оларды пернетақта көмегімен алу жүзеге асырылмайды, яғни файлдар
толықтай терминал құрылғысын алмастырады. Деректерді қайта
бағыттауды басқару енгізу/шығаруды қайта бағыттау команданың
көмегімен жүргізіледі.
Бағдарлама шығарып жатқан деректерді (оның ішінде тапсырмалар
да бар) file.txt файлына қайта бағыттау үшін шығаруды қайта бағыттау
таңбасын «>» көрсетіп бағдарламаны жүктеу керек:
prog > file.txt
Егер file.txt файл жоқ болса, осындай қайта бағыттау кезінде ол
жаңадан пайда болады да, терминалға шығуы керек барлық деректер
соның ішіне жиналады. Егер file.txt файл бар болса, оның ішінде қайта
бағытталуды жүктегенге дейін болған ақпараттар жаңа деректермен
өшіріліп тасталады.
Бірнеше бағдарламалардың алатын деректерді бір файлға жинаған
кезде деректерді файлда бұдан бұрын болған деректер астына
орналастыру қажет болады. Ол үшін шығаруды қайта бағыттау
таңбасын пайдалануға болады «>>»:
prog >> file.txt
Бағдарлама шығарған деректерді осылай шақырған кезде олар файл
file.txt соңына қосылатын болады. Егер бағдарламаны шақырған кезде
ондай файл жоқ болса, оған деректер енгізер алдында жаңасы пайда
болады.
Енгізу ағынын қайта бағыттау үшін енгізуді қайта бағыттау белгісін
қолдану қажет «<». Енгізуді file.txt файлынан қайта бағыттау үшін
шақырту келесідей болады:
prog < file.txt
Егер бір мезетте infile.txt файлынан енгізу және outfile.txt файлынан
шығару қайта бағыттаулары қажет болса, онда шақырту келесідей
болады:
prog < infile.txt > outfile.txt
Бір бағдарламаның шығару ағынын екінші бағдарламаның енгізу
ағынына қайта бағыттау үшін енгізу/шығару конвейерін қолдануға
болады. Конвейерді бекіту «|» таңбасымен жасалады. Осылайша, prog1
бағдарламасын шығаруды prog2 бағдарламасының енгізуіне қайта
бағыттау келесідей болады:
progl | prog2
Енгізу/шығару конвейері UNIX - жүйесінің негізіне салынған