«Наука и образование в современных реалиях»


ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖҤЙЕСІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет7/146
Дата15.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#25529
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   146
Байланысты:
6-.-

ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖҤЙЕСІНДЕГІ 
МАҢЫЗЫ 
 
магистр, аға оқытушы Азтаев А.А. 
3 курс студенті Ыстыбаев Б.Ӛ. 
Шымкент университеті, Шымкент қаласы 
Аннотация 
Бұл  ғылыми  мақалада  ұлттық  ойынның  дене  шынықтыру 
жүйесіндегі маңызы туралы айтылады. 
 
 
Адамзат  қоғамы  дамуының  сан  мыңдаған  ғасырларында  әртҥрлі 
ӛркениет ӛкілдері тарихи тағылымы мен  болашақты  болжау мҥмкіндіктері  
жӛнінде  ежелден-ақ  ойланып  келеді.  Адамның  айнала  қоршаған  ортасын 
және  ӛзін-ӛзі  танудың  кӛкжиегі  ғасырдан-ғасырға  ӛткен  сайын  іргесін 
кеңейте тҥсуде. 
 
Бҥгінгі таңда Қазақстан Республикасының саяси кемелденуі мен білім 
беру  жҥйелерінің  қайта  қҧрылуы  жағдайында  жан-жақты  білімді, 
мәдениетті,  іскер,  белсенді  тҧлғаны  қалыптастыру,  сондай-ақ  тҧлғаның 
ӛзінің  тӛл  мәдениетіне  сай  болуына  жағдайлар  жасау  қажеттілігі 
бҧрынғыдан да айқындала тҥсуде. 
 
Себебі бҥгінгі қоғам дамуының басты және кҥрделі міндеттерінің бірі 
-келешегіміз  жеткіншек  жас  ҧрпақты  тәрбиелеуде  біліміне  біліктілігі  сай 
мамандар даярлау ісін жоғары деңгейге кӛтеру. Ал ҧлт мектептерінің қоғам 
алға  қойған  талаптар  деңгейінен  кӛрінуі  де  болашақ  мамандар  тҧлғасына 
байланысты. 
 
Осы  тҧрғыдан  алғанда  қазіргі  денешынықтыру  әдіс-тәсілін  жетік 
меңгерген  мҧғалімдері,  әсіресе  халықтық  педагогикадағы  ҧлттық 
ойындарды  денешынықтыру  іс-әрекеттерде  пайдалану  жӛнінде  ғылыми-
теориялық,  әдіснамалық,  әдістемелік  даярлық  сапасын  арттыру  ӛзекті 
мәселе.  Сондықтан    денешынықтыру  іскерлігіне  әдістемелік  даярлығына 
қоятын  қоғамымыздың  жаңа  әлеуметтік  тапсырыстары,  ең  алдымен,  осы 
даярлықтың мазмҧнын, формалары мен әдістерін ӛзгертуді, екіншіден, оны 
халыққа білім берудің бҥкіл жҥйесін жаңарту мен қайта қҧру принциптеріне 
сай  дамытудың  негізінде  айтарлықтай  жаңа  деңгейге  кӛтеруді  кӛздейді. 
Бҧның  бәрі,  тҥптеп  келгенде,  нҧсқаушыларды  жеткіншектердің  мектептен 
тыс  уақытындағы  денешынықтыру  іс-әрекеттерінде  ҧлттық  ойындарды 
тәрбие  кҧралы  ретінде  пайдалана  білуге  даярлығын  қалыптастырудың  аса 
кӛкейкесті проблема екендігін дәлелдейді. 
 
Жоғарыда  айтылғанның  бәрін  ескере  отырып,  ең  алдымен, 
қарастырылып  отырған  проблеманың  теориялық-әдіснамалық  негізін 
дәлелдеу  мақсатында  ғылыми  еңбектер  мен  әдебиеттерге,  қҧжаттар  мен 
сӛздіктерге  талдау  жасай  отырып  «ойын»,  «ҧлттық  ойын»  т.б.  ҧғымдарға 
анықтама  бере  отырып  олардың  ӛзара  байланысын  жан-жақты  ашуды, 
сонымен қатар ҧлттық ойындардың денешынықтыру іс-әрекеттердегі тәрбие 
қҧралы екендігінің ғылыми-теориялық негізін айқындауды жӛн кӛрдік. 


11 
 
 
Алайда мҧғалімдер денешынықтыру іс-әрекетті ҧйымдастырып ӛткізу 
барысында ҧлттық ойындарды тәрбие қҧралы ретінде    пайдалануда    ойын, 
ҧлттық  ойын  ҧғымдарының  ғылыми-теориялық  мазмҧны  мен  ойындардың 
шығу  тарихы  туралы  тҥсінігі  болуы  керек.  Міне  сондықтан  да  біз  ең 
алдымен осы ҧғымдардың ғылыми-зерттелу тарихына, ғалымдардың берген 
анықтамаларына жан-жақты  талдау  жасай  отырып,   ӛз  анықтамамызды  
да беруге талпындық. 
 
Ойын атаулы, оның ішінде ҧлт ойындары - жастықтың символы. Олай 
болса  дҥниеге  келген  әрбір  адамның  сәби  шағынан  қарттыққа  дейін  ҧзақ 
ӛмір жолындағы жан серігі. Адамды адамдық дәрежеге жеткенге дейін дене, 
ой,  ес,  қиялын  шынықтырып  жаттықтырушы,  ой-арманын  ҧштап 
қанаттандырушы  -ӛмір  серігі.  Жақсы  мен  жаманды,  оң  мен  солды,  әділдік 
пен  әділетсіздікті  айыра  білуге  жетекші.  Адамның  әр  кезде,  жадында 
жҥретін  ақылшы  -  серігі.  Сондықтан  ол  сӛзінің  табиғатынан  әр  кезде  де 
әлеуметтік,  әр  кезде  де  оқытушы-педагог  рӛлін  атқаратыны  сӛзсіз.  Ол 
дҥниеге  келген  сәбидің  жанынан  екі  елі  қалмайтын  кӛлеңкесі  іспеттес. 
Жеткіншектер оған саналы, санасыз тҥрде әр кез мҧқтаж болып келеді. Осы 
мҧқтаждықты  айқын  бағалай  алмаған  кӛптеген  ғалымдар  дҥниеде  идеялар 
кҥресін  қоздырып  бҥтін  дҥниені  екі  ҧдай  кҥрес  аренасына  бӛлген  кезде  - 
материализм  мен  идеализмнің  кҥрес  аренасына  айналдырып,  ҧзақ  дәуірге 
ҧластырып  келді.  Біз  ішінара  бҧл  мәселелер  туралы  пікірімізді  айта 
отырғанмен  негізгі  мәселе  ҧлт  ойындарының  әлеуметтік-педагогикалық, 
қоғамдық,  жалпы  әлемдік  қҧбылыс  екеніне  баса  кӛңіл  бӛліп  пікір 
ӛрбітпекпіз. 
 
Қазақтың  ҧлттық  ойындарының  әлеуметтік-педагогикалық  маңызы 
туралы  пікірді  біз  тек  қазақ  айналасында  ой  қозғаумен  шектелуден 
аулақпыз. Олай болатыны ойын әр кезде, әр уақытта жалпы әлемдік маңызға 
ие.  Сондықтан  ол  әр  кезде  интернационалдық  маңызға  ие  болып  қала 
бермек. Ойында шекара деген жоқ. Ойнаушының кӛңіліне қонса болды, тіл 
білуді қажетсінбей-ақ ойнай береді. 
 
Қазақ  халқының  рухани  мҧралары  кезінде  қағазға  тҥспей  ауызша 
айтылып,  ауыздан-ауызға  ілініп,  кӛпшіліктің  кҧлағына  жетіп  игілігіне 
айналған. Ойын туралы пікірі де қағазға тҥспей ауызша айтылып келе-келе 
ҧмыт  болған.  Бҥгінгі  жерде  ол  пікірлер  емес,  ойынның  ӛзі  қажет  болды. 
Сондықтан  сонау  орта  ғасырлардан  бастап  қазақтар  туралы  батыс  пен 
шығыстың 
жазжеткіншектеррында 
айтыла 
қалса, 
ол 
халықтың 
этнографиялық мәліметтерінде, ҧлттық ойындары, ойын-сауықтары туралы 
айтылмай, ескерілмей кетпейді. Бҧл ҧлт ойындарының әлеуметтік негіздері 
мен  мәні  туралы  мәліметтер  бергенімен  педагогикалық  тҧрғыдан  толық 
мәлімет  бермейді.  Соларды  оқи  отырып  біз  ескі  жазжеткіншектеррдың 
қарапайым,  ашық-жарқын  пікірлерінен  кӛшпенділер  ӛмірінде,  тҧрмысында 
ойын-сауықтарының  ҥлкен  тәрбиелік  рӛл  атқарғандығының  куәгері 
боламыз.  Олай  болса  ҧлттық  ойындардың  әлеуметтік-педагогикалық 
маңызы туралы ілімнің дамуы туралы ой-пікірді кең мағынада алып қарауды 
мақсат  етеміз.    Бҧлай  дейтініміз  бҥгінгі  мәдениеттің  негіздерін  анықтаған, 


12 
 
анықтауға  ниет  білдірген  (қайта  ӛрлеу  кезеңінен  бергі  дәуірде)  адам 
жеткіншектерсының  зиялы  қауымы  мәдениеттің  кӛне  нҧсқаларының 
бастауларын  кӛне  грек  мәдениетінен  тарататыны  белгілі.  Сондықтан  ҧлт 
ойындарының  әлеуметтік-педагогикалық  маңызы  туралы  кӛне  грек 
ойшылдарының  пікірлерінен  ілгері  пікір  айтқан  ойшылдар  некен  саяқ 
кездеседі. Олай болса, бҥгінгі жҧртшылыққа ҧлт ойындарының тіпті, ойын 
атаулының адам ӛмірінен, әлеуметтік ортадан қандай орын алатының, оның 
маңызын айтып жеткізудің ӛзі қиындыққа соғар еді. 
 
Қорыта  айтқанда,  осының  бәрінің  бастау  алатын  жері  тҥп  негізі  сол 
бірқарапайым  халық  ойындарының  негізінде  туып  ӛрбуі,  қҧлаш  жайып 
ҥлкен  маңызға  ие  болуы  барлық  мәдени,  әдеби  туынды            мен          ӛнер   
атаулының, тіпті    жаңалықтың     жаршысы солардың халық санасына жол 
табатын  орнын  туғызуға    мҧрындық    болар    ҥлгісін      беруі      ойынның     
тәрбие    жҧмысындағы  алғашқы  екенін  дәлелдеп  жатуды  қажет  етпейтінін 
кӛрсетеді. 
 
Ҧлт  ойындарының  тууы  да,  дамуы  да  әлеуметтік.  Ӛйткені  оны 
туғызушы да, іске қосып дсерегіне жаратушы да әлеумет. Ойын әлеуметтік 
ортада  ғана,  ӛзін  жасап,  ӛмірге  әкелушілерінің  қажетін  ӛтей  алады.  Осы 
қажеттікті  адам  жеткіншектерсының  ӛзі  кӛздеген  мақсатына  жеткізу  ҥшін, 
онымен айналысушылар кӛпшілік халық алдына алып шығып кӛрсету ҥшін 
оны  ӛңдеп,  қырлап,  шыңдай  тҥседі.  Ол  ҥшін  ӛзінің  ақылы  мен  қайратын 
жҧмсайды.  Ойынды  ойдағыдай    шығару  ҥшін,  кӛпшілікке  кӛрсету  ҥшін 
жаттығады,  тер  тӛгеді,  ҥлкен  еңбек    мектебінен  ӛтеді.  Бҧл  жағынан  алып 
қарағанда  ол  мектептің  қызметін  атқарады.  Бҥгін  біз  осындай  ойынның 
былайғы жҧртқа кӛріне бермейтін ішкі астарын аздап қана ашып айтсақ - ол 
әлеуметтік-педагогикалық  негізі  болып  шығады.  Ойынның  бҧл  кӛзге 
кӛрінбейтін  қасиеттері  бҥгінгі  жастардың  да  ӛзіндік  дара  қасиеттерін, 
ерекшеліктерін  айқындай  тҥсетін,  ӛмірден  ӛз  орнын  табуына,  ӛзіне-ӛзінің 
сенімі  мол  әлеумет  қажетін  ӛтей  алатын  азамат  болып  тәрбиеленуіне,  оны 
жетілдіре тҥсуге ӛз ҥлесін қосатыны да анық. 
 
Ҧлт  ойындарын  мектептегі  педагогикалық  іс-әрекеттің  керегіне 
жарату  туралы  пікірді  тыңғылықты  қоя  білген  Г.А.Покровскийдің      еңбегі   
де  аз  емес.          Жеткіншектерді        жан  -  жақты  тәрбиелеу  әдісін  іздестіру 
барысында  Г.А.Покровский    бірден  бір  тиімді  қҧрал  деп  ҧлт  ойындарына 
кӛңіл  аударып,  оны  жеткіншектерді  табиғи  тәрбиелеуде  әрі  тартымды, 
таңдаулы тәрбие қҧралы деп білді [8]. 
 
Қазақтың  ҧлт  ойындарын  жинап  баспа  орындарына  ҧсынушылардың 
бірі Ә.Ә.Диваев болғанын біз жоғарыда келтірдік. Ә.Ә.Диваев қазақтың ҧлт 
ойындарын  тек  жинап  қана  қойған  жоқ  оның  жеткіншектер  тәрбиесіндегі 
маңызын  кӛре  біліп,  оның  тәрбиедегі  орнын  белгілеуге  тырысты.  Ол 
қазақтың  ҧлт  ойындарының  әлеуметтік  негізін  анықтауға,  білуге  ҧмтылды. 
Ол  ӛзінің  «Қырғыз  (Қазақ)  жеткіншектерының  ойыны»  [9;  48б].  деген 
еңбегінде 
Қазақ 
халқының 
қалыптасқан 
әдет-ғҧрыпына 
орай 
жасӛспірімдерді негізінен ҥш топқа бӛледі:  
 
а/ бір жастан жетіге дейін; ә/ жеті жастан он бес жасқа дейін; 


13 
 
 
ә/  он  бестен  отызға  дейін.  Осыны  негізге  ала  отырып  қазақтың  ҧлт 
ойындарында ҥш топқа бӛлген.  
 
Бірінші топқа сәбилер ойыны деп ат қойып, жеткіншектердің дҥниеге 
кӛзқарасын  қалыптастыратын  ойындарды  жатқызады:  Соқыр  теке,  Тҥйе 
тҥйе, Кӛк сиыр, Ҥйшік-ҥйшік, Қой бағу, Бӛрік жасырмақ т.б. Екінші топтағы 
ойындарды  бозжеткіншектер  ойыны  деп  атап,  оған  Орда,  Домалақ  ағаш, 
Бӛрік жасырмақ, Тақия телпек  т.б. Ҥшінші топтағы ойынды жігіттер ойыны 
деп  атайды  да,  осы  хопқа  жататын  ойындардың  ӛзін  ҥш  топқа  бӛледі  [9; 
15б]. 
 
1.  Қоғамдық  ӛмірге  байланысты  қазақ  халқының  ҧғымында  ерте 
қалыптасқан «Хан жақсы ма?» ойыны. 
 
2.  Жедел  қимылды  ойындарды  -  Ақсҥйек,  Ақшамшық,  Тиын  салу, 
Алтыбақан, Арқантартыс, Белбеу тастау, Шертпек, Кӛрші т.б. жатқызады. 
 
3.  Спорттық  маңызы  бар  ойындар  -  Бәйге,  Кӛкпар,  Тҥйе  жарыс, 
Аударыспақ, Жамбы ату, Жаяу жарыс, Жорға жарыс, Қазақша кҥрес, Кҥміс 
алу, Қыз қуу, Сайыс, Таяқ жҥгірту т.б. жатқызды. 
 
Бҧл біздің заманымызға дейін қазақтың ҧлт ойыны туралы бҧрынды-
соңды айтылған, әлі кҥнге дейін ӛз кҧнын жоймай келе жатқан ғылыми пікір 
айтуға ниет білдірген алғашқы еңбек болғанын айтуға тиіспіз. 
 
Ал  зерттеуші  А.Қ.  Айтпаеваның  «Қазақ  халық  ойындары  - 
жеткіншектерді тәрбиелеу қҧралы» атты еңбегінде - орыс тілінде оқытатын 
мектептердің жеткіншектердің оқущыларын тәрбиелеу қҧралы ретінде қазақ 
ҧлттық ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, 
қазақ  халык  ойындарының  педагогикалық  жіктемесін  негіздеп,  олардың 
тәрбиелік мҥмкіндіктерін айқындаған [6]. 
 
Ҧлттық  ойын  туралы  ғалым  Т.Ш.  Қуанышевтың  «Болашақ  дене 
тәрбиесі  мҧғалімдерін  ҧлттық  ойын  қҧралдары  арқылы  даярлау»  атты 
кандидаттық  диссертациясында  -  болашақ  дене  тәрбиесі  мҧғалімдерін  оқу 
сабақтарында  қазақ  халық  қимыл-қозғалыс  ойындарын  пайдалану  арқылы 
жҥргізуге  даярлаудың  педагогикалық  және  практикалық  проблемалары 
бірінші  рет  тҧтас  педагогикалық  процесс  тҧрғысынан  қаралып,  «болашақ 
мҧғалімдерді»  оқу  процесін  қазақ  халық  қимыл-қозғалыс  ойындарын 
пайдалану арқылы ҧйымдастыру және ӛткізу даярлығың тҥсінігіне анықтама 
берілген [5]. 
 
Қорыта  келгенде  біздің  жоғарыда  берілген  анықтамаларымыз  бен 
сілтеулерімізді  әр  зерттеуші  ӛздерінің  зерттеу  объектілеріне  қарай 
пайдалануына  болады.  Біз  осыларды  жҥйеге  келтіре  отырып,  нактылай 
тҥсеміз.  Біздің  пагшдауымыз  бойынша:  «ҧлттық  ойындар  дегеніміз  -  әрбір 
ҧлттың  алдыңғы  аға  ҧрпақтарынан  кейінгі  жас  ҧрпақтарға  жеткен  ақыл-
ойының,  іс-әрекеттерінің,  қоғамдық  санасының  әлеуметтік  ӛмір  сҥру 
тәжірибесінің  тәрбиелілік  мәні  бар  қҧралдары,  -  деп  анықтасақ  ал,  «ойын» 
деп  отырғанымыз  —  адамзаттың  дене,  ой,  ес,  қиялын  шынықтырып 
жаттықтынушы, арман-мҥраттарын қанаттандырушы ӛмір серігі». 
 
Демек,  ҧлттық  ойындарды  жеткіншектердің  мәдениеттік  іс-
әрекеттерін  ҧйымдастыруды  тәрбие  қҧралы  ретінде  және  денешынықтыру 


14 
 
әрекеттерінде салтын қҧруда пайдалану тиімдіде де қажетті мәселе.  
Бҥгінгі    кҥні  қазақ  қоғамында    кҥн  тәртібіндегі  бірінші  проблема 
ҧлттық идеология болып тҧр.  Себебі, қандай қоғам болса да алдына айқын 
мақсат  қойып,  соған  жетудің  жолын  іздейді.  Ал    біз  болсақ,  тәуелсіздік 
алғанымызға он жылдан асса да, осы кезге дейін болашақ даму жолымызды 
әлі айқындап алған жоқпыз. 
 
Әрине,  әртҥрлі  тілде  сӛлейтін,  әртҥрлі  дінді  ҧстанатын,    әртҥрлі 
мәдениетті  бар  халықтардың  бәріне  ортақ  бір  идея  табу  оңай  шаруа  емес. 
Бірақ  та  бәріміз  бір    мемлекетте,  бір    қоғамда  ӛмір  сҥргеннен  кейін,  бізге 
ортақ  ӛмір  салтын  ҧстануға  тура  келеді.  Яғни,  қайткен  кҥнде  де  осы 
Қазақстанда  тҧратын  адамдардың    бәрі  алдарына  бір  ортақ  мақсат  қойып, 
бір-бірімен тіл табысып, тату-тәтті ӛмір сҥрулері керек. 
 
Біз  Қазақстанды  қанша  кӛп  ҧлтты  десек  те,  мҧнда  негізінен  ең  кӛп 
тҧратын  қазақтар,  одан  кейін  орыстар.  Сол  себепті,  бҧнда  тҧратын 
халықтардың тыныштық пен бейбітшілікте ӛсіп-ӛркендеуі осы екі этностың 
қарым-қатынасына  тікелей  байланысты.  Бізідің  елімізде  жеткіншектер  мен 
жастарды тәрбиелеу – бҥкіл халықтық іс болып отыр. Осымен байланысты 
жанҧясының,  мектептің,  әрбір  еңбек  ҧжымының  жеткіншек  жастарды 
тәрбиелеу  жауапкершілігі  кҥшейіп  отыр.  Жеткіншектерді  тәрбиелеу  ісімен 
айналысатын  адамдардың  қай-қайсысы    болмасын,  оқытып  тәрбие  беру  
барысында  жеткіншектерның  денсаулығы  жӛнінде  жан-жақты  хабары 
болуға тиісті екендігін ӛмір тәжірибесі кӛрсетіп отыр. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет