардың еңбектерiнде, сондай-ақ көптеген басқа əдістемелік
жасалымдарда өз шешімін тапты.
13
Шынын айту керек, ЭЕМ үшiн программалауды жəне кибер-
нетика элементтерін оқытуға арналған арнайы факультативтік
курстар кең көлемде тарала алмады. Бұл басты екі нəрсеге –
мұғалімдердің курсты өткізуге дайын еместігі мен материалдық
базаның жеткіліксіздігіне байланысты болды. Сонымен бірге, сол
кездегі КСРО-ның ЭЕМ-ді шығару саласында артта қала баста-
уынан туындаған программалау бойынша əдебиеттерді идеялық
тұрғыдан қайта жарақтандырудың ұзаққа созылуы да əсерін
тигізді. Осының салдарынан, 70-жылдардың ортасында мектеп-
терге программалаудың ескірген тəсілдері негізінде құрылған оқу
құралдары ұсынылды. Не дегенмен, табанды насихатталынып, көп
жағдайда, оның ішінде, машинасыз оқыту жағдайында да практик
мұғалімдердің тек ынта-ықыласының арқасында сақталынып қалған
программалау бойынша арнайы факультативтік курстар, қалай
болғанымен, мұғалімдер арасында жаңа қызықты жəне практикалық
мəнi бар сала – ЭЕМ үшiн программалау туралы түсініктің таралуы-
на мүмкіндік туғызды.
Осындай жолмен жиналған тəжірибелер, əсіресе, есептеу тех-
никасымен жабдықталған ғылыми-өндірістік кəсіпорындар мен
мектептер арасындағы байланыстардың дамуы оқу-өндірістік ком-
бинаттары базасындағы мектептік білім беру саласына программа-
лау мен есептеу техниканы ендірудің жаңа арнасының дамуына жол
ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |