Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет39/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   97
Байланысты:
Фонетика дарис.

Диссимиляция

          Диссимиляция (лат. dissimilis - өзгешелену, ұқсамау) – бірінен кейін бірі қатар келіп тұрған дыбыстардың өзара әсері

нәтижесінде біреуінің артикуляция жағынан алшақтап, өзгеріске түсуі. Диссимиляция комбинаторлық өзгерістің бір түрі,

ассими-ляцияға қарама-қарсы құбылыс. Диссимиляция құбылыс ретінде сөз ішінде немесе морфема жігінде бір дыбыстың

қатар келуіне байланысты көрініс табады. Бұны тіліміздегі байырғы сөздерден гөрі басқа тілден енген сөздерден айқын

аңғаруға болады. Мы-салы, араб тілінен енген  алла, мола, күллі  сөздерінің  алда, молда, күлді  болып айтылуынан қатар

келген   екі   л   дыбысының   соң-ғысы   диссимиляцияланатынын   байқауға   болады.   Сол   сияқты  Мұхаммед   –   Мұқаммет   –



Мұқамбет – Мақамбет, уммәт – үмбет, хамма - әмме - әмбе мысалдарынан мм тіркесімінің мб-ға, ал суннат – сүндет,

таннур – тандыр сөздерінен нн дыбыс-тық тіркесімінің нд болып өзгергенін көруге болады. Қазақтың төл сөздерінің ішінде

ыссы(қ) – ыстық, ащы – ашшы – ашты  сөздерінің құрамында да  сс-ст, шш-шт  диссимиляциясы кез-деседі. Ал тарихи

фонетика тұрғысынан қарар болсақ, онда дис-симиляция жолымен қалыптасқан сөздер көбейе түседі. Мыса-лы, -лар, -лер,

-дар,   -дер,   -тар,   -тер  көптік  жалғауының  л-дан басталатын  варианты  алғаш,   д  және  т-дан  басталатындары  кейін  пайда

болғандығын еске алсақ, қолдар, құмдар, күндер сөзде-ріндегі көптік жалғауы қоллар, құмлар, күнлер түрінде қолда-нуы

керек еді. Басқа тілдерде диссимиляция ілгерінді-кейінді ықпалдар арқылы жүзеге асса, қазақ тілінде тек қатар тұрып, іл-

герінді   ықпал   арқылы   ғана   көрініс   табады.   Қазақ   тіліндегі   дис-симиляция   фономорфологиялық   құбылыс.   Нәтижесіне

қараған-да, диссимиляция – ассимиляцияға қарама-қарсы құбылыс. Ас-симиляция құбылысы бойынша әр басқа дыбыстар

біркелкі не-месе өзара ұқсас дыбыстар болып үндессе, диссимиляция құбы-лысы бойынша біркелкі немесе өз ара ұқсастығы

аз дыбыстар болып өзгереді. Диссимиляция құбылыс қазіргі тілімізде асси-миляцияға қарағанда сирек кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет