`(сырты)Білім беру және «Қазақстанның педагогикалық академиясы»


Дені сау болған керемет !



Pdf көрінісі
бет19/56
Дата17.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#25796
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
Байланысты:
эссе жазуға көмекКІТАП

Дені сау болған керемет ! 

Жоспар: 

І Кіріспе 

Денсаулық – басты байлық 

ІІ Негізгі бөлім 

1.Денсаулықтық жаулары 

2. «Ұяда не көрсең» 

ІІІ Қорытынды 

Дені сау болу өз қолымызда 

 

 

           «Бірінші байлық  - денсаулық»  демекші,  әр адам өз денсаулығын күтіп 



ұстауы қажет.Кейбір адамдар әр түрлі жолмен ақша табу үшін өз денсаулығын  

жоғалтып  алуда.Егер  деніміз  сау  болмаса,  байлықтан,  басқа  қызықтан  не 

пайда?! Дүниеде ешбір нәрсе де денсаулықтың теңі бола бермейді. Сол себепті 

денсаулығымызға  залалын  тигізетін  кейбір  нәрселер  жайлы  білгеніміз  жөн. 

Солардың  бастылары  ретінде  денсаулықты  құртатын,адамды  көп  жағдайда 

өлімге  де  жетелейтін,  барлық    ауруға  жол  ашатын,  көп  қылмыстардың 

жасалуына  себеп  болатын:  арақ  ішу,  темекі  тарту,  нашақорлықты  айтуға 

болады.  Осылардың  қай-қайсысы  да  жас  балаға  да,  үлкен  адамға  да  өте  зиян 

алып  келеді.  Әсіресе,  нашақорлық  -  ғасыр  індеті.  Кейбір  адам  өмірінде 

кездескен қиыншылыққа шыдамай,  есірткі  қолданады да, оның шырмауынан 

құтыла алмай қалады. Естуімше, нашаның дәмін бір рет татып көрген адам оған 

мәңгілік  тәуелді  болып  қалады  екен.  Сол  себепті  есірткіні  мүлдем  қолданбау 

керектігін  әрбіріміз  айқын  білгеніміз  жөн.  Ал    кейбір    жастарымыз        темекі 

шегуді      сән  көреді  екен.      Біз  бұл  өмірге    темекі  тартып,    ішімдік  ішу  үшін 

келген    жоқпыз  ғой.  Содан  соң  қымбат  тұратын  осы  заттарды  алу  үшін  ата-

анасы  мен  үлкендерге,  мектептегі  достары  мен  мұғалімдеріне    өтірік    айта 

бастайды,  тіпті  кейде  ұрлыққа  да  баруы  мүмкін.  «Жамандық  жамандыққа 



23 

 

жетелейді»  -деген  сөз  бар.    Бір  рет  басталған      нашақорлықтан    арылу    үшін  



анаңның  ,    туған-туысқандарыңның  көз  жасы  да  тоқтата        алмайды.  Түрлі 

сериалдар  мен  кинолардан  көріп  жүргеніміздей,  нашақорлыққа  бір  рет  үйір 

болған  адамның  өмірі  де  астан-кестен  болады.  Отбасының  берекесі  қашып, 

балаларына дұрыс тәлім-тәрбие бермек түгілі, олардың да теріс жолға түсуіне 

зардабын тигізеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, әрбір адам 

келешегін  ойлауы  керек.  Өз  басын  ғана  ойламай,  қасындағыларға  қалай  әсер 

ететінін  де  біліп  жүргені  дұрыс.  Егер  біздің  қасымызда  нашақор  адам  жүрсе, 

бізге  де  тыныш,  жайлы  өмір  жоқ.  Ендеше,  осы  бір  індетпен  күресуіміз  керек. 

Меніңше,  деніміз  сау  болып  өмір  сүргеннен  артық  ештеңе  жоқ.  Ал  енді 

денсаулығымыз  мықты  болу  үшін  не  керек?  Ең  алдымен,  күн  тәртібін  құрып, 

сол тәртіпке өз-өзімізді бағындыра білуіміз керек. Сондай-ақ ең керегі – спорт 

пен  өнерді  жанымызға  серік  ету.  Білім  ала  жүріп,  жаман  әдеттерден  жирене 

білуді айқын білген жан ешқашан да өз-өзіне жамандық жасамайды. Болашағын 

ойлаған  адам  бала  кезден  өзін  тек  жақсы  әдеттермен  дос  болуға 

қалыптастырады.  Сондықтан  біз  де  зиянды  әдеттерден  арылып,  ертеңгі  күні  

өмірімізге  үлкен соққы боларын  бүгінгі күннен ойлауымыз қажет. 

    Қорыта  келгенде,  денсаулығымыздың  мықты  болуын  ойласақ,  уақытында   

пайдалы тамақ  ішіп,  спортпен айналысып, денемізді шынықтырып, уақытында 

дене еңбегі мен ой еңбегін алмастырып отырсақ екен. Адам баласына ең басты 

байлық  деп  берілген  денінің  саулығы  өзінің  қолында  екенін  естен 

шығармағанымыз жөн. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»- деген 

нақыл  сөз  бәрімізді  ойландыруы  керек.  Ешкім  де  темекі  тартпаса,  есірткі 

пайдаланбаса,  дүниеге  келер  балалардың  дені  сау  болып,  ешбір    адамның   

денсаулығына  зиян  келмес    еді.    Деніміз  сау    болса,    ешқандай      ауруға  

шалдықпай,      өмірімізді    қызықты    өткізер  едік.  Сонда    өміріміз    мәндіде 

мағыналы  болар еді. Шынында да, дені сау болғанның қандай керемет екенін  

біле жүрейік!Денің сау болса, өмір де қызық, айналамыз да құлпырып, өзіміздің 

пайдамызды қоғамымызға тигізіп, отбасын құрып, ұрпақ тәрбиелеп, ата-анамыз 

бен жақындарымызды қуанышқа бөлеп, бақытты өмір сүрер едік! Адамға бір-ақ 

рет  берілетін  өмірде  бақытты    болғанға  не  жетсін!  Өз-өзімізге  қатаң    талап  

қойып,  сол  талабымызға  жете  білсек,  соның  өзі  де  бақыт  емес  пе?!  Бақытты 

болғымыз  келсе,  деніміздің  сау  болуы  өз  қолымызда  екенін  ешқашан  естен 

шығармасақ екен! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет