Ұлы дала ақын-жырауларының тағылымдық МҰралары



Pdf көрінісі
бет12/30
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26192
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
Elubaeva Akin Jirau

Марғасқа жырау 
 
Қазақ  халқы  ерлік  күреске  толы  күн  кешкен  ХVІІ  ғасырдан  бізге мәлім 
жыраудың бірі – Жиембет жырауға тете, Есім хандығының соңғы кезінде өмір 
сүрген  Марғасқа  жырау.  Ол  –  сөз  өнерін  жете  меңгерген,  Есім  ханның  бір 
орталыққа  бағынған  ірі  феодалдық  мемлекет  құру  туралы  идеясының 
ұраншысы  болған.  Жорықтарда  бірге  жүрген  батырларының  бірі,  ханның 
жоғын жоқтап, жыр шерткен арқалы жыраудан бір ғана толғау бізге жеткен. Ол 
Есімнің қалмақтарға қарсы жорыққа кетуін пайдаланып, қазақ ауылын шапқан 
Ташкентті билеуші Тұрсынды 1627 жылы қолға түсіргенде айтылған жыры.  
Ей, Қатағанның хан Тұрсын, 
Кім арамды ант ұрсын, 
Жазықсыз елді еңіретіп, 
Жер тәңірісіп жатырсың. 
Хан емессің, қасқырсың,  
Қара албасты басқырсың, 
Алтын тақта жатсаң да, 
Ажалы жеткен пақырсың! 
Еңсегей бойлы ер Есім 
Есігіңе келіп тұр: 
Алғалы тұр жаныңды, 
Шашқалы тұр қаныңды! 
Өлеңнен  Марғасқа  жыраудың  от  тілді,  жауынгер,  жорықшы  жырау 
болғанын аңғарасың. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


46 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет