Вестник КазНУ. Серия филологическая, №3(133).2011
69
Б. Т. Каримова, Ж. Б. Әсетова
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РЕСМИ БАСПАСӨЗІНДЕГІ МЕДИА-МӘТІН СИПАТЫ
Қазіргі газет тіліндегі медиа-мәтін мерзімдік
басылым қайнарларымен топтастыруы арқылы
жүзеге асады. Бұл қоғамдық қайраткерлердің
пікірлері, классикалық әдебиет үлгілері, қанат-
ты сөздер, мақалдар, сонымен қатар жырлардан
алынған атаулар мен үзінділер, кинофильмдер-
дің барлығы, бұқаралық мәдениет атауының
санатына жатады. Мерзімдік басылым қайнар-
көзінің әртекті және көптүрлілігі журналист пен
оқырман менталитетінің көрінісі болып табы-
лады. Қазіргі қазақстандық журналистердің
қызығушылықтары, олардың интеллект деңгей-
лері, білім шеңберлері, жас ерекшеліктері қолда-
нылған газеттердің медиа- мәтінінде көрінеді.
Қазақстандық газеттерде мәліметтердің дұ-
рыс талдануы үшін А.Лихачевтің [1], жіктемесі
негізге алынған, бұған сәйкес медиа- мәтінінге
жүгінудің екі негізгі түрін бөліп көрсетуге бо-
лады:
Олардың дәл немесе бұрмаланған баяндауы
медиа- мәтінде бәрібір де айқын болады; медиа-
мәтіннің сілтемесі оның жаңғыртусыз мәдени-
тарихи бұрынғы халықтың апелляциясы ретінде
қызмет етеді;
Теледидарлық медиа-мәтінге сілтеме: жарна-
маға, әйгілі кинофильмдердің атауларына, теле
және кинофильмдерге, музыкалық туындыларға.
Бірінші түріне сөзойнатым (каламбур) типі-
нің көшірмесін немесе жаңғыртуын жатқызуға
болады, медиа негізінде мыналар қолданады.
Сөзойнатым (каламбур) мәтіндер тақырып
аттары ретінде қолданылатын аса маңызды
стильдік тәсіл болып саналады. Сөзойнатым
фразеологизм немесе сөзоралым құрамындағы
бір лексеманы басқа сөзбен алмастыру немесе
оған жаңадан сөз қосу жолымен жүзеге асы-
рылуы мүмкін. Мысалы, «Ақымаққа намаз үй-
ретсең, жайнамазға басын жарады» (Ж.А.,
17.02.09.) деген тақырыпат «Саңырауға сәлем
берсең, атаңның басы дейді»,-деген мәтел үлгі-
сімен жасалған; «Ақиқатты айтпасақ сөз атасы
өлмей ме?» (Ж.А., 29.01.09.) тақырыпаты қазақ-
тың «Айтпаса сөз өледі» деген мәтел үлгісімен
жасалған, «Б» десең Бәкеңе тиеді, «Т» десең
Тәкеңе тиеді ...» (Ж.А., 25.05.09) «Тық деген
тауыққа тиеді» деген мәтел ізімен жасалған;
«Әкім сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді...»
(А.Т., 19.02.09) – қазақ фольклорында қалыптас-
қан сөз бастамасының негізінде жасалған сөз
ойнату деуге болады.
Идеологияландырылған мәтін, үндеу, ұран,
айқындалған идеологиялық нұсқау. «Тәртіпке
бағын, ел енді!» < «Адамға табын, жер енді!»
О.Сүлейменов> (Құтмағамбет Қонысбай, Ай-
қын, №1, 12.01.2010)
Қазақ ақын-жазушылар шығармаларынан
алынады немесе нақыл сөздерін таңдайды. Мы-
салы: «Ақбөкені жосатын Арқа аман бол!»
<Қасым Аманжолов> (Асқарбек Қазанғап,
А.Т., №20, 20-26 маусым, 2010ж)
«Таза мінсіз асыл тас...» < «Таза мінсіз асыл
тас су түбінде жатады...» Асан қайғы> (Зәмзә
Қоңырова, А.Т., №3, 21-27 қаңтар, 2010ж)
«Бұл сайыс бұрынғыдан өзгерек...» < «Бұл
ән бұрынғы әннен өзгерек...» Шәкәрім> (Анар
Дәукен, А.Т., №19, 13-19 мамыр, 2010ж)
«Биылғы жолдау былтырғыдан өзгеше ...»
<«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» Шәкәрім>
(Б. Исаева, А.Т., №6, 11-17 ақпан, 2010ж)
«Ана тілің – арың бұл < Т.Молдағалиев>
(№8, 25.02-03.03. 2010ж)
«Жүректің әр соққаны бір-бір өлең»
<М.Мақатаев> (Мралтай Райымбекұлы, айқын
№110, 22.06.2010)
«Абайлап жүріп, анық бас...» < «Ақырын
жүріп, анық бас» Абай> (Ақберген Тайторы,
Айқын, №3, 14.01.2010)
«Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда»
(Бағлан Бәбіжан, Айқын, №12, 27.01.2010)
«Мұқағалиды «шаң басқан архивтерден»
табамыз...» < «...шаң басқан архивтерден табы-
лармыз» «Фариза» өлеңінен, М.Мақатаев>
(Елдана Оспанова, Айқын, №20, 06.02.2010)
«Отыздан асып барады» < «Отыздан асып
барамын» М.Мақатаев> (Қаншайым Байдәуле-
това, Айқын», № 64, 15.04.2010)
«Үйретуден жалықпаған ұстаз» < «...Ұстаз-
дық еткен жалықпас үйретуден балаға» Абай>
(Асылзада Дастан, Айқын, №69, 22.01.2010)
«Бала сүйсең, Бәкен ағадай сүй!» <«Әнді
сүйсең менше сүй.» Абай> (Сәбит Жаданов,
А.Т. №28, 15-21 шілде, 2010 ж) Бұл тәсілдердің
барлығы прецедентті мәтіндер қолданысына
негізделген. Ю.Н.Карауловтың айтуынша, пре-
цедентті мәтіндеге: «тұлға үшін танымдық
және эмоционалды жағынан маңызы бар мәтін-
дер; тұлғаның айналасындағы адамдардың бәрі-
не де кеңінен таныс мағлұматтар, тілдік тұлға-
ның дискурсында бірнеше қайтара қолданы-
латын мәтіндер жатқызылады» [2]. Ал қазақ