Оқу сауаттылығы
Мәтіннен тыс, өз біліміне сүйену
Мәтінге сүйену
Табу және
одан алу
Кіріктіру
және
түсіндіру
Мәтіннің
мазмұны
Түсіну
және
бағалау
Мәтіннің
формасы
80
3.3-
сурет – Оқырмандық шеберлігі
Жаратылыстану бағытындағы PISA зерттеулерінің әдісімен тест
тапсырмаларын жоспарлау кезінде, ең алдымен, оқушының оқу
сауаттылығының құзыреттілігін ескеру керек. Олар:
1.
Табу және алу:
-
мәтінді көзбен жүгірту;
-
басты элементтерін анықтау;
-
ізденіс аймағын тарылту;
-
қажет ақпаратты айыру.
2. Түсіндіру және ықпал ету:
-
мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру;
-
мәтіннен автор тезистерін дәлелейтін дәлелдер табу;
-
автор ой түйінінен қорытынды шығару;
-
мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды жасау.
3. Зерделеу және бағалау:
-
басқа ақпарат көздерінен алған біліммен мәтіннен алған ақпаратты
байланыстыру;
-
әлем туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген пікірді салыстыру;
-
автормен ішкі диалог жүргізу: өз көзқарастары мен автор көзқарасын
қорғауда дәлелдер іздеу;
-
оқушының оқу сауаттылығы құзыреттілігін ескере отырып, тест
тапсырмаларын беру.
Төмендегі функционалдық сауаттылық ерекшеліктері ескерілген жөн:
-
жаратылыстанудың негізгі ерекшеліктерін адами таным мен зерттеу
формасы ретінде түсіну қабілеттілігі;
-
жаратылыстану ғылымдарының басқа ғылым салаларына әсер ететіні
туралы білімді көрсету;
•
мәтіннің негізгі
бөліктерінің мәнін
тұжырымдау
•
мәтінді түсінгенін
көрсету
•
ақпаратты жинақтау
•
мәтін мен өмірлік
тәжірибесінің
арақатынасын белгілеу,
оның сынап талдауын
•
мәтінді түсіну және
зерделеу
•
ақпаратты бағалау,
оның негізінде болжам
мен қорытындысын
шығару
Табу және алу
Кіріктіру және өзінше
түсіндіру
Мәнін түсіну және
бағалау
81
-
мектепте алған білімді түрлі өмірлік жағдайларда қолдана алуы, қойылған
мәселелерді ғылыми әдістермен шешуі, ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс
жасап, оны сыни тұрғыдан бағалай алуы;
-
эксперимент тәжірибелер жасау, болжамдар келтіру және қолдайтын
немесе жоққа шығаратын зерттеулер өткізу, айтылған көзқарасқа қарсы шығу
немесе оны негіздеу.
PISA
зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды
шешу жолдары ретінде мына мәселелерді атап өткен жөн:
1.
Тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде құрып, ондағы
білу, түсіну, қолданудан гөрі синтез, анализ, бағалауға мән беру;
2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар
оқушы өмірде қолдана алатын тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу;
3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге
асыру үшін білім беруде сабақтың құрылымын өзгерту, яғни оқытудың
белсенді стратегияларын қолдану, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру
үшін әр10 минут сайын жағдаятты өзгертіп отыру;
4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын-ала ескерту;
5.
Эксперименттік есептер, зертханалық шағын зерттеу жұмыстарын
орындата отырып, өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу,
тапсырманы зейін қойып орындауға және өзін-өзі бағалауға үйрету.
Осы іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін
қалыптастыруға жол ашылады.
PISA
зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрастыруда мұғалімнен
көп еңбек, терең білім, күш-жігер, жан-жақтылық, ізденімпаздық, жаңа ақпарат
көздерін мейлінше тиімді қолдана алатын қажыр-қайрат талап етіледі. Осы
аталған маңызды сипаттар мұғалімнің жан-жақты ізденістегі шығармашылық
тұлғасында тоғысып және де оқу үрдісінде ұтымды қолданылған жағдайда
құзыреттілік қалыптастырудың сапалы да өрелі мақсатына жетуге өрісті ықпал
етпек. Сонда ғана өскелең ұрпаққа сапалы білім алуына дұрыс бағыт-бағдар
беріліп, оқушылардың өмірде таңдайтын кәсіби бағытына жетуде
адастырмайтын жол ашылады әрі елшілдік ұстанымдағы зияткерлік тұлғасын
қалыптастыруға, айқындауға жол ашылады деп білеміз.
2015 жылы РISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың
жаратылыстану бағытында оқушының функционалдық сауаттылығы
тексерілетіні белгілі, сондықтан жас ұрпаққа теориялық мәліметтермен қоса
әлеуметтік ортада алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатындай деңгейде
жеткізу – педагогтердің басты міндеті [10].
82
|