қою таңбасын қолдануға болады «\». Осы таңбаны көрсеткеннен кейін
команданы келесі жолақта жалғастырып жаза беруге болады, ал
командалық интерпретатор ауыстыру таңбасынан кейінгі жазбалардың
барлығын команданың жалғасы ретінде қабылдайды.
BASH командасы бойынша құжаттаманы қарау үшін кіріктірілген
man анықтамалық жүйе қолдануға болады. Көмек парақшасын BASH
шақырту үшін «man bash» енгізу қажет. BASH кіріктірілген
командаларының сипаттамасы BUILT-IN COMMANDS бөлімінде
орналасқан.
UNIX кез-келген команда бойынша анықтамалық команданы қарау
үшін – команда атауы көрсетілген параметрі бар man шақырту
маңызды. Командалар атауын іздеу үшін және олар туралы қысқаша
ақпараттар алу үшін apropos бағдарламасын қолдануға болады.
Мысалы, apropos edit шақыртуы бағдарламалар бойынша атауында edit
кездесетін барлық анықтамалық парақтарды экранға
шығарады.
АЙНЫМАЛЫЛАР Тапсырмаларды жазған кезде айнымалыларды (жоғары деңгей
тілдерінде бағдарламалау жасалғанға ұқсас) анықтау және пайдалану
мүмкіндігі бар. Айнымалылардың екі түрі бар: ішкі айнымалылар және
айнымалы орта, яғни ОЖ арнайы аймағында берілген және барлық
орындалып жатқан бағдарламаларға қолжетімді айнымалылар.
Айнымалылар
ортасы
—
пайдаланушы
бағдарламасының
орындалуына ықпал ететін ақпараттық ортаның бөлігі.