Ќазаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/64
Дата21.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#26039
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64
Байланысты:
Д. А. Джумабеков т. . к., ауымдастырыл ан профессор

Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 
31] 
Қосымша  әдебиет:  [35,  38,  39,  45,  46,  47,  48  Интернет 
материалдары 49, 53, 54, 55, 58] 
 
12- 
ші  тақырып.  Ұлы  Дала  еліндегі  жаңа  тарихи  сананы 
және дүниетанымды қалыптастыру саясаты 
 
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты 
халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалып, құндылықтарды 
қайта  бағалауға  және  қоғамдық  сананы 
қалыптастыруға 
қажеттілік пайда болды. 
Қоғамдық сана қоғамдық өмірдің барлық, саласын қамтитын 
алуан  түрлі  рухани  құбылыстардың  жиынтығы  болып  табылады. 
Қоғамдық  сананың  негізгі  формалары  -  мораль,  өнер,  дін, 
философия, ғылым, саясат, құқық. Бұл түрлер, формалар мен 


78 
 
деңгейлердің  бәрі  өзара  әрекет  етіп,  бір-біріне  ұдайы  ықпалын 
тигізіп  отырады.  Идеялар  мен  теориялар,  құндылықтар  мен 
нормалар,  мұраттар  мен  үрдістер  жүйесі  болып  табылатын 
идеология  ерекше  орын  алады.  Қоғамдық  сана,  бір  жағынан, 
материалдық-экономикалық  өмірдің  ықпалымен  қалыптасады. 
Екінші  жағынан,  азаматтардың  дайындығына  сәйкес  келетін 
кемел  қоғамдық  сана  болған  кезде  саяси  және  экономикалық, 
өзгерістер  неғұрлым  сәтті  болады.  Дәлірек  айтқанда,  қоғамдық, 
сана  прогресшіл  үрдістер  мен  әлеуметтік  мүмкіндіктерді  іске 
асыру үшін өзге бір өріс жасауға қабілетті. 
1995 
жылы  Президенттің  тапсырмасымен  жасалып, 
Президент  жанындағы  мемлекеттік  саясат  жөніндегі  Ұлттық 
Кеңестің  мақұлдаған  «Қазақстанда  тарихи  сананы  қалыптастыру 
тұжырымдамасы»  өз  қызметін  атқарды.  Бұл  тұжырымдаманың 
басты  міндеті  –  тарих  ғылымының  басты  мәселелерін  және  оны 
шешудің  мүмкін  бағыттарын  белгілеу,  тарихи  білім  мен 
ағартушылыққа  реформа  жасау  жолдарын  қарастыру  еді.  Осы 
уақыт  аралығында  гуманитарлық  сала  ғалымдары  аз  жұмыс 
атқарған  жоқ.  Әсіресе,  жаңа  ғылыми-зерттеу  тақырыптарына 
байланысты  жобалар,  «қазақ»  этнониміне,  қазақ  халқы 
этногенезіне,  қазақ  мемлекеттілігінің  қалыптасуына,  көшпелі 
қоғам эволюциясына қатысты зерттеулер жүргізілді. Ежелгі және 
орта 
ғасырлар 
тарихына 
мамандардың 
жеткіліксіздігіне 
қарамастан көңіл бөлінді. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 
араб,  парсы,  қытай,  орыс  және  т.б.  тілдеріндегі  деректер 
жинақталды.  Бірақ  табылған  деректер  негізінде  кешенді  саралау 
мен  зерделеу  жұмыстары  жүргізілген  жоқ.  Қазақ  тарихының 
тарихи  кезеңдерінің  тұтастай  объективті  көрінісін  айшықтау  мен 
жұртшылыққа  түсінікті  қалыпқа  түсіру  жұмысы  өз  авторларын 
күтуде.  Уақыт  талабы  –  заманауи  тарихи  сананы  жаңғыртуға 
қалың  көпшіліктен  бастап  ғалымдарға  дейінгі  жұртшылық  ат- 
салысуы  қажет  екендігін  ескертуде.  Сондықтан  да  бұл  өмірлік 
мәні  бар  тапсырманы  әрбір  отаншыл  қазақ  пен  қазақстандық 
менің  болашағым  үшін  қажет  дегенде  ғана  жүзеге  асыра  алады. 
Бұл  мәселеде  кәсіби  тарихшыларға  жауапты  жүк  артылып 
отыр.  XX  ғасырдың  басында  зиялылар  тағдыр  сынын  қалай 
көтерсе,  XXI  ғасыр  басында  да  жаһандық  мәселелер  ортасында 


79 
 
қиындықты  жеңіп  шығатын,  әлемдік  тарихтағы  Қазақ  елінің 
орнын  ойып  көрсете  алатын  ойшыл  ғалымдар  ғана  жаңа  тарих 
сахнасынан көрінері хақ. 
Қазақстандағы  саяси  қуғын-сүргін  құрбандарын  мәңгі  есте 
сақтау  мақсатында,  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  1997  жылғы  5 
сәуірдегі  Жарлығымен  31  мамыр  –  саяси  қуғын-сүргін 
құрбандарын  еске  алу  күні  болып  жарияланды.  Бұл  дата 
Қазақстан үшін айрықша  мағынаға  ие. Тоталитарлық  кезеңде 
«Халық  жауларын»  анықтау  бойынша  қатаң  саясаттың 
салдарынан  қуғын-сүргінге  ұшырағандардың  өздері  ғана  емес, 
олардың  жақындары  да  зардап  шекті.  Қазақстанда  103  мыңнан 
астам  адам  қуғын-сүргінге  ұшырады,  27  мыңнан  астамы  ату 
жазасына  кесілді.  Олардың  арасында  қазақ  зиялылары, ғалымдар 
мен саясат саласының қайраткерлері және дін өкілдері де  болды. 
ХХ  ғасырдың  20-40  жылдары  қазақ  халқының  тарихындағы  аса 
бір  қиын  кезең  болды.  Большевиктер  отаршылдық  саясаты  қазақ 
халқының  өзіне  тән  ерекшелігін  ескермей,  Ресейде  болған 
шараларды  қайталап,  елде  жаппай  қирату  мен  бүлдіру 
жұмыстарын 
жүргізді. 
Сондықтан 
мамырдың 
31 
күні 
Қазақстанның  түкпір-түкпірінде  қуғын-сүргін  құрбандарының 
ұрпақтарымен  кездесулер  өтіп,  түрлі  іс-шаралар  болып  отырады. 
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде  «Жаппай саяси 
қуғын-сүргін 
құрбандарын 
ақтау 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының Заңы қабылданды. Содан бері 20 мыңнан астам 
мұрағаттық қылмыстық іс зерттелді. 
Елбасының  шешімімен  1998  жыл  «Қазақстан  халқының 
бірлігі  мен  ұлттық  тарих  жылы»  болып  жарияланды.  Зиялы 
қауым  ел  халқын  осы  екі  маңызды  рухани  салаларға  назар 
аударуға 
шақырды. 
Кеңестік 
тоталитарлық 
жүйедегі 
интернационалдық тәрбие, кеңестік патриотизм мен отаршылдық 
тарихи  сана  күн  тәртібінен  түсірілді.  Тәуелсіздіктің  рухани 
факторларын нығайтудың маңызы артты. Әсіресе, қазақ ұлтының 
өз тарихындағы нақты орнын ел халқына түсіндіру керек болды. 
Евроцентристік тарихи сана қазақ халқының еңсесін түйірді. 
Қазақ  халқы  барлық  жетістіктер  мен  жақсылықтарды  Батыстан, 
Ресейден  алды  деген  түпкілікті  қате  түсінік  басым  болып  келді. 
Сондықтан тарих жылының мақсаты – ел халқының дұрыс тарихи 


80 
 
санасын  тәрбиелеу  болды.  Дұрыс  ойлайтын  халықтың,  дұрыс 
жолды,  әділетті  пиғылды  таңдайтыны  ақиқат.  Осындай 
мақсаттарды шешу үшін Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және 
этнология  институты  1998  жылдан  бастап  «Отан  тарихы» 
журналын шығара бастады. Қазақ тарихшылары 260 жыдан астам 
отарлық  езгіде  болған  қазақ  халқының  жаңаша  рухани  жаңаруы 
үрдісін бастады. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы тереңде  екендігі 
айтылды.  Қазақстанның  тарих  ғылымы  мен  қоғамдық-саяси  ойы 
кеңестік  жүйе  ұстанған  маркстік-лениндік  теория  мен 
коммунистік 
идеологиядан 
бас 
тартты. 
Оның 
орнын 
өркениеттілік  теорияларына  сүйенген  мүлдем  жаңа  көзқарастар 
жүйесі алмастырды. 
1998  жылы  ұлттық  тарихқа  қатысты  ізденістер  өрістеліп, 
археологиялық,  археографиялық,  этнологиялық  экспедициялар 
ұйымдастырылып,  ғылым  академиясының  сессиясы,  көптеген 
ғылыми-практикалық  конференциялар  өткізілді. 
Халықтың 
тарихи  санасын  тереңдетуге,  жаңаша  қалыптастыруға  жағдайлар 
жасалып,  мәдени  ізденістерге  кең  жол  ашылды.  «Қазақстан 
тарихы:  зерттеулер,  құжаттар»,  «Қазақстан  тарихы:  әдеби 
хроника», «Қазақстан этностары» сериясымен кітаптар шығару, 6 
томдық  «Қазақстан  ұлттық  энциклопедиясының»  томдары 
бойынша  тұтас  кітапханалар  жарық  көрді.  Шығыс  тарихы,  түркі 
халықтары  мен  қазақ  халқының  өткені  туралы  жазған 
тарихшылардың іргелі еңбектерін жарияланды. 
1998 жылы «Халық бірлігі  мен ұлттық тарих жылы» кезінде 
23  ірі  ғылыми  форум  өткізілді.  Республиканың  барлық 
облыстарына  24  ғылыми  экспедиция  аттандырылып,  олар  74 
ауданды аралады. 
Тәуелсіздік  халық  рухының  осы  барлық  күштерін  және 
қазақтың  ұлттық  сана-сезімін  оятып  жіберді.  Қоғамдық  болмыс 
пен  қоғамдық  сана-сезімнің  этникалық факторы  басымдық  алды. 
Барлық  әлеуметтік  проблемалар,  жекешелендіру,  ұлттық 
капиталдын  қалыптасуы,  шаруашылықты  жүргізудің  нарықтық 
құрылымының жасақталуы, демократия мен азаматтық қоғамның 
дамуы  -  осынау  алуан  түрлі  проблемалардың  бәрі  ең  басты, 
түйінді, этникалық проблема тұрғысында өзінің белгілі бір реңкін 
алады.  Қоғамдық  сананың  жаңа  құндылық  бағдарының 


81 
 
қалыптасуы  қазақ  халқының  көне  заманнан  бастап  бүгінгі  күнге 
дейінгі мәдени мұрасын қарқынды түрде зерделеуді көздейді. 
2003  жылдың  аяғында  ірі  ауқымдағы  «Мәдени  мұра» 
мемлекеттік  бағдарламасы  қабылданды,  ол  Тұңғыш  Президент 
Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  2003  жылғы  4  сәуірдегі 
Жолдауы  аясында  әзірленді.  Мемлекеттік  тілде  гуманитарлық 
білім берудің толымды қорын құру міндеті алға қойылды, мұның 
өзі  қоғамдық  санаға  жаңа  серпін  беруге  мүмкіндік  береді. 
Әлемдік  мәдениеттің,  ғылымның,  философияның,  әдебиеттің 
таңдаулы үлгілері қазақ тілінде толық көлемде сөйлеуге тиіс. 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасын  іске  асырудан  басталған 
Қазақстанның  дәуірлеуі  өзін-өзі  бірегейлендіру,  болмыс-бітім, 
ұлттық  және  жаһандық  қатынастар  проблемасын  ашып  көрсетті. 
Бұл  проблемалардың  бәрі  XX  ғасырдың  қоғамдық  ой-пікіріндегі 
құлдыраумен  және  дағдарыспен  байланысты  пісіп-жетілді. 
Кеңестік кезеңде отандық теориялық зерттеулер дағдарысы белең 
алды, ал Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тіпті теория мен ойлау 
жүйесінің  әдістері  қажет  екенін  дәлелдеуге  тура  келді.  Бұл 
дағдарыс  ұлттық  ойлау  салтына  деген  кызығушылықтың  бірте- 
бірте  бәсеңдеуіне  байланысты  болды,  мұның  өзі  оны  елемеуге 
әкеліп  соқты.  Осы  күрделі  кезеңде  Қазақстанның  гуманитарлық 
ғылымы  үшін  қазақтың  тарихи  санасын  қайта  жаңғырту  өзінше 
бір азаматтық ерлік болды. 
Жаңа  тарихи  уақыт,  Қазақстанның  қазіргі  заманғы  дүниені 
сезіп-білуі  және  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  ойластырылған 
ұлттық саясаты қазақ тарихын аса тереңінен зерделеуге мүмкіндік 
берді.  «Мәдени  мұра»  жобасын  іске  асырудың  арқасында 
қазақтардың философиялық ақыл-ойын қазіргі заманғы құндылық 
теориясы тұрғысынан түсіндіруге мүмкіндік ашты. 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  шеңберіндегі  көп  томдық 
басылымдар 
мәдени 
мұраны 
жай 
ғана 
қайта 
ашуға 
жәрдемдеспейді, олар өзінің ақиқат адами болмысында түбірімен 
өзгерген,  шын  мәдени  қарым-қатынасқа  кабілетті  адамның 
рухани-адамгершілік  дамуына  көмектеседі.  «Мәдени  мұра» 
жобасы  -  жеке  адамның  қазақстандық 
құндылықтылық 
философия  аясында  рухани-адамгершілік  дамуының  тақырыбын 
пысықтау үшін  негіз болып  табылады.  Рухани  мұраны 


82 
 
түсіндіруде  ашылатын  қазақ  философиясының  этикалық 
мағынасы  Қазақстан  қоғамы  құндылықтарының  жиынтығында 
басым болуға тиіс. 
«Мәдени 
мұра» 
стратегиялық 
ұлттық 
жобасында 
Қазақстанның  жаһандану  жағдайында  мәдени  жаңғыруы 
принципінің 
негізі 
қаланды. 
Осы 
мәдени 
стратегияда 
социологиялық  мәдени  бірегейліктің  ұлттық  жобасы  жүзеге 
асырылуда. 
Аталған 
идеяларды 
айқындай 
түсу 
және 
социогуманитарлық сипаттағы міндеттерді шешу үшін Қазақстан 
ғалымдары  осы  қазіргі  өзекті  және  келешегі  өте  зор  үрдістердің 
арнасында 
философиялық-саясаттанушылық 
бағыттарды 
әзірлеуде. Қазақстанда өткізілген конгрестер мен конференциялар 
күн  тәртібіне  қазақтың  дәстүрлі  дүниетанымдық  көзқарасы  мен 
тарихи жадысының өзіндік келбеті мен мәні туралы мәселені күн 
тәртібіне  қойды.  Бүгінгі  таңда  ақпараттық  технологиялардың 
дамуы,  халықаралық  байланыстардың  кеңейтілуі  нәтижесінде 
Батыстың,  бастау  көздеріне  қол  жетпейді  деп  мұң  шағуға 
болмайды.  Бүгінгі  таңда  ұлттық  руханиятты  қазіргі  заманғы 
құндылық  парадигмасында  қайта  түлеу  философиясы  ретінде 
айқындау керек. 
Мәдени  мұраны  сақтау  -  кез  келген  нағыз  тәуелсіз 
мемлекеттің  табиғи  міндеті.  Халық  өзінің  рухани  құндылығын 
білдіретін  нақты  заттарға  қол  жеткізу  мүмкіндігі  болған  кезде, 
жинақталған  мәдени  тәжірибені  белсенді  пайдаланғанда,  ол 
толыққанды  деп  аталады.  Мәдени  мұраны  сақтап,  игеру  елде 
мекендейтін  барлық  этностардың  сана-сезімін  нығайтудың 
маңызды  элементі  және  олардың  толыққанды  өзара  іс- 
қимылының  негізін  құрайды,  ал  мұның  өзі  өз  кезегінде 
Қазақстанның ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі. 
«Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасын  тарихи  сананың 
жаңғыруы  саласында  ойдағыдай  орындау  осы  ізгі  міндетке 
жәрдемдесетін  болады.  Бағдарламаны  жүзеге  асыру  нәтижесінде 
қазақ  тілі  толымды  мемлекеттік  тілге  және  мәдениет  тіліне 
айналады. Әлемдік ойшылдар қазақ тілінде сөйлейтін болады, ол 
әрбір адамға өзінің күнделікті өмірінде қызмет етеді, оның сөздік 
қоры,  қарым-қатынастық  және  мәдени  міндеттері  байиды,  жаңа 
терминдер  мен  ұғымдар  қалыптасады.  Мәдени  мұраны  терең 


83 
 
және қарқынды түрде зерделеу қоғамдық сананы Қазақстан халқы 
ретіндегі  тұтастықты  қалыптастыру  аясында  біріктіруде, 
жалпықазақстандық  ұлттық  идеяны  негіздеуде  және  жүзеге 
асыруда жаңа шептерді межелеуге мүмкіндік береді. 
Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  –  Елбасы 
Н.Ә.  Назарбаев  ұлттық  тарихымызға  өзіндік  стратегиялық 
көзқарасын 1999 жылы «Тарих толқынында» кітабында баяндады. 
Елбасының  «Тарих  толқынында»  кітабы  жарыққа  шыққаннан 
кейін  халықтың  дүниетанымы  айтарлықтай  өсті.  Ел  азаматтары 
арасында  төл  тарихымызға  деген  қызығушылық  айтарлықтай 
артты.  Кәсіби  тарихшылар  үшін  ғылыми  зерттеулер  жүргізуіне 
барлық  жағдай  жасала  бастады.  «Егер  біз  мемлекет  болғымыз 
келсе,  өзіміздің  мемлекеттілігімізді  ұзақ  уақытқа  меңзеп 
құрғымыз  келсе,  онда  халық  руханиятының  бастауларын 
түсінгеніміз  жөн»,  -  деп  Елбасы  өзінің  «Тарих  толқынында» 
деген кітабында жазды. 
«Елбасы  Нұрсұлтан   Назарбаевтың   1999   жылы   шыққан 
«Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері 
орын  алған  тарихи  оқиғаларға  баға  берілген.  Елбасы  Қазақстан 
аумағында  орын  алған  барша  тарихи  оқиғаларға  жеке-жеке 
тоқталған.  Онда  біртұтастылық,  көшпенділер  өркениетінің 
өзгешелігі,  көшпенділер  социумы  ерекше  суреттеліп,  оқырман 
қауымға  ұсынылған.  Автор  Қазақстанның  Ресей  империясы  мен 
КСРО  құрамындағы  дәуіріне  де  жан-жақты  тоқталған.  Елбасы 
ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше 
назар аударған. 
2013  жылы  Елбасы  «Халық  тарих  толқынында»  арнайы 
тарихи  зерттеулер  бағдарламасын  ұсынды.  Үкімет  басшысының 
атап  өткен  ұлттық  тарихтағы  шешілмей  келген  ауқымды 
міндеттерін  шешуде  ғылыми  талдауларды  жаңаша  көзқараспен 
дүниеге  әкелу  үлкен  жауапкершлікті  талап  етуде.  Болашақта 
жүзеге 
асырылатын 
«Тарих 
толқынындағы 
халық» 
бағдарламасын – Ұлы мақсат жолындағы ұйытқы деп қабылдауға 
болады.  Елбасының  «Тарих  толқынында»  кітабы  қоғамды 
отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды. «Тарих тол- 
қынындағы  халық»  бағдарламасы  халық  санасын  жаһандық 
ауқымдағы мәселелерді екшейтіндей дәрежеге жеткізу ғана емес, 


84 
 
жеке  адамның  біліктілік  бәсекесіне  шыдас  беретін  өзіндік  даму 
зердесі деңгейін қалыптастыру арманынан туындайды. 
2013  жылы  5-маусымда  Астанада  сол  кезде  Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  хатшысы  лауазымында  отырған 
Тәжин  Марат  Мұханбетқазыұлының  қатысуымен  Қазақстанның 
ұлттық  тарихын  зерттеуде  Ведомствоаралық  жұмыс  тобының 
кеңейтілген      отырысы      өтті.        Ғылыми        қоғамдастықтың 
алдында 
«Халық 
тарих 
толқынында» 
ғылыми 
зерттеу 
бағдарламасын жүзеге асыру міндеті қойылды. Онда ол: «Ұлттық 
тарих  мәселесіне  бұрыннан  жіті  көңіл  бөліп  келе  жатқан  Елбасы 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Тарих  толқынындағы  халық» 
деген  атпен  тарихи  зерттеулердің  арнаулы  бағдарламасын 
жасауды ұсынды», - деді. 
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты: 
-  Қазақстанның 
тарих 
ғылымын 
алдыңғы 
қатарлы 
әдістемелік  және  әдістеме  арқылы  сапалы  секірісті  жүзеге 
асыруына жағдай жасау; 
-  Қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту; 
-  ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. 
-  қазақ  этносының  объективті  тарихын  және  оның  ежелгі 
заманнан қазіргі кезге дейінгі тарихи тағылымы; 
-  этникалық және мемлекеттік территориясының тарихи 
қалыптасуы; 
-  Қазақстан 
халықтарының  полиэтникалық  қалыптасу 
кезеңдерін қайта жасап шығару болып табылады. 
Бағдарламаны  іске  асыру  кезінде  елімізде  тарих  саласында 
көптеген  жұмыстар  атқарылды.  Тарихи  естеліктер  мен  әділдікті 
қалпына  келтіруге  бағытталған  ғылыми  зерттеулер  жүргізіліп, 
мақалалар  мен  монографиялар  және  кітаптар  дайындалды. 
Ұлттық  тарихты  зерттеу мен  оның  мәнін  ұғыну идеясын  Елбасы 
«Қазақстан-2050»  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 
саяси  бағыты»  атты  тарихи  Жолдауында:  «Біз  ұлттың  тарихи 
санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» деді. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Ұлытау  төріндегі 
толғаныс»  атты  сұхбатында:  «Біздің  елдігіміз,  қазақ  жұртының 
арғы  түбі  ғұндардан  басталады.  Ғұндардан  кейін  көк  түріктерге 
жалғасады.  Одан  кейін  Алтын  Орда  орнығады.  Сөйтіп,  хандық 


85 
 
дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі» деп 
Қазақстан  тарихының  тамырының  тереңнен  бастау  алатынына 
ерекше  мән  берген  болатын.  Осы  тұрғыдан  Н.Ә. Назарбаев  2015 
жылы  Қазақ  хандығы  құрылғандығының  550  жылдық 
мерейтойының ел көлемінде атап өтілетіндігін мәлімдеді. 
Отанды  сүю,  ел  бірлігі,  өз  елінің  патриоты  болу  сынды 
қастерлі  ұғымдар  жөнінде  сөз  еткенде,  әрдайым  қастерлі 
тарихымызға  жүгінеміз.  Осы  тұрғыдан  алғанда  Елбасымыздың 
Ұлытау  төріндегі  сұхбатында  айтылған  мынадай  пікіріне  құлақ 
қойғанымыз  жөн:  «Отанды  қорғау  дегенде,  әрине,  адам  баласы 
алдымен  өзінің  шаңырағын  ойлайды.  Әкеңді,  шешеңді, 
бауырларыңды,  балаларыңды,  немерелеріңді  ойлайсың.  Сол 
жүрекпен,  сол  тілекпен  Отаныңды  қорғайсың.  Сондықтан 
тарихыңды  білген  жөн.  Тарихын  білмеген  ұлттың  болашағы 
бұлыңғыр.  Мысалы,  керемет  үлкен  еменнің  тамыры  терең 
болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан 
2014  жылдың  қараша  айында  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 
Астана  қаласы  активімен  кездесу  барысында  келесі  2015  жылы 
Қазақ  хандығының  550  жылдығы  мемлекеттік  дәрежеде  аталып 
өтілетіндігін  ресми  мәлімдеді.  Онда  Елбасы  Керей  мен  Жәнібек 
хандардың  1465  жылы  алғашқы  хандықты  құрғанын,  Қазақ 
хандығы  Қазақстан  мемлекетшілдік  бастауының  негізі  екенін, 
сонымен  қатар,  қазіргі  халықты  бабалардың  ұлы  ісін 
жалғастырушылар деп атады. 
2015  жылы  Қазақстан  халқы  Қазақ  хандығының  550 
жылдығын  лайықты  атап  өтті.  Қазақ  хандығының  –  550 
жылдығының жалпыхалықтық масшабта аталып өтілуі - ел рухын 
шарықтатып,  жастардың  патриоттық  сезімін  арттырып,  тарихи 
жадысын шыңдады. Елбасы салтанатты жиында қазақ халқы Ұлы 
Даланың  бағзы  заманнан  бері  тұрақты  тұрғындары  екенін  қадап 
айтып:  «Қазақ  хандығы  бұдан  бес  жарым  ғасыр  бұрын  шаңырақ 
көтерсе  де,  Еуразияның  Ұлы  Даласында  орнаған  арғы  дәуірде 
Сақ,  Ғұн,  Үйсін  мемлекеттерінің,  бергі  замандағы  Ұлы  Түрік 
қағандығы,  Дешті  Қыпшақ  пен  Алтын  Орда  мемлекеттерінің 
заңды мұрагері болып табылады», – деді. 


86 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет