Ауыспалы ережелер
Есептеу əдісімен бухгалтерлік есеп жүргізуге ауысқан кезде мемлекеттік
мекеме Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық
департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығымен
бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептер жөніндегі
нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№489 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009
жылғы 27 ақпандағы №89 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер-
мен жəне бюджеттік бағдарламалардың əкімшілерімен бюджеттік есептілікті
құрастыру жəне ұсыну ережесіне (Нормативтік құқықтық актілердің
мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5612 болып тіркелген), Бухгалтерлік есеп
ережесіне, Қаржылық есептілік ережесіне жəне Шоттар жоспарына сəйкес
жасалған бухгалтерлік баланстың тиісті сальдосына, Мемлекеттік мекемелердің
бухгалтерлік шоттары жоспарына өту сызбасы бойынша сəйкес активтер
мен міндеттемелерді тану критерийлерін ескере отырып, 2013 жылдың 1
қаңтарындағы жағдайы бойынша баланстың сальдосын ауыстырады.
|