Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20,
21]
Қосымша әдебиет: [35, 38, 39, 45, 46, 47, 48 Интернет
материалдары 49, 53, 54, 55, 58]
62
10-
шы тақырып. Этнодемографиялық үдерістер мен
ұлтаралық келісімнің нығаюуы
1897 жылы Ресей империясы халқының есеп-санағы
деректері бойынша Қазақстан аумағында үш аса ірі этникалық
топтар ерекшеленді: халықтың 81,7% құрған қазақтар, орыстар
— 10,9 және украиндықтар —1,9%. Бірақ 1914 ж. қазақтардың
салыстырмалы салмағы 65,1-ге дейін төмендеді, ал шығыс
славяндар (орыс, украин, белорустар) саны 29,6%2 өсті.Демек,
1897-1914 жж. қазақтардың салыстырмалы салмағы 16,6 пунктіне
төмендеді, ал славян халқының саны 16,8 пунктіне дейін өсті.
Орыс және украин халқы көші-қонның оң айырмасы байырғы
халықтар салыстырмалы салмағы төмендеуінің басты себебі және
оның басқа этникалық топтарымен қатынасы болып табылды.
ХІХ ғ.соңғы он жылдығында – ХХ ғ. басында столыпин аграрлық
реформаға байланысты Қазақстаның шаруалық отарлауы ерекше
күшейді. 46 жыл ішінде (1871-1917 жж.) өңірде 1,6 млн. астам
адам мекендеді, олардың басым көпшілігі 1907-1916 жж. келді.
1926 ж. санағы бойынша Қазақстанның қазіргі шекарасында
6198,4 мыңнан астам адам өмір сүрді, олардың ішінде қазақтар -
58,5%, орыстар – 20,6, украиндықтар – 13,9, өзбектер – 2,1,
татарлар – 1,3, ұйғырлар – 1,0, немістер – 0,8 және т.б. Егер 1897
ж. Бүкілресейлік санақтың деректерімен салыстыратын болсақ,
осы 29-30 жыл ішінде республиканың тұрғындары шамамен 1,5-
ке өсті, соның ішінде орыстар – 2,8-ге, басқа ұлт өкілдері – 4,3-ке,
қазақтар тек – 234,8 мың адамға өсті, яғни 7%. Қазақтардың
салыстармалы салмағы 23,2 пунктіне төмендеді, орыстар -9,6
пунктіне, басқалары – 13,7 пайыз пунктіне дейін өсті. Қазақ
АКСР негізгі ұлт көпшілігінің өсу саны төрт негізгі канал
бойынша жүрді: 20-шы жылдардың ортасында жылыстау
негізінде халық санының көбею нәтижесінде көші-қонның оң
айырмасы; табиғи өсуі, өлімнен үстінен туу көбеюшілігі; 1924 ж.
автономдық республикасының құрылуы және Орта Азияның
ұлттық-аумақтық межелеуінен кейін республиканың іс жүзінде
әкімшілік
шекаралардың
кеңеюі;
ассимиляциялық
және
шоғырландыру процестері. 20-шы жж. демографиялық жағдай
63
жағымсыз болғаны белгілі, бір жағынан 1921 ж. құрғақшылық
және жұт кезінде шаруалардың бір бөлігі РКФСР және Украинаға
қоныс аудара бастады. Қазақ АКСР ОАК республиканың шаруа
тұрғындарына республикадан жылыстауды ұстау мақсатында
арнайы жолдауымен шықты. Басқа жағынан – 20-шы ж. басында
Ресейдің әр түрлі аудандарынан (мысалы, Саратов, Астрахан
губерниясынан) Қазақстанға тек шаруалар (орыс, украин, мордов
және т.б.) ғана емес, қазақ тұрғынадары да қоныс аударды немесе
қайтып келді.
1939 ж. санағы бойынша республикада 6094 мың адам өмір
сүрді, яғни 1926 ж. салыстырғанда, республика тұрғындарының
саны 105 мыңға немесе 1,7%-ға қысқарды. Үлкен шығын
қазақтарға келді, олардың саны енді 2 314 мың адамды құрды,
1926 ж. салыстырғанда, 1 314 мыңға немесе 63,8%-ға төмендеді.
Соғыс жылдарында Қазақстанға көші-қон ағыны күшейді. Ел
тұрғындарының батыс аймақтарынан Қазақстанға көшірілген 536
мың адамнан басқа көптеген халықтар жер аударып жіберілді,
олардың автономдық білімдері алдын ала жойылды. Салмақты
жер аудару қарсаңында 1939 ж. санағы бойынша Қазақстанда
54696 поляк, 3569 – латыш, 808 –литвалықтар және т.б. өмір
сүрді. 1941 ж. тамызда Қазақстанға 349713 адам көшірілді,
немістердің жалпы саны 441713 болды. 1944-1945 жж.
Қазақстанға қалған немістер саны көшірілді. Бұдан басқа
Қазақстан аумағында және елдің т.б. аймақтарында неміс және
жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді, олардың жалпы саны 2,5
млн. адам болды. 50-шы жылдары әскер тұтқындардың отанға
оралуы аяқталды11. 1944 ж. ақпанда Орта Азия және Қазақстанға
шешендер мен ингуштар, наурызда – балқарлар, қарашада –
түрік-месхетиндер, сонымен қатар крым татарлары, қарашайлар
және т.б. халықтар күшпен көшірілді. 1957 ж. шешен және ингуш
халықтары автономиясын қалпына келтіргеннен кейін олардың
Солтүстік Кавказға оралуы басталды. Қарашай, балқарлар,
калмыктардың қайтарылуы қарқынды түрде жүрді. Бұрынғы өмір
сүрген орындарына гректер, түрік-месхетиндер, крым татарлары,
поляктар, корейліктер, Волга өңірінлегі немістердің бір бөлігі
қайтты. Алайда олардың орташа салмағы Орта Азия және
Қазақстанда қалды. Кеңес Прибалтика республикасына латыштар,
64
эстондықтар, литвалықтар қарқынды түрде қайтты. Соғыстан
кейін 50-шы жж. ортасына дейін Қазақстанға ұйымдастырылған
қоныс аударылуы әлсіз жүрді. Республикаға аса ірі көші-қон
ағыны тың және тыңайған жерлерді игеруіне байланысты өтті, ол
уақыт бойынша ірі өнеркәсіптік құрылыстарына сәйкес келді.
Тың және тыңайған жерлерді игеру үшін 1954-1962 жж.
Қазақстанға 2 млн.-ға жуық адам, негізінен елдің еуропалық
бөлігінен келді. Республикааралық ұйымдастырылған жұмыс
күшін жинау бойынша өнеркәсіп, құрылыс және көлік үшін 1954-
1965 жж. 0,5 млн. шамасында адам келді, бұл республиканың
ұйымдасқан жинағы бойынша 80% құрады. Жұмысшылардың
көбі Украина, Белоруссия, Молдавия және Литвада жиналды. Бұл
бір жағынан ежелгі тұрғындар саны, екінші жағынан шеттен келіп
орныққандар арасындағы алшақтықты күшейтті. 1959 ж.
орыстардың салыстырмалы салмағы 42,7%-ға жетті, ал 1939 ж.
салыстырғанда, қазақтардың 8 пунктіне құлады, бұл барлық 30%
ғана құрады. Басқа этникалық топтардың салыстырмалы салмағы
кенет өзгерген жоқ. Қазақстанға көші-қон ағыны сәл әлсіз
қарқыннан кейін де жалғасты, бірақ 70-шы жж. басында теріс
айырым қалыптасты. 1959 ж. республиканың тұрғындары
9294741 адамды құрды, яғни соғысқа дейінгі санын 1,5 есеге
асырды. 20 жыл ішінде (1939-1959 жж.) қазақтардың саны 474
мың, орыстар – 1523 мың (62%), украиндықтар – 105 мың (16%),
татарлар – 85 мың (79%), өзбектер – 33 мың (32%), белорусстар
– 76 мың (3,4 рет), ұйғырлар - 24,4 мың (69%), басқалар - 311
мың адамдар (2,6 рет) саны өсті. 1939 ж. немістердің саны 92379
адам болғаны белгілі, ал 1959 ж. 659658, әзрбайжандар – 12 мың
және 38 мың адам болды. Корейліктердің салыстырмалы салмағы
осы уақыт ішінде 0,8%-ға, абсолюттік төмендеуі кезінде 22 мың
адамға төмендеді. 1970 ж. 40%-ға көбейіп, Қазақстан халқын 13
млн. адам құрды, оларда қазақтар саны 4234 мың (32,6%),
орыстар – 5522 мың (42,5), украиндықтар – 933 мың (7,2),
немістер — 858 мың. (6,6), татарлар — 288 мың (2,2), өзбектер —
216 мың (1,7), белорусстар — 198 мың (1,5), ұйғырлар — 121 мың
(0,9), корейліктер — 81 мың (0,6), әзербайжандар — 58 мың (0,4),
басқа ұлттар — 498 мың болды. 1939, 1959, 1970 жж. санақтары
арасында Қазақстанның көптеген этностары болып, орыстар қала
65
бергені айқын13. Орыстар, украиндықтар, белорусстар 1939-1970
жж. абсолюттік көпшілікті құрды. Дегенмен, 1959-1970 жж. қазақ
халқының демографиялық дамуында бетбұрыс пайда болды. Оған
көптеген факторлар қатары әсер етті: салыстырмалы жоғары
табиғи өсуі, көші-қон экспансиясы тиімділігінің төмендеуі, теріс
көші-қон айырмасы. Нәтижесінде қазақтардың жалпы санының
ғана емес, сонымен қатар республика тұрғындары құрамындағы
салыстырмалы салмағының бұлжымайтын өсу тенденциясы
көзделді. Соңғысы төңкеріске дейінгі уақытта, ал 1897-1959 жж.
81,8-ден 30%-ға дейін үздіксіз құлады. Қазақтардың абсолюттік
саны республикада 1959-1970 жж. 1446,9 мың адамға, яғни
51,9%-ға өсті. 1979-1989 жж. агаралық этностар ретінде
белгіленген қазақтардың – 53,3%, ұйғырлар – 52,8%, өзбектер -
30%-нда кенеттелудің тез қарқындары болды. 1979-1989 жж.
тұрғындардың жалпы көбеюінде қазақтардың салыстырмалы
салмағы 70, орыстарда 13, немсітерде - 3% және т.б. болғанын,
1979-1989 жж. этнодемографиялық құрамның динамикасы
көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстанда қазақтардың көбеюі
23,5%, орыстар-3,9%, немістер – 6,4%, татарлар – 4,6%, өзбектер
– 26,1, белорусстар – 0,6, ұйғырлар – 25,3% және корейліктер –
12,3% құрды. Қазақтар отбасында балалар санына деген бағдары
төмен болды: 1972 ж. — 5,01, 1978 ж. - 4,85, 1985 ж. —
4,27.Қазақ әйелдерінде жалпы бала тууы 1979 ж.— 5,787, 1989 ж.
3,584 болды, бұл 1979 ж. деңгейінен 61,9% құрайды.1962 ж.
Қазақстанда қазақтардың табиғи өсімі мың адамнан болды
(тұрғындардың табиғи өсімінен 37%), 1964 ж. —111 мың (43%),
1970 ж. -107,7 мың (48,1%), 1972 ж. - 114 мың (49,0%), 1979 ж. -
125 мың. (52,1%), 1989 ж. - 162 мың адам (63,5%) болды.
1989 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан мемлекеті
тұрғындарың саны 16 млн. 199 мың 200 адамды құрады. Қазақ
ұлтының саны 6 млн. 496 мың 900 адам болса, басқа барлық ұлт
өкілдерінің саны 9 млн. 702 мың 300 адамды құрады. Тәуелсіздік
жылдары ішінде Қазақстан мемлекетіндегі ең басты әлеуметтік
құндылықтардың бірі – тарихи тағдыр бастарын біріктірген түрлі
ұлт өкілдерінің татулығы мен ымыраластығы өзінің құнын жоя
қойған жоқ. Дегенмен 1999 жылғы халық санағының деректері
бойынша Қазақстан мемлекетінің тұрғындары саны 14 млн. 953
66
мың 100 адамға азайды. Бұл кезеңдегі басты ерекшелік жергілікті
ұлт өкілі қазақтың саны осы он жыл аралығында 122,9%-ға
артқан. Жекелеген ұлттарға талдау жасасақ мынадай мәліметтерді
келтіре аламыз. Атап айтқанда, осы он жылдықта орыс ұлтының
саны 37,4%-дан 30%-ға, украин ұлты 5,4%-дан 3,7%-ға, немістер
5,8%-дан 2,4%-ға, татарлар 2%-дан 1,7%-ға азайған. Бұл
әлеуметтік құбылыстың басты себептері КСРО империясының
күйреуіне байланысты азаматтардың санасындағы психологиялық
және әлеуметтік сілкіністер, тәуелсіздік жылдарының алғашқы
кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың етек жаюы
және осыған байланысты миграциялық үдерістердің артуы деп
санаймыз.
Қазақстандағы халық саны 2009 жылғы халық санағының
қорытындысын есептегенде 1 қазанда 16 372, 4 мың адамды
құрады. 2010 жылдың 1 қазанында халық саны 2009 жылғы
халық санағының қорытындыларын түйдектей келгенде халық
саны 16372,4 мың адамға жетті. Аталған санақ қорытындысы
бойынша еліміздегі қала тұрғындарының үлесі - 54,1 пайызды,
ауыл халқы - 45,9 пайызды құрап отыр. осы жылдары
Қазақстандағы ауыл тұрғындарының саны артып отыр, ал
қалалық жұртшылықтың үлесінің өсу деңгейі елеулі деңгейде
емес. Атап айтқанда, қала халқының саны 8 662 400 адамды,
ауылдық жердің халқы - 7 347 200 адамды құрады. «Ауылды елді
мекеннің халқы 821,7 мың адамға (12,6 пайызға), ал қалалықтар
206,6 мың адамға (2,4 пайызға) өсті».
Достарыңызбен бөлісу: |