42
үрей тудыру қажет. 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда
олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4. Адамдар арасында бір-біріне
сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана
халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де
барады.
Конфуцийшылдардың «Мемлекет – үлкен отбасы, оның басшысы –
халықтың әкесі» деген ілімінің орнына легистер: «Мемлекет – өз алдына бір
машина сияқты құбылыс, билеуші – өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да,
Аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1. Ұсақ
патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясыңдағы (Қытай) мемлекет құру; 2. Осы
мемлекетке басқа халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген
қүштарлық теңелуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізі қолөнер немесе
сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек. Мемлекеттегі қызмет орындары
адамдардың жүмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс».
Достарыңызбен бөлісу: