[Введите текст]


Қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  ендігі  бір



Pdf көрінісі
бет19/26
Дата28.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#26578
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
Қазақ әдебиеттануы (2)

Қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  ендігі  бір 
ерекше  аталып  өтер  сала  –  мұхтартану.  Кемеңгер 
жазушы,  ғұлама  ғалым,  дана  ойшыл,  ұлағатты  ұстаз 
М.Әуезовтің  “Абай  жолы”  роман-эпопеясы  қазақ 
әдебиеттануында  абайтануды  қалыптастырса,  абайтану 
мұхтартанудың  іргесін  қалады.  “Абай  жолы”  романы 
туралы  әрбір  сын-зерттеу  мақала  мұхтартануға  қосылған 
үздік-үздік  үлестер  еді.  Ал,  ұлы  жазушы  қайтыс 
болғаннан  кейін  оның  әдеби-мемориалдық  музейі 
ашылып,  шығармаларының,  қолжазбаларының  жиналу, 
зерттелу,  жүйелену  істері  қолға  алынды.  Әуезовтің 
шығармашылығына 
арналған 
ғылыми 
еңбектер, 
зерттеулер,  естеліктер  жазыла  бастады,  жеке  қолжазба 
мұраларының  сипаттамасы  да  жарық  көрді.  Қазақ 
әдебиеттану  ғылымында  М.  Әуезовтің  шығармашылығы 
жөнінде  отызға  жуық  ғылыми  диссертациялар  қорғалды. 
М.О.Әуезовтің  туғанына  100  жыл  толу  құрметіне 
                                                                                                                       
арналған  “М.Әуезов.  Таңдамалы.  Қазақ  және  орыс 
тіліндегі  ғылыми  еңбектер:  монография,  зерттеулер, 
мақалалар,  сөздер,  баяндамалар,  хаттар”  –  деген  еңбекте 
мұхтартанудағы еңбектердің тізімі берілген. Атап айтсақ, 
М.  Әуезов  туралы  алғашқы  монографиялық  очерктердің 
авторлары  З.Кедрина  мен  А.Нұрқатов  болды.  Кейін  Е. 
Лизунованың, 
Л.Әуезованың, 
З. 
Ахметовтың, 
З. 
Қабдоловтың, 
М.Мырзахметовтың, 
Т.Жұртбаевтың, 
Т.Әкімовтың т.б. еңбектері жарық көрді. Олардың ішінде 
үлкен  марапатқа  ие  болған  академик  З.  Қабдоловтың 
“Менің 
Әуезовім” 
деген 
роман-эссесі 
мен 
Ж. 
Ысмағұловтың 
Абайдың 
шығармашылық 
мұрасын 
бастыру  және  зерттеу  жөніндегі  жұмыстары  үшін 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  сыйлығының 
лауреаты деген жоғары атаққа ие болғандығын атап өткен 
жөн. 
Ал,  М.  Әуезовтің  әр  жылдары  жарық  көріп  жатқан 
шығармаларының,  атап  айтқанда,  алғашында  12  томдық, 
кейін  20  томдық,  қазір  50  томдық  жинағына  жазылып 
жатқан  ғылыми  түсініктер,  қазіргі  уақыт  талабына  сай 
өзгертіліп,  қалпына  келтіріліп  жатқан  көптеген  күрделі 
текстологиялық  жұмыстар  осы  мұхтартануға  қосылып 
жатқан қыруар еңбектер екендігін ескеруіміз керек.  
Мұхтартану 
жылдан-жылға 
жас 
кадрлармен 
толығып,  зерттеу  нысаналары  кеңейіп  келеді.  Бұл 
саладағы  алдағы  уақытта  атқарылар  шаруалар  да  көп. 
Соның маңыздылары абай және мұхтартанушы, академик 


[Введите текст] 
 
 
182 
                                                                                                                       
З.  Ахметовтің  айтуынша  “Әуезов  шығармаларының 
ғылыми  түсініктемелер  берілген  академиялық  жинағын 
дайындау,  толық  ғылыми  өмірбаянын  жазу  және  Әуезов 
тілінің сөздігін жасау”. 
Кеңестік 
дәуірде 
арнайы 
сала 
болған 
жамбылтанудың  бағы  тәуелсіздік  жылдары  біраз 
тоқырауға  ұшырағаны  белгілі.  Саясатты  жырлаған  деген 
біржақты  пікір  ұлы  Жамбылдың  шығармашылығын 
жаңаша  зерттеуге  зер  салдырмай  ғылыми  назардан  тыс 
қалдырғаны 
белгілі. 
Аласапыран 
заманның 
түсініспеушілікке  толы  алғашқы  сынынан  өтіп  шын 
мәніндегі  тарихи  әдеби  тұлға  ретінде  танылған  жыр 
алыбының 
қазақ 
әдебиетіндегі 
лайықты 
орнын  
М.Жолдасбеков,  Т.Кәкішев,  С.Қасқабасов,  Ж.Дәдебаев 
сынды зерттеушілер айтып та жазып та жүр.      
       М.  Жолдасбеков  жыр  алыбы  Жамбыл  Жабаевтың 
өмірі мен шығармашылығы, тәлім алған мектебі, ортасы, 
өзінің  мектебі,  шәкірттері  жөнінде  де  жүйелі  түрде 
зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Оған зерттеушінің, 
“Жүз жыл жырлаған жүрек” (1993), “Асыл сөздің атасы” 
(1996) деген монографиялық еңбектері дәлел. 
Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас 
болып  келе  жатқан  қазақ  сөз  өнерінің  ғалым  басты–
басты екі ақындық мектебі бар деген тұжырым жасайды. 
Бірі – өмір, замана жайында терең толғанатын шешендік, 
фәлсафалық,  данышпандық  мектеп.  Мұның  аты 
                                                                                                                       
сақталып бізге жеткен түпкі атасы Асан қайғы, одан бұл 
өнер ғасырлар аттап кешегі ұлы Абайдың қолына тиді. 
Екіншісі  –  өле-өлгенше  көмейі  күмбірлеп,  жағы 
талмаған  дария  –  даңғыл  жыраулар  мектебі.  Мұның 
әзірге біз білетін аты мәлім түпкі атасы – Сыпыра жырау. 
Оған  іліктес  Шалкиіз,  Бұқар,  Шөже,  Майкөт  жыраулар 
аталады.  Сондай  жыраулардың  ең  соңғы  үздігі  – 
Жамбыл, 
деп 
жыр 
сүлейі 
Жамбыл 
ақынның 
шығармашылығына барлауды әріден қозғайды.  
Көрнекті  ғалым  М.Жолдасбековтың  аталған 
еңбектерінде  Жамбылдың  қайталанбас  қолтаңбасы, 
ақындық,  суырып-салмалық  шеберлігі,  оның  қазақ 
әдебиетіне  әкелген  даралық  қасиеті  және  бір  ғасыр 
шеңберіндегі қазақ поэзиясының даму жолдары мен өсу 
заңдылықтары  арнайы  қарастырылады.  Зерттеушінің 
қазақтың  сөз  өнеріне  жасаған  жүйелі  теориялық 
талдаулары 
өзіндік 
ізденісімен, 
соны 
пікірімен 
дәйектелінеді. 
Сонымен  бірге,  ғалымның  «Тоқсан  толғау»  (1992, 
Н.Төреқұловпен  бірге)  атты  ғұмырнамалық  эссесінде 
атақты  әнші–сазгер  Кенен  Әзірбаевтың  өшпес  рухани 
мұрасы, өнердегі өлмес өнегесі жазылған. 
Ал,  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  өзінің  тура 
айтып,  әділ  пікірін  білдіріп  жүретін  әдебиетші  ғалым, 
сыншы  Тұрсынбек  Кәкішұлы  кеңес  кезеңінің  рухани 
құрбаны  болған,  бүгінде  әр  тарапта  қаралып  жүрген 
Жамбыл  Жабаевтың  шын  мәніндегі  әдеби,  тарихи 


[Введите текст] 
 
 
183 
                                                                                                                       
тұлғасы  мен  шынайы  өнері  жайлы  әділ  пікірін 
«Әдебиеттану  ғылымының  кейбір  мәселелері»  деген 
мақаласында  былай  білдіреді  (Мақала  бұрындары 
жазылғанымен  автор  оны  қайта  қарап,  осы  күйінде 
ұсынып  отыруы  бастапқы  ойларынан  айнымағандығын, 
ұстанған принципінің дұрыстығын танытса керек. (Г.П): 
«Қазақ  әдебиетінің  одақ  көлеміне  танылған  күрделі 
тұңғыш  тұлғасы  –  Жамбыл  деп  жасқанбай  айту  керек. 
Поэзия  алыбының  творчествосы  қазақтың  жаңа  ауыз 
әдебиетін  әлемге  паш  қылғанына,  сонымен  қатар 
көптеген,  әсіресе  түрік  тілдес  халықтардың  поэзиясын, 
әсіресе  ауыз  әдебиетін  өркендетуге  үлкен  әсері 
болғандығын  кім  теріске  шығара  алады.?..  Туысқан 
әдебиеттерде  Жамбыл поэзиясының әсері болуында дау 
жоқ.  Бірақ  ,  осыны  зерттеген  кім  бар?.  Бұл  игілікті 
жұмысты  бізге  біреу  істеп  беруі  керек  пе?...  Біздіңше, 
тіпті  бар  көлемде  алғанда,  Жамбылдың  поэзиясының 
ықпалын  қырғыз,  қарақалпақ,  түрікпен  әдебиеттерінің 
поэтикалық  тәжірибелерінен  аңғартуға  болады.  Міне, 
бұл қазақ әдебиеттану ғылымының күн тәртібіне қоятын 
үлкен  проблемасы  болуға  тиіс»,  (16-бет.  Сын  мен 
сыншы.  Жанр  жайлауы.  І  кітап.  Оқу  құралы.  Алматы, 
Қазақ университеті.  2007, 462-б.)  
«Тәуелсіздік 
кезіндегі 
жамбылтану» 
атты 
зерттеуінде  Ж.Дәдебаев:  «Жаңа  ғасыр,  онымен  бірге 
жаңа  дәуір  жай  келмей,  жан-жағына  жарық  шашып, 
Жамбылдың  өзіне  де,  оның  жүрегінен  шығып,  халық 
                                                                                                                       
көңілінде ұялап қалған,уақыт теңізінің терең түбіне шөге 
бастаған  асыл  жырларына  да  іздеуші,  сұраушы  бола 
келді»,-  дейді.  Тәуелсіздік  кезеңінде  өткеніне  ой 
жіберген  кешегіні  бүгінгі  таныммен  танып,таразылаған 
зерттеушілердің ақын шығармашылығына деген жаңаша 
көзқарастарын  саралай  келе  ғалым:  »...  Сөйтіп  қазақ 
халқының  ақындық  ойы,  жыраулық  өнері  бірнеше 
ғасырлық  даму,  өркендеу  жолын  бір  Жамбылдың 
ақындық  ғұмырбаянының  аясында  ғана  жүріп  өтіп, 
тарихи  ұлы  серпіліс,  адам  айтса  нанғысыз  ғаламат 
сілкініс  жасады.»,-  деген  қорытындыға  келеді.  Осы 
зерттеуінде 
Ж.Дәдебаев 
Жамбылдың 
бүкіл 
шығармашылығына қайтадан толық шолу жасай отырып, 
олардағы  көркемдік  құндылықтарды  тәуелсіз  әдебиеттің   
өрісі 
тұрғысынан 
талдап, 
таразылайды. 
Қазақ 
әдебиетіндегі  жамбылтану  саласының  әлі  зерттейтін 
әдеби  де  ғылыми  да  мәселелері  көп  екендігін,  ол  өз 
зерттеушілеріне зәру екендігін ескертеді. 
 
4.3 Қазақ әдебиеті және әлемдік рухани 
құндылықтар 
 
           Тәуелсіздіктің  рухын  сезінген  ғалымдар  бүгінде 
әлемдік  әдебиеттану  кеңістігіндегі  жаңа  ойлармен 
қарулана  отырып,  тың  методологиялық  межелерді 
меңгеруге  мүмкіндік  алған.  Мәселен,  Т.  Есембековтің 
орыс тіліндегі “Драматизм және қазақ прозасы” (1997), А. 


[Введите текст] 
 
 
184 
                                                                                                                       
Ісімақованың  “Қазақ  көркем  прозасы.  Поэтика,  жанр, 
стиль”  (1998),  «Возвращение  плеяды»  (2002),  Б. 
Жетпісбаеваның “Символ в движении литературы” (1999), 
С. Әшімханованың “Ғ. Мүсірепов прозасының поэтикасы” 
(1999),  Х.  Рүстемованың  “Әнуар  Әлімжанов  прозасының 
поэтикасы”  (1997),  Г.  Мучниктің  “Коммуникативтік 
поэтика  проблемалары”  (1995),  В.Савельеваның  “Көркем 
текст  және  көркемдік  әлем”  (1996),  “Көркемдік 
антропология” 
(1999), 
 
Л.В.Сафронованың 
«Постмодернистская 
литература 
и 
современное 
литературоведение Казахстана» (2006), Қ. Жарықбаевтың 
«Жүсіпбек 
Аймауытұлының 
психологиялық 
көзқарастары»  (2000),  т.б.  теориялық  еңбектерде  қазіргі 
қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  теориялық  мәселелер, 
көркем  шығарманың  ішкі  табиғаты,  олардың  көркемдік-
эстетикалық  ізденістері,  көркем  мәтіндегі  құндылықтар 
ғылыми дәлдікпен сараланады. 
Бұлар  әрбір  ұлттық  әдебиет,  әдебиеттану  ғылымы 
жеке-дара томаға-тұйық өмір сүре алмайтынын дәлелдесе 
керек. Әлемдік әдеби процесс, тіпті кез-келген қоғамдық-
саяси  құбылыстар  да  өзгелерге  ой  салмай  тұра  алмайды. 
Санаға  сыналап  болса  да  әлемдік  информация  ағыны, 
қазіргі  интернет    бізге  дүниежүзілік  әдеби-мәдени 
дүниетанымнан  хабардар  етіп  отырады.  Оның  өзі  біздің 
рухани  өміріміздің 
өркениеттен  кенде 
қалмауын 
қамтамасыз етеді. Соның өзінде қазіргі тәуелсіздік кезеңі 
елімізге  егемендік,  өзімізге  рухани  еркіндік  бергенімен 
                                                                                                                       
қаржының  тапшылығынан  өзге  елдермен  мәдени 
байланысты  үзіп  тастағаны  өкінішті–ақ.  Өйткені,  біз 
шетелдік  басылымдарға  қол  жеткізе  алмай  отырмыз. 
Соның  салдарынан  көптеген  әдеби  жаңалықтардан 
тысқары  қалып  отырғанымыз  да  өтірік  емес.  Ал, 
тәуелсіздік  алған  жылдары  аға  буын  ағаларымыздың 
кейбірі  еліктеуді қоялық, тәуелсіз өз әдебиетімізді игеріп 
алайық деген мәселелер көтеріп бақты. Түбінде мұның өзі 
дұрыс еместігін бүгінгі әдеби процесс дәлелдеп отыр. 
Осы  тәуелсіздік  кезеңінің  алғашқы  жылдарында 
ұлттық  әдебиеттану  ғылымында  да  еуропацентристік 
көзқарас,  әдебиетті  тек  тәуелсіз  ел  тұрғысынан  талдау, 
әлем,  одақ  әдебиетіндегі  көзқарастарды  қысқартып,  тек 
өзіміздің  рухани  мұрамыз  ретінде  танып,  зерттеу  керек, 
әдебиетті  қазақша  таныту  деген  біржақты  пікірлер 
болғаны  да  белгілі.  Әдебиетті  географиялық  мектептер 
арқылы зерттеу секілді жаңа қисындарды ұсынған зерттеу 
жұмыстар да болды. 
Және  бір  ерекше  атап  өтер  жайт  –  тәуелсіздік 
кезеңіндегі  ұлттық  әдебиеттану  ғылымында  дәстүрге 
айнала бастаған жақсы бір бастама – компаративистика
Әлем  әдебиетіндегі  байланыстар,  олардың  арасындағы 
типологиялық  салыстырулар  жайлы  үлкен  бір  мектептің 
өмірге 
келіп, 
орныққаны. 
Қазақ 
әдебиетіндегі 
салыстырмалы  әдебиеттану  проблемаларын  жаңа  сапаға 
көтеру  мақсатында  марқұм  Ш.  Сатпаева  бастаған 


[Введите текст] 
 
 
185 
                                                                                                                       
мектепте  бүгіндері  Н.  Сағындықова,  Н.Жуанышбеков, 
М.Маданова т.б қажырлы еңбек етіп жүр. 
Әдебиет 
институтында 
өзіндік 
дәстүрімен 
қалыптасқан  бұл  мектеп  бірнеше  жылға  жабылып,  кейін 
қайта ашылды.  
Сондай-ақ,  тағы  бір  атап  өтер  әдеби  бағыттың  бірі  – 
структализм, семантика–символикалық, антропологиялық, 
психоаналитикалық,  герменевтикалық,  семиотикалық 
мектептердің 
жаңашыл 
ізденістері 
қазақ 
әдебиеттанушыларын  қызықтырып  отыруы.  Көркем 
шығармалардағы  жеке  бір  көркемдік  категорияларды 
бөліп  алып,  әлемдік  әдебиеттануда  іргесін  В.Ю.Лотман 
қалаған структурализм, құрылымдық поэтика тұрғысынан 
қарастыратын зерттеулер қазақ әдебиеттануында да соңғы 
жылдары көбейіп отыр.  
Осы  орайда,  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 
педагогикалық  университетінің  орыс  және  әлем  әдебиеті 
кафедрасының 
ғалымдары, 
ф.ғ.д., 
профессорлар: 
Б.Жетпісбаева, В.В.Бадиков, В.В.Савельева, С.Ж.Әбішева, 
Л.В.Сафронова т.б. зерттеулерін атап кетуге болады.  
Шындығын  айту  керек,  тәуелсіздік  алғанға  дейінгі 
ұлттық  әдебиеттану  ғылымында  кейбір  ғалымдар  зерттеу 
нысанасына  алған  көркем  шығарманың  мазмұнын, 
кейіпкерлерінің  тағдыры  мен  тіршілігін,  оқиғаны  тізу 
секілді  жалпылама  баяндаудан  аспайтын,  нақты  көркем 
мәтінді  теориялық  талдаудан  өткізу,  оны  белгілі  бір 
проблема  төңірегінде  топтастырып,  зерттеуге  ғылыми 
                                                                                                                       
зейіннің  жетпей  жатуы,  тереңдіктің  тапшылығы, 
обьективті  әділ  баға  берудің  кемшін  түсіп  жатуы  т.б. 
сияқты  кемшіліктердің  көзге  түсетіні  өтірік  емес.  Олар 
көбіне 
жеке 
ақын-жазушылардың 
өмірі 
мен 
шығармашылығын 
зерттеудегі 
еңбектерде 
көбірек 
кездесетін ортақ олқылықтар. 
Ащы  болса  да  ақиқатты  айту  біздің  сынды  ғана 
емес,  ғылымды  да,  әдебиеттану  ғылымын  да,  тіпті  сөз 
өнерін де өркендетуге кең өріс ашқан болар еді. Сынның 
әдебиеттің  барлық  жанрына  қатысты  екендігін  ескерсек, 
ол  әдеби  процестің  дұрыс  дамуына  да  дәнекер  бола 
алатыны сөзсіз.  
Ұлттық  әдебиеттану  ғылымының  тарихын  зерттеу 
мен  талдауда  70  жылдық  тарихы  бар  кеңес  дәуіріндегі 
саясаттың,  партиялық,  коммунистік  идеологияның  ойдан 
табылған  социалистік  реализмнің  салдарынан  көркем 
шығарма, 
оны 
зерттейтін 
әдеби 
сын, 
ғылыми 
зерттеулердің  де  сүреңсіз  тартып,  біржақтылықтың  өріс 
алғанын ,міне ,қазір айтуға тиіспіз. 
Тәуелсіздік  алған  1991  жылдардан  бергі  қазақ 
әдебиеттану  ғылымындағы  күрделі  көркемдік  өзгерістер 
мен әдеби бағыттарға баға беру мақсатымен 2001 жылдың 
19  маусымында  М.  Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 
институтының 
ғылыми 
ұжымы 
ұйымдастыруымен 
Ұлттық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет