Негізгі әдебиет: [ 1, 3, 8, 11, 14, 16]
Қосымша әдебиет: [30, 31, 34, 37, 39, 46, 47, Электр. әдеб 54,
55, 60]
7-
ші тақырып. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
құрылымының қалыптасуы
Елдің егемендігін танытатын 1993 жылғы қаңтардағы
Қазақстанның тұңғыш Конституция мемлекетіміздің тәуелсіздігін
ең жоғарғы заң тұрғысында саяси-құқықтық сипатта алғаш
бекіткен құжат еді. Бұл алғаш Коституцияның мемлекет
тарихында алатын орны туралы Елбасы «Қазақстан жолы» атты
кітабында былай деп жазады: «Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін
бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге
қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын
болашаққа деген сенімді жинақтаған «Негізгі Заң» қажет болды.
Тәуелсіз
Қазақстанның
Конституциясы
ашық
және
демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды
етуге тиіс болатын». Осылайша, 1993 жылы қабылданған
Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы егемендік
тарихындағы ең демократияшыл құжат болып табылған еді.
Алғашқы Конституцияның мәні мен маңызына келетін болсақ,
бұл құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт басты
43
мәселеге жауап беруі және соған жағдай жасауы тиіс болатын.
Оның біріншісі – мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін
нығайту, екіншіден – экономикалық реформаны жүргізе отырып,
елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшіншіден – жас
мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртіншіден – ішкі
саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата
заңда көрсету. Алайда, жоғарыда қамтылған төрт мақсатты шешіп
беретін баптар әуелгі Конституцияның жобасында барынша
қамтылмады. Тұңғыш Президент Н. Назарбаев та бұл ретте
тұңғыш Конституция жобасы әуелден-ақ еліміздегі саяси,
әлеуметтік-экономикалық үдерістен алшақ қалғанын
алға
тартады. Сөйтіп, уақыт өте келе, заман ағымы мен сұранысына
қарай, Бас заңымыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы
өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалды. Мәселен, сол
кездегі оқиғаларға зер салсақ, тұңғыш Конституция мемлекеттік
билікті бөлу қағидаты тұрғысынан республикада біртұтас
мемлекеттік органдардың жүйесін қалыптастыра алмағанын
аңғарар едік. Сол тұстағы оқиғаларға келсек, депутаттыққа
үміткерлердің бірі шағым жасап, соның негізінде XIII
шақырылған Жоғарғы Кеңеске сайлау бойынша Орталық сайлау
комиссиясының кейбір актілерін Конституциялық cот 1995
жылдың 6 наурызында Ата Заңға кереғар деп таныды. Оның
ақыры Жоғарғы Кеңес қызметінің тоқтауына әкеліп соқты.
Осындай олқылықтар жаңа Негізгі Құжаттың қажеттілігін
туындатқан болатын. Сондықтан да арада екі жыл өткенде 1995
жылы қазіргі Негізгі заң – Конституция қабылданды. Осылайша,
тәуелсіздік жылдары Қазақстанның мемлекеттігін айқындаған
Ата заң екі қайтара түледі.
Халық жүрегінен шығып, сынынан өткен – Ата Заң
Қазақстан тәуелсіздігінің тарихына жүгінсек, 1995 жылы
атқарылған жұмыстар елдің үлкен белестен бір аттағанын, басты
асуды асқанын айғақтар еді. Соның ішінде 1995 жылдың 30
тамызындағы Конституцияны қабылдаудың маңызы айтарлықтай
ерекше. Елдегі саяси өзгерістерге орай, сол жылы Тұңғыш
Президент Н. Назарбаевтың бастамасымен сарапшылар тобы
құрылып, олар әлемнің көптеген елдерінің Конституцияларын,
әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысында қабылданған Негізгі
44
Құжаттарды мұқият сараптаудан өткізді. Сарапшылар тобының
ғалымдары, саясаткерлер ғана емес, бұл іске Елбасы да етене
араласты. Тіпті, осы істің тізгіні Мемлекет басшысының қолында
болды, Тұңғыш Президент те бұған барынша жан-жақты
дайындықпен келді десек жаңылмаспыз. «Біз үшін дамудың
әртүрлі сатыларында тұрған, сан алуан әлеуметтік-мәдени,
ұлттық және басқа да ерекшеліктері, әртүрлі құқықтық жүйесі бар
елдердің Конституциясы басты мәселені – тұрақтылықты
нығайтудағы,
халықтың
әл-ауқатын
жақсартудағы
және
демократияны дамытудағы қол жеткен табыстарын ұғыну
маңызды болды. Ізденіс географиясы да ауқымды болатын – ол
Еуропаны, Азияны, Солтүстік және Латын Америкасын қамтыды.
Мен өз басым тікелей әлемдегі жиырма елдің конституциясын
талдап, олардан конспекті жасап алдым. Нәтижесінде, жаңа
Конституцияның қажеттігі туралы шешім қабылдамас бұрын
бізде бес жылдық жинақталған тәжірибе болды. Біз содан негізгі
басымдықтарды, мақсаттарды ажыратып, оларға жетудің
құралдарын үйрендік. Конституцияны қабылдау қарсаңында
ондаған
жылдар
бойы
азаматтарымыздың
ой-санасында
қордаланып қалған стереотиптерді жою үшін, мемлекет пен
қоғамды түбегейлі реформалау барысында пайда болатын
көптеген объективті және субъективті проблемаларды шешу үшін
бірнеше жылға созылған табанды жұмыстар атқаруға тура келді.
Иә, кейде біздің шешімдеріміз жартыкеш, ымырашыл сипатта да
болды. Кез келген жаңа істе болатыны сияқты, қателіктер де
жіберілетін. Осының бәрі сол кездерде анық өтпелі сипатта
болған мемлекеттік институттар мен заңнамалық қызметтерден
көрініс тауып отырды. Бірақ, сол бір қиын-қыстау жылдарды еске
алғанда, елімізді күрделі әлеуметтік катаклизмдерге соқтырмай,
аман сақтап, әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі
ретіндегі осы заманғы мемлекет құру үшін не керектің бәрін
істегеніме, мемлекетті құруға қызмет жасағаныма сенімдімін», -
деп жазады Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы.
1995 жылғы Конституцияны талқылау кезеңінде еліміздегі
беделді заңгерлерден бөлек, Францияның Конституциялық
кеңесінің өкілдері, осы елдің Мемлекеттік Кеңесінің мүшелері,
Ресей зерттеу орталығының ең беделді заңгерлері жобалық
45
жұмыстың жоғары талқылау шараларына атсалысты. Айта
кетейік, тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық
талқылауға салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген Негізгі
Заң да осы – 1995 жылы қабылданған Конституция. Қазір
келтіріліп жүрген ресми мәліметтерге қарасақ, құжатты
талқылауға 3 млн. 345 мың адам қатысыпты. Жұртшылық
тарапынан сарапталған 31 мың 886 ұсыныс түссе, соның 1 мың
100-і конституция жобасына енгізілген. Бұл жөнінде Елбасы:
«1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол
егемен Қазақстанда конституциялық құрылыс орнату үшін
бұрыннан
жинақталған
тәжірибелерді,
сондай-ақ
біздің
жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік
тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да,
кімде-кім еліміздің Негізгі заңының рухы мен маңызын терең
түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы
білуі керек», - деген болатын.
Сөйтіп, Тұңғыш Президенттің өзі бастама әрі ынталылық
жасап, сол кездері Еуропа мен Азияның, Солтүстік және Латын
Америкасының барлығы 20-дан астам дамыған және дамушы
елдерінің конституцияларын зерттеп, саралап, зерделеп шықты.
Сосын 1994 жылы өз қолымен Әділет министрлігіне жаңа
конституцияның жобасын тапсырған болатын. Нақ осы үлгі-жоба
бүгінгі Ата заңымыздың негізін қалаған еді. Ендеше, 1995 жылы
қабылданған Конституцияның да басты авторы – Қазақстан халқы
мен оның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев деп толық
сеніммен айтуға болады.
1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа
Конституциясын
қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған
сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Олардың 89,14 пайызы
жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады. Конституция
барлық қазақстандықтардың ой-пікірін есепке ала отырып
жасалған құқықтық-саяси құжат болды. Өйткені, Конституцияны
қалыптастыруға қалың қазақстандық жұртшылық тікелей қатыса
отырып, республикалық референдумда қабылданды. Бұл үдеріс
Ата Заңға ерекше үстем күш беріп, оның әлеуетін арттырады.
Осылайша, дүниеге келген Конституция тәуелсіз мемлекет
ретінде дамуымызға даңғыл болып, елдің бетке алған бағдарының
46
тұтастай бөлігін қамтып отыр десе де болады. Алайда, заман
ағымына қарай Негізгі заңымыздың өзгеріске ұшырауын да ешкім
жоққа шығара алмасы анық. Дегенмен, қазіргі һәм өмір бойғы
басты міндетіміз – Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған
Конституцияны қатаң ұстану. Яғни, басты талап – Ата Заңымыз,
Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын
жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті
мен парызы болуы тиіс.
Екіншіден, қолданыстағы Конституция республика өмірінде
экономикалық қана емес, саяси өзгерістерге де жол ашты. Қос
палаталы кәсіби Парламенттің жасақталуы да соның жарқын
айғағы. Түйіндей айтсақ, 1995 жылы қабылданған Ата Заң
мемлекеттің шұғыл бетбұрысын қамтамасыз етіп, Қазақстанның
қазіргі жеткен жетістіктерінің бірден-бір кепілі бола алды. Оны
дәлелдеп жатудың өзі де артығырақ.
2019 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының
қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қызметке кірісу кезінде
иннагурациялық сөзінде өзінің Президент лауазымындағы 10
басым міндеттерін белгіледі:
1. Халықтың табысын арттыру. ... Біздің азаматтарымыз
тыныш өмір сүруі, жұмыс істеуі және өз балаларын тәрбиелеуі, өз
жетістіктерімізді мақтан тұтуы үшін экономикалық өсу болу тиіс.
2. Сыбайлас жемқорлықты жою. ... Сыбайлас жемқорлық-
мемлекеттің дамуын тежейтін ауру, бұл қоғамдағы өзара сенімге
және мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс.
3. Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау Сот
әділдіктің соңғы сатысы болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің
негізгі міндеті-халықтың сеніміне ие болу.
4. Халық үшін жаңа жұмыс орындарын ашу және лайықты
жалақыны қамтамасыз ету. Ұлттық кірістерді әділ бөлу-бұл
стратегиялық маңызды мәселе.
5. Тұрғын үй мәселелерін шешу. Әртүрлі санаттағы
азаматтардың қолжетімді тұрғын үй алуына ерекше назар аудару
қажет. Біздің алдымызда біртұтас тұрғын үй саясатын әзірлеу
міндеті тұр.
6. Әділ әлеуметтік саясат. Біз адами капиталды дамытуды
жалғастырамыз. Бұл-жалпыға бірдей оқытуды қолдау, бүкіл
47
халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету. Біз мұғалімдер
мен дәрігерлердің мәртебесін арттыратын, олардың құқықтарын
қорғайтын жаңа заңдар қабылдаймыз, олардың материалдық
жағдайын жақсарту үшін тиісті жағдайлар жасаймыз.
7. Өңірлерді дамытудың жаңа бағыты. Біздің прин-ципіміз
белгілі: Қуатты өңір - Қуатты Қазақстан. Қазақстандықтарды
толғандыратын нақты тапсырмалар жергілікті деңгейде шешілуі
тиіс.
8. “Рухани жаңғыру” бағдарламасының құндылықтары
біздің негізгі рухани бағдарымыз болып қала береді. Тарихқа
құрметпен қарау, Отанға деген адалдық, ғылым мен білімге деген
ұмтылыс-мұның бәрі біздің халқымыздың құнды қасиеттері. Бұл
қасиеттер халықтың бірлігі мен жасампаздық күшін нығайтады,
елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Жастар-Қазақстанның
болашағы. Сондықтан біз бұл бағдарламаны жас ұрпақты
тәрбиелеуге арнауымыз керек.
9. Сыртқы саясаты. Қазақстан әлемде үлкен автори-тетке ие
болды, өзін бейбітшіл, ашық стратегия, халықаралық істердегі
сенімді және жауапты серіктес ретінде бекітті. Біз сындарлы,
теңдестірілген
көпвекторлы
сыртқы
саяси
бағытты
жалғастырамыз, ұлттық мүдделерді әлемдік аренада нық
ілгерілететін боламыз. …
10.
Жас ұрпаққа ерекше назар аударғым келеді.
Қазақстанның дамуында шешуші роль атқарасыз. Прогрестің
қозғаушы күші болыңыз. Менің міндетім - сіздің ең үлкен
арманыңызды жүзеге асыру және жеке табыс тарихыңызды құру
үшін барлық мүмкіндіктерді жасау, деп қорытындылады Токае
Қазіргі кезеңде бүкіл әлем Мемлекеттік басқарудың жаңа
дәуіріне аяқ басты, мемлекетті басқару институттары мен
құралдары өзгереді, қазіргі заманға сай икемделеді, сол кезде
азаматтардың мүдделері басты назарда болады. Қашан үкімет
ғана емес, әнді және әрекет етуге, дағдарысты, бірақ естуге және
мүдделерінде әрекет жасау арқылы азаматтардың жан-жақты
талқылау мен еңсеруге к наилучшему шешімі.
2019 жылғы 2 қыркүйектегі “сындарлы қоғамдық диалог -
Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты
Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаев
48
азаматтардың сұрауларына жедел және тиімді жауап беретін
“халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске
асыру бүкіл елдің ортақ міндеті болып табылатынын атап өтті.
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” – бұл ең бастысы
азаматтың мүдделері болып табылатын, мемлекеттік органдардың
азаматтармен өзара іс-қимыл тетігі жолға қойылған және
азаматтарды шешім қабылдау және оларды бақылау процесіне
тартуға мүмкіндік беретін кедергісіз Инфрақұрылым жұмыс
істейтін мемлекет. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет"
мемлекеттік органдар қызметінің басты міндеті өз азаматтарының
қажеттіліктерін сапалы орындау болып табылатын сервистік
мемлекет қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |