Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет40/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Софистер  (гр.  Sophists  -  өнерпаз,  дана)  -  «даналықтың»,  «шешендіктің» 
кәсіби  ұстаздары  ретінде  саналған  ежелгі  грек  философтарын  осылай  атаған. 
Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. 
Діннен  бас  тарту,  табиғат  құбылыстарын  ұтымды  түсіндіру,  этикалық  және 
әлеуметтік релятивизм – олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер 
екі  топқа  бөлінді:  «Аға  софистер»  -  табиғатты  материалистік  тұрғыда 
түсіндірді.  Бұл  топтың  өкілдері  -  Протагор,  Гиппий,  Продик,  Антифондар  -
алғашқы  ағартушылар.  Екінші  тобы  -  «Кіші  софистер»  (ақсүйектер  тобы)  -
Гипподам, Критий – философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау–
дау  кезіндегі  кейіпке  байланысты  пайда  болған  «Софистика»  деген  әдісті 
қолданды. Софистика  – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, 
софизмдерді,  яғни  сырттай  ғана  дұрыс  болып  көрінетін  айлаларды  саналы 


55 
 
түрде қолдану. Сондықтанда Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары 
деп атады. 
Софистика  дегеніміз  –  бастапқы  теорияны  сақтап  қалу  үшін  логика 
ережелерін  субъективті  түрде  пайдалануды  мүмкін  етіп  қарайтын 
аргументтердің көп түрінің жиынтығы. Бастапқы деп  алынатын теория ақиқат 
деп қаралады және сынауға, қайта қарауға тиым салынған болады. Софистика 
әдісі көздегенге жету үшін, соны дәлелдеу үшін семантикалық және логикалық 
ережелерді пайдаланады. 
Софизм – бұл еркін таңдалынған ой толғау. Оның негізінде софист адамға 
о  бастан  қолайлы  альтернативалар  жатады.  Софист  осы  альтернативалардың 
көмегімен кез-келген пікірді дәлелдеп шыға алады.  
Антикалық  философияның  екінші  –  классикалық  кезеңі  ерте  грек 
философиясының  кемелденген,  гүлденген  кезі  болды.  Себебі,  Платон  мен 
Аристотель  өздеріне  дейінгі  философияны  біртұтас  ғылымға  айналдырып, 
жүйелендіре түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет