267
12.2. Биологиялық активтердің келесі бағалануы мен есебі
Биологиялық активтерді сатып алу мынадай есептер корреспонден-
циясымен көрсетіледі: 2610 «Жануарлар», 2620 «Көпжылдық екпелер»
шотының дебеті жəне 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа-
рына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»,
1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің
міндеттемелері
бойынша
жеке
қаржыландыру
жоспарына
сəйкес
міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының,
3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқамерзімді кредиторлық бе-
решек» шотының кредиті, 1041 «Демеушілік жəне қайырымдылық көмек
ҚБШ», 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының кредиті. Сатуға
шығындарды алып тастағанда, биологиялық активті немесе ауылшаруашылық
өнімін əділ құны бойынша алғаш тану кезінде, сондай-ақ əділ құнның өзгеруі
нəтижесінде туындайтын қаржылық нəтиже кірістер мен шығыстар құрамына
енгізіледі (6310 «Əділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер» шоты, 7410 «Əділ
құнының өзгеруі бойынша шығыстар» шоты).
Шығыстар алғаш танылған кезде сатуға шығындарды шегеруге байланыс-
ты. Өз шаруашылығында төлдеуден алынған жануарлардың жас төлі үнемі
тұрақты əрекет ететін комиссия құрған төлдеу актісінің негізінде төлдеу күні
кіріске жазылады, бұл ретте алынған төлдің құнына 2610 «Жануарлар» қосалқы
шотының дебеті жəне 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойынша жазба
жүргізіледі [12.1-кесте].
12.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: