-нун, -нүн, -тын, -тин, -дын, -дин қосымшаларын (варианттарымен) жатқызады [2].
Көне жазбалардағы сияқты қазіргі түркі тілдерінде де ілік септігі бір топ тілдерде дауыстыдан,
бір топ тілдерде дауыссыздан басталып тұр. Көне ескерткіш ретінде саналатын Орхон-Енисей
жазбаларындағы қолданысында аталған септік дауыстыдан басталатындықтан, қазіргі кей тілдердегі
сондай қолданыс көне тілдің заңды жалғасы іспетті.
Дауыссыздан басталатын жəне ілік септігі жалғауының толық түрі кездесетін тілдер ретінде
қазақ, қарақалпақ, ноғай, қырым татарлары, татар, алтай, башқұрт, ұйғыр, өзбек, тофалар, хақас, шор
сияқты тілдерді айтуға болады. Бұл тілдерде -ның жалғауы үндестік заңына байланысты бірнеше
варианттарымен қолданылады.
Өзбек тілінде ілік септігі жалғауының -нинг деген варианты бар да, ол үндестік заңына қатысты
ерекшеленбей, барлық жағдайда бір ғана нұсқада жалғанады.
Ілік септігі жалғауының дауыссыз дыбыстан басталғанымен, басқа тілдердегідей ң дыбысы емес,
н дыбысы арқылы келетін түрі қырғыз, қарайым, əзербайжан, гагауз тілдеріне тəн.
Қырғыз тілінде ілік септігі жалғаулары -нын, -нин, -нун, -нүн, -дын, -дин, -дун, -дүн, -тын, -тин, -
түн, -тун, қарайым тілінде -нын, -нин, -нун, -нюн, əзербайжан, гагауз тілідернде -нын, -нин, -нун, -нүн
варианттары басқа түркі тілдеріндегідей ң арқылы емес, н-мен беріледі. Ілік септігіне қатысты бұл
тілдердегі осы ерекшеліктер қырғыз тілін қырғыз-қыпшақ тобына енетін тілдің бірі алтай тілінен,
қарайым тілін басқа түркі тілдерінен айырмашылығын көрсетеді. Ал əзербайжан, гагауз тілдерінде
ілік септігі жалғауының дауысты дыбыстан басталатын вариантымен қоса, сөз дауысты дыбысқа
біткен жағдайда жалғанатын ілік септігінің қосымшасы ретінде қолданылады. Айта кететін бір
жағдай, бұл тілдерде оғыз тобындағы түрікмен тілімен салыстырғанда ерекшелік ң дыбысының
болмауына да қатысты болып отыр.
Ілік септігі жалғауының келесі варианты дауысты дыбыстан басталуымен ерекшеленіп, оғыз
тобындағы түрік, түрікмен, гагауз, əзербайжан тілдерінде кездеседі. Бұл тілдерде ілік септігі
жалғауының дауыстыдан да, дауыссыздан да басталатын түрлері бар жəне ол сөздің соңғы дыбысына
қатысты өзгеріп жалғанады. Яғни сөз дауыстыға бітсе, қосымша дауыссыздан дауыссызға бітсе,
дауыстыдан басталуы түркі тілдерінде екі дауыстының қатар келмеуіне байланысты болып тұр.
Оғыз тобындағы тілдердегі ілік септігі жалғауының варианттары дауысты немесе дауысыздан
басталуымен жəне н-ң дыбыстарының сəйкестігі арқылы көрінеді де түрік тілінде -(n) in; түрікмен
тілінде -ың, -иң, -уң, -үң, -ның, -ниң, -нуң, -нүң; гагауз, əзербайжан тілдерінде -ын, -ин, -ун, -үн, -нын,
-нин, -нун, -нүн варианттары арқылы беріледі.
Түркі тілдерінде ілік септігі жалғауының соңғы дауыссызы жоқ, яғни дауысыздан басталып
дауыстымен аяқталатын нұсқасы да орын алып, ол құмық, қарашай-балқар, салар тілдерінде
кездеседі. Бұл тілдерде ілік септік -ны жалғауы жəне оның -ни, -ну, -ню /-нү/ варианттары арқылы
беріліп, табыс септігі қосымшаларымен сəйкес келеді: баланы-баланың, терезени-терезенің, уьйню-
үйдің, коьльню-көлдің (құмық), тауну-таудың, къойгъа-қойға, эшекни-есекті (қарашай-балқар),
ташны-тастың, ініні-інінің, сусыны-суының, қолымны-қолымның (салар).
Қарашай-балқар тілінде ілік септігі жалғауы жай септеу мен тəуелді септеуге байланысты
ерекшеленеді. Көптеген түркі тілдерінде барыс, табыс, жатыс септіктерінде тəуелдік жалғаудың І-, ІІ-,
ІІІ-жақтарынан кейін қосымша жай септеуден ерекшеленіп жалғанатыны белгілі. Ал қарашай-балқар
тілінде бұл көрініс ілік септігінде де орын алып, тəуелдік жалғаудың І-, ІІ-жағынан кейін ілік
септігінің қосымшасы -ы, -и түрінде жалғанады: жашым-жашымы, жашынг-жашынгы-ұлым-
Достарыңызбен бөлісу: |