Студенттер меңгеруі тиіс: 1. Ақын-жыраулар мұраларының тәлім-тәрбиелік мәні мен қоғамдық сипатын
айқындауды;
2. Ақын-жыраулар мұраларындағы тәлімдік ойларды бүгінгі педагогикалық
мәселелермен сабақтастыра пайдалануды;
3. Әр еңбектегі тәрбие түрлерін айқындап, қоғамдық мәнін ашып, бүгінгі
тәрбие мәселесіндегі маңызын еркін баяндап дәлелдеуді;
4. Ақын-жыраулар мұраларындағы негізгі идеяларын бүгінгі тәлім-тәрбиені
жетілдіруде пайдаланудың әдіс-тәсілдерін.
Білімін толықтыру тапсырмалары 1. Ақтамберді жырау, Тәтіқара ақын, Үмбетей жырау, Бұқар жырау, Шал ақын
мұраларын зерттеуге үлес қосқан қазақ ғалымдары және олардың
еңбектерінің тізімін жасап, оқып танысу.
2. Ақын-жыраулар мұралары қазақ халқының тәлімдік ойларының ежелден
дамып қалыптасқандығына және ол қоғамның адам тәрбиесіне деген
сұранысы мен талабының нәтижесі екендігін, оның бүгінгі күн
проблемаларымен сабақтастығына талдау жасау.
3. Ақын-жыраулар мұраларының жеке тұлға тәрбиелеудегі орнын анықтап,
жазбаша дәлелдеу.
4. Ақын-жыраулар мұраларының қоғамдық, педагогикалық мәнін зерделеу.
5. Ақын-жыраулар мұраларындағы патриоттық тәрбие мәселесінің жас ұрпақ
бойына ұлтжандылық, патриоттық қасиеттерді дарытудағы маңызын
айқындау.