79
40. Қазақстан Республикасы әлеуметтік қамсыздандыру
қорының ұйымдастырылуы мен жұмсалуы
Әлеуметтік қамсыздандыру жұмыс орны мен лауазымына
тәуелсіз еңбекшілердің барлық категориясына қатысты. Жинаулар
төлемінен тек қана мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен сол
ұйымдардың меншігіндегі кәсіпорындар босатылады.
Кәсіпорын ҚР әлеуметтік қамсыздандыру қорының қалалық
(аудандық) бөлімінде тіркелуі тиіс. Қолданыстағы заңдарға сәйкес
әлеуметтік қамсыздандыруға барлық жұмыс істейтін азаматтар (ал
жеке жағдайда, жұмыс істемейтін азаматтар, мысалы, студенттер)
жатады.
Әлеуметтік қамсыздандыруға жинаулар сақтандыру тарифін (3 %)
есептелген еңбекақы мен кейбір басқа да төлемдердің мөлшеріне
көбейту жолымен есептеледі.
Қордың қаржылары ауыру бойынша уақытша еңбекке жарам-
сыздыққа, жүктілік пен босануға төлемдер, баланың тууына жәр-
демақы, баланың 1,5 жасқа дейін қарауы үшін жәрдемақы, жерлеуге
жәрдемақы, санаторий мен демалыс үйлеріне жолдамаларды төлеу
үшін жұмсалады. Қор қаржыларының белгілі бір бөлігі нормативке
сәйкес, кәсіпорын тіркелген ұйымға жәрдемақылар төлеу бойынша
қарастырылмаған шығындарды жабу үшін резерв ұйымдастыруға,
санаторийлер мен курорт мекемелерінің материалдық базасын
дамытуға, табиғи апаттар мен т.б. жағдайлар кезінде жәрдемнің
мақсатты қорларын құруға аударылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру қоры есептелгенде, бұл мөлшер
өнімді, жұмыстарды, қызметтерді өндіру мен оларды өткізу бойынша
кәсіпорынның шығындарына енгізіледі.
Уақытша еңбекке жарамсыздықтың парақтары бойынша төлем
ауырған айдың (1-інен 1-іне дейін) алдындағы 2 соңғы айдың
орташа еңбекақысының есебі негізінде жасалады. Есепті кезеңдегі
еңбекақының нақты сомасы сол кезеңдегі кесте бойынша жұмыс
күндерінің санына бөлінеді және уақытша еңбекке жарамаған күн-
дер санына көбейтіледі. Төлем жұмыс берушімен келісім бойынша
жасалады.
Ауруларды күту бойынша жәрдемақы бірінші жеті күн ішін-
де жұмыс стажына байланысты пайызда, екінші жеті күнге жәр-
демақыны есептеу үшін есептелген еңбекақының 50 %-ы мөлшерінде
төленеді.
Жүктілік және босану бойынша жәрдемақы еңбекақының 100
%-ы мөлшерінде төленеді. Баланы туғанда біржолғы жәрдемақы
бөлек төленеді.