ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №3 (121), 2021
ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
165
Қабірхана есігінің жақтаушасындағы жазулар. Қазақ тіліндегі аудармасы: Пайғамбар,
ол
кісіге сәлем болсын, айтты: «...Әй, мүлік иесі Алла! [Кімге қаласаң] мүлік бересің...»
Пайғамбар, ол кісіге сәлем болсын, айтты: «Уақыты өтпей тұрып намаз оқуға
асығыңдар, ажал келмей тұрып тәубаға келуге асығыңдар». Алланың елшісі рас айтты!
Пайғамбар, ол кісіге сәлем болсын, айтты: «Ілім іздеу – барлық мұсылман еркекке және
әйелге парыз». Алланың елшісі рас айтты! Ол кісіге игілік болсын!
Пайғамбар, ол кісіге сәлем болсын, айтты: «Дүние өткінші, сен дүниеде (Аллаға)
бағынып өт».
Пайғамбар, ол кісіге сәлем болсын айтты: «Дүниеде сый-құрметке бөлену – мол
байлықпен болса, ақыретте сый-құрметті иелену – дүниедегі ізгі істердің көптігімен
болады».
Пайғамбар, ол кісіге сәлем болсын, айтты: «...Йә, Алла Мұхаммедке игілік бер...
...Мұхаммед... ...әл-Хасанға және Хусайынға, ...мухажирлер мен ансарлар... ...Алла жақтан
бір көмек және жақын бір жеңіс бар» ...Алла. Мұхаммед. Хасан. [8, 151-б.].
Жақтаушалардағы жазулардың көп бөлігі өшіп қалған, жартылай оқылады немесе
кейбір сөздері мен әріптері ғана оқуға келеді, жазуларда аяттан үзінділер және хадистер мен
даналық сөздер кездеседі. Есіктер екі бетінен ағаш, сүйек, алтын, күміс әшекей-өрнектермен
өрнектелген. Әртүсті ағаш қиындыларымен және піл сүйектерімен жапсырып әшекейленген
өрнектерінің біразы тозған.
Шеберлер есіктің берік және әсем жасалуымен қатар, рәміздік мән-мағынасын арттыру
үшін оған символдық мәнге ие ою-өрнектер, терең мағыналы хадистер мен нақыл сөздердің
бедерленуіне көңіл бөлген. Есіктің өзі үш бөлікке бөлінген. Жалпы пішіні Жамағатхана
есігіне ұқсас, есіктің жоғарғы тұсындағы екі шаршының ішінде ойылып өрнектелген гүл мен
жапырақтардың арасында сулус қолтаңбасымен жазылған Пайғамбардың (ғ.с.) хадисі орын
алған (3-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: