түрге ауысты, ал жүктеу және шығарға қатысты типтік әрекеттер
операциялық жүйенің ажырамас бөлігіне айналды.
Қазіргі
таңда
бағдарламалаушылар
ортасында
осындай
атқарымдарға арналған операциялық орта үшін API (Application
Programming
Interface)
термині қолданылады, ұқсас жүйелік
құралдардың қолданбалы сипаттамасын ерекшелейді. Осыған орай есептеуіш машиналардың архитектурасы типтестірілді
және олардың тез әрекет етуі ұлғайған сайын, оперативті жадыны
жүктеуге,
мәліметтері
бар
жинақтауыштарды
орнату,
яғни
тапсырманың ақпараттық ортасының инициалдануы және т.б.
орындауға арналған бағдарламаларды дайындауға кететін уақытты
жоғалту мәселесі қауырт болды. Шынымен де, процессор он мыңдаған
операцияларды 1 секундта орындағанда, бағдарламасы бар
перфокартаны негізгеорнатуға және енгізуге жұмсалатын бір жарым –
екі минут 300 000 – 500 000 командаларын орындау мүмкіндігін
жоғалтуға әкеледі.