[Введите текст]



Pdf көрінісі
бет4/26
Дата28.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#26578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Қазақ әдебиеттануы (2)

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.ТАРАУ. 1919 -30 жылдар аралығындағы қазақ 
әдебиеттануы 
1.1  Қазақ  әдебиеттану  ғылымының  қалыптасу 
жолдары 
 
ХХ  ғасыр  басындағы  қоғамдық  -  рухани  ситуацияда 
болған жаңа өзгерістер ұлттық санаға   өз сәулесін түсірді. 
1920-30  жылдары    қазақ  әдебиеттану  ғылымының 
іргесі қаланып, кәсіби көркем сын теориялық талдауларға 
деген талаптарын танытты. Қазақ даласындағы қоғамдық-
әлеуметтік,  саяси,  әдеби-мәдени  өмірдегі  күрделі 
өзгерістер үлкен рухани құбылыстың туып келе жатқанын 
байқатты.    Қазақтың  рухани  өміріне  талантты,  тегеуріні, 
рухы,  түпқазығы  мықты  толқын  келді.  Олар:  Ахмет 
Байтұрсынов,Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовтың, 
Мағжан  Жұмабаев,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Сәкен 
Сейфуллин, Мұхтар Әуезов т.б. еді.  
ХХ  ғасырдың  1920-30  –  жылдары  қоғамдық-
экономикалық  формацияның  қалыптасуы  кезеңі  болды. 
Ең  бастысы,  Алаш  зиялылары  халықты  жаппай 
сауаттандыруға,    қазақ  тіліндегі  оқу  құралдарын  жазуға, 
оны  баспадан  шығаруға  белсене  атсалысты.  Соның 
нәтижесінде, 
белгілі 
жазушы, 
қоғам 
қайраткері 
Ж.Аймауытовтың 
“Психология” 
(1926), 
ақын 
М.Жұмабаевтың 
“Педагогика” 
(1927), 
жазушы 
М.Әуезовтің  Казнаркомпростың  ғылыми  әдістемелік 
Кеңесінің  шешімімен    “Новый  аул.  Русский  букварь  для 
казахских  детей”  (1929)  атты  оқулықтары,  т.б. 


[Введите текст] 
 
 

жарияланып,  үлкен  сұранысқа  ие  болды.  Олардың 
бірнеше рет қайта басылуы - соның айғағы. 
Осы  кезеңде  –  әдебиетті  сөз  өнері  деп  танып,  оны 
әдебиеттану  ғылымының  өз  категориялары  арқылы 
талдау,  ондағы  шеберлік  пен  көркемдік  өлшемдері 
жөнінде  ғылыми-теориялық  ой-пікірлер  айта  білетін 
дарынды таланттардың зерттеу жұмыстары дүниеге келді. 
Атап  айтар  болсақ,  Ахмет  Байтұрсыновтың    “Әдебиет 
танытқышы” (1926) зерттеуі мен  М.Жұмабаевтың “Базар 
жырау”, “Ақан сері сөздері” (1923) атты мақалалары қазақ 
әдебиеттануының  негізін  қаласа,  Ж.Аймауытовтың 
“Мағжанның  ақындығы  туралы”  (1925)  атты  мақаласы 
әдеби-көркем  сынның  көшбастаушысы  болды.  Қошке 
Кемеңгеровтің  “Көркем  әдебиет  туралы”  (1926)  атты 
көлемді 
еңбегі 
мен 
С.Сәдуақасовтың 
“Әдебиет 
әңгімелері”  (1927),  Екеудің  “Көркем  әдебиет  туралы” 
(1927)  т.б  атты  мақалалары  төл  тарихымызда  көркемдік 
ойлау  жүйесі  мен    әдеби  -эстетикалық  көзқарастардың 
қалыптаса  бастағанын  танытты.  Сондай-ақ,  Бейсембай 
Кенжебаевтың  “Абай”,  Ыдырыс  Мұстанбаевтың  “Көркем 
әдебиет  туралы”,  Шаймерден  Тоқжігітовтың  “Тоқсанның 
тобы” деген мақалаларында  әдеби шығарма көркем мәтін 
ретінде  қарастырылады.  Ал,  Ғаббас  Тоғжановтың 
“Мағжанның  ақындығы  және  Жүсіпбектің  сыны”  (1925), 
“Әдебиет  және  сын  мәселелері”  және  “Абай”  атты 
еңбектері 
қазақ 
әдебиеттануындағы 
тұңғыш 
монографиялық зерттеуі  санатына енді. Осы жылдардағы 
жарық  көрген  С.Мұқанов,  Е.Бекенов,  Ғ.Мүсірепов, 
Н.Төреқұлов,  М.Дәулетбаев,  Х.Жүсіпбеков  т.б.  сынды 
қаламгерлердің  әдеби-сын  мақалалары  да  осы  сипатта 
көрінді. 
1920-30  жылдар  аралығында  М.Әуезовтің    көптеген 
әдеби  сын  мақалалары  мен  ғылыми  зерттеу  еңбектері 
жарық  көрді.    Атап  айтсақ,  “Қазақ  әдебиетінің  қазіргі 
дәуірі”,  “Ахаңның  елу  жылдық  тойы,  “Әдебиет  ескілігін 
жинаушыларға”,“…Мағжанды 
сүйемін!” 
т.б. 
атты 
мақалалары  мен  1924  жылы  Ташкентте  жарияланған 
“Әдебиет  тарихы”  деген  зерттеу  еңбегі.  “Екеу”  деген 
бүркеніш  атпен  берілген  Ж.Аймауытов  екеуі  жазған 
“Көркем әдебиет туралы” сын мақаласы бар. 
1920-30  жылдары      қазақ  әдебиеттанушылары  ең 
алдымен  халқымыздың  мол  әдеби  және  мәдени 
мұраларын ел арасынан  жинап, оларды мұқият жүйелеп, 
баспадан  шығаруды  қолға  алды.  Ол  жөнінде  бірнеше  рет 
мемлекеттік  тұрғыдан    арнайы  қаулы-қарар  шығарылып, 
ел  арасындағы  оқыған  азаматтарға  үндеу  тасталды.  Әр 
ақын-жазушыға    белгілі  мекендерде  айтылып  жүрген 
жыр-дастандарды,  ел  арасында  кеңінен  тараған  аңыз-
әңгімелерді,  мақал-мәтелдерді,  жергілікті  жыраулардың 
өмірі  мен  өнерлері  жайлы  бүкіл  мәліметтерді  жинап, 
мерзімді 
баспасөз 
беттерінде 
жариялауды 
және 
баспаларға  тапсыруды  міндеттеді.  Осы  орайда  орасан 
шаруалар жасалып, бұрындары баспа бетін көрмеген, тіпті 
аты  мен  заты  да  белгісіз  болып  келген  қаншама  құнды 
әдеби мұралар жиналып, жүйеленді. 


[Введите текст] 
 
 

1920-30  жылдары  қазақ  әдебиеттану  ғылымында 
тұңғыш  рет  абайтану    саласы    қолға  алынды.  Мәселен, 
ұлы Абайдың қайтыс болуына 1 жыл толуына орай, орыс 
тілінде  1908  жылы  жарияланған  ”Абай  (Ибраһим) 
Құнанбайұлы”деген 
мақаласында 
Абайды 
бірінші 
болып,ұлы  ақын  деп  атаған  әдебиет  сыншысы  Әлихан 
Бөкейханов  еді.  1909  жылы  Әлиханның  басшылығымен 
Санкт-Петерборда  Абайдың  тұңғыш  жинағы  жарық 
көрді.Бұл  деректер,  сөз  жоқ,  ұлттық  әдебиеттану 
ғылымындағы    абайтану  саласына  сүре  жол  салынғанын 
дәлелдейді.  Сондай-ақ  Ахмет  Байтұрсынов  ұлы  ақынның 
қазақ  әдебиетіндегі  тарихи  орнын  анықтаған  “Қазақтың 
бас  ақыны”  деген  мақаласы,  Ж.Аймауытов  пен 
М.Әуезовтің “Екеу” деген бүркеншік атпен жарық көрген 
“Абайдың  өмірі  һәм  өнері”,  “Абайдан  соңғы  ақындар” 
атты  еңбектері,  Мағжан  Жұмабаевтың  “Хакім  Абай” 
жырлары  т.б.жарық  көреді.  Бұл,  сөз  жоқ,  ұлттық 
әдебиеттану  ғылымы  үшін  үлкен  рухани  табыс  болды.. 
Ғасыр басындағы үлкен рухани құбылыс – ұлы ақын Абай 
Құнанбаевтың  әдеби-философиялық  өлең-жырларының 
жарық  көріп,  оқырманның  игілігіне  айналуы  еді.    Бұл 
кезеңде  қазақ  әдебиеттану  ғылымы  мен  әдеби  сыны 
қанатын  кеңге  жайып,  өрісі  кеңейе  бастады.    Алаш 
көсемдерінің  бірі,  араб  алфавиті  негізінде  қазақтың  жаңа 
(төте)  жазуын  жасаған  реформатор,  аса  көрнекті 
түркітанушы,  осы  замандық  қазақ  тіл  білімі  мен 
әдебиеттану ғылымының негізін салушы,ақын,аудармашы 
А.Байтұрсыновтың  1926  жылы  жарық  көрген  “Әдебиет 
танытқыш”  атты  теориялық  зерттеуі  –    әдеби  ұғым-
түсініктердің  тұңғыш  рет  ұлттық  ұғымға  лайықталған, 
арнайы  “пән  сөздері”  жүйеленіп,  жарияланған  еңбек 
болды.  
Сөз  өнеріне  тән  категориялар  мен  әдебиет 
теориясының  ғылыми  тұжырымдарын  А.Байтұрсынов 
кәсіби  негізде  қалыптастырды.      Әдебиет  зерттеушісі, 
көрнекті 
ғалым 
осы 
еңбегінде 
қазақ 
ақын-
жазушыларының  шығармашылықтарындағы  поэтика, 
жанр,  стиль  т.б.  мәселелерін  анықтайтын  көркемдік 
шарттарды    айқындап  береді.  А.Байтұрсыновтың 
“Әдебиет  танытқышы”  қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы 
көркем  мәтінді  теориялық  тұрғыдан  талдаудың  үздік 
үлгісін танытты.  
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы отыз 
жылы  ішінде  қазақ  халқының  саяси  -  қоғамдық,  әдеби 
және  мәдени  өмірінде,  тәуелсіздік  жолындағы  күресте 
жетекші рөл атқарған баспасөзді Алаш зиялылары тиімді 
пайдалана білді.   
Осы  орайда  қазақ  тіліндегі  мерзімді  баспасөз 
орындары  көбейтілді,  жастарды  жаппай  сауаттандыру 
мәселесі  қолға  алынды.  Атап  айтсақ,  ұлттың  ояну 
дәуірінің  ұраншысы  болған  әйгілі  “Қазақ”    газетінің 
(1913-1917)  редакторы  болған  А.Байтұрсынов  қасына 
қазақ  зиялыларын  жинай  білді.  1920  жылы  22  ақпанда 
“Кедей  сөзі”  атты  газет,  20  сәуірде  Астрахань  қаласында 
айына  үш  рет  шығатын  “Кедей  тілі”  газеті,  1921  жылы 
РКП(б)  Ақмола  губерниялық  комитеті  мен  губерниялық 


[Введите текст] 
 
 

революциялық  комитетінің  үні  “Бостандық  туы”  газеті, 
1921  жылдың  15  қыркүйекте  РКП  (б)-ның    Қазақ 
облыстық 
партия 
комитетінің 
саяси-шаруашылық, 
мәдени-ағарту 
басылымы 
“Қызыл 
Қазақстан” 
журналының  (қазіргі  “Ақиқат”)  және  7  қарашада 
“Еңбекші қазақ” газеті (“Егемен Қазақстан”), 22 наурызда 
Түркістанда Коммунист Жастар Орталық Комитетінің үні 
ретінде    “Жас  алаш”  газеті  (қазіргі  “Жас  алаш”)  т.б. 
сияқты газеттердің алғашқы сандары шыға бастады. 1921 
жылы  қараша-желтоқсан  айларында  Орынбор  қаласында 
қазақтың  мемлекет  баспасы  құрылды.    Жаңадан  ашылып 
халықтың  көзі  мен  айнасына  айналған  баспасөз 
жұмыстарына  сол  кездегі  сауатты  жұрт,  жоғары  білімді 
зиялы  қауым  белсене  араласты.  Мәселен,  1920  жылы      
17 
сәуірде 
“Ақжол” 
газетінде 
жарияланған 
Ж.Аймауытовтың  “Көркем  әдебиетті  саралау”  атты 
мақаласы,  1921  жылы    29  желтоқсандағы  санындағы 
М.Дулатовтың  “Жастар  сьезі”  және  28  сәуірдегі  
“Жастарға”  деген  мақалаларының  жариялануы  соның 
айқын  айғағы  болса  керек.  Олардың  әрбір  мақаласы 
ұлттың  тағдырын  шешетін  іргелі  бір  концептуальды 
мәселелердің  бағдарламасы  сияқты  бағалы  дүниелер 
екендігін  күні бүгінге дейін құны жойылмаған бағалы ой-
тұжырымдары айғақтайды. 
Мұның  өзі  ұлттық  әдебиеттану  ғылымының  уық-
негізі  құнарлы  екендігін  дәлелдесе  керек.  Міне,  осы 
кезеңдерде  мерзімді  басылымдарда  жарияланған  әдеби-
ғылыми  зерттеулердің  кәсіби,  теориялық  талдауларының 
сапалы  болуы  “Әдебиет  танытқыш”  секілді  теориялық 
еңбекпен қаруланудың  нәтижесі . 
Қазақ  қоғамындағы  жаңа  өзгерістер,  өндіріс 
орындарының 
құрылып, 
жұмысшы 
топтары 
мен 
шаруалардың  тарихи  аренаға  шыға  бастауы  да  қоғамдық 
сананың  өсуіне  зор  ықпал  етті.  Мұндай  оң  өзгерістердің 
бәрі  әлеуметтік  өмір  мен  рухани  дүниенің  дамуына 
(әсіресе  әдебиеттің,  баспа,  журналистиканың  т.б. 
демократиялануына) себеп болды. 
ХХ  ғасыр  басындағы  баспасөзде  қоғамдық-саяси 
өмірдің,  мәдениет  пен  өнердің,  ғылым  мен  білімнің, 
әдебиеттің  көкейкесті  мәселелеріне  белсене  атсалысқан 
қазақ 
зиялыларының 
ересен 
еңбектерін 
бүгінгі 
көзқараспен  бағалар  болсақ,  әрқайсысы  жеке-жеке  бір 
мектепке бергісіз  әрбір саланың көшбастаушылары еді.  
Осы кезеңде әсіресе, әдебиеттің барлық салалары мен 
әдебиеттану  ғылымының  өзіне  тән  категориялары 
қалыптасып, жанрлық түрлер теориялық және тәжірибелік 
сипатта  байқала  бастады.  Әсіресе,  жазба  әдебиет  өркен 
жайды,  фольклорға  деген  қызуғушылық  туып,  рухани 
мұраны жинау, сұрыптау мәселелері қолға алынды.     
Мәселен, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев,  
А.Байтұрсынов,  С.Сейфуллин,  т.б  халық  мұрасын  жинау 
жөнінде    мерзімді  баспасөз  беттерінде  халыққа,  ел 
ішіндегі  азаматтарға  Арнайы  хаттар  жолдағаны  мәлім. 
Соның  нәтижесінде  бірнеше  ғасырлар  бойғы  ауызша 
насихатталып  келген  қазақ  халқының  асыл  сөз 
қазыналары,  бай  әдеби  мұралары,    ақыл-ой  маржандары 


[Введите текст] 
 
 

жиналды. Азғана мерзімде молынан жиналған  аса құнды 
мұралар-ата-бабалардың  ерлігі  туралы  тарихи  жыр-
дастандарға  деген  халық  сүйіспеншілігін  көрсетті. 
Тегінде, қазақ асыл сөзді ардақтап, бағалай білген, кестесі 
келіскен  әдемі  сөзді  қастерлеп,  өнер  тұтқан  халық 
екендігін  дәлелдеді.  Соншалықты  мол  мұраны    ауыздан-
ауызға,  жазбасыз,  баспасыз  ғасырлар  бойы  ойда  сақтау 
қазақтың  жады  мықты,  өзі  шешен,  өзі  алғыр  халық 
екендігін  танытты.  Міне,  осынау  мол  құнды  рухани 
байлық  қазақ  зиялыларының  жанқиярлық  еңбегінің 
нәтижесінде  қағазға  түсіріліп,  оқулықтарға  енді.  Кейбірі 
қолжазба  қорларында  жиналып,  жүйеленді.  Ауыз 
әдебиетінің  үздік  үлгілері  мен  халық  арасынан  жиналған 
асыл  сөздер  баспасөздерде,  әдеби  жинақтарда    жүйелі 
түрде жарияланып отырды.  
     Ұлт  әдебиетінде    жанрлық  түрлер  дамыды,  қазақ 
поэзиясы  мен  прозасы  жаңа  көркемдік  ізденістерге  бой 
алдырды,  тіпті  еуропалық  деңгейдегі  классикалық 
дүниелер 
жарық 
көре 
бастады, 
олардағы 
тың 
талпыныстар,  көркемдік  және  стильдік  ізденістер  бұрын 
болмаған  қуатты  қарқында  өріс  алды.  Кітап  шығару  ісі 
қауырт  қолға  алына  бастады.  Олардың  көркемдік  сапасы 
жөнінде  сөз басқа. Тек  ХХ  ғасырдың  20  жылында 500-ге 
тарта  кітап  баспадан  шықты.  Оған  Ә.Жиреншиннің, 
Ә.Нарымбетовтың,  т.б.  қазақ  кітаптары  тарихынан 
жасаған  библиографиялық  көрсеткіштері,  1971  жылғы 
“Қазақ кітаптары”, 1986 жылы “Революцияға дейінгі қазақ 
тілінде шыққан әдеби кітаптар”, 1978 жылы жарық көрген 
библиографиялық  көрсеткіштер  куә  бола  алады.  Атап 
айтсақ, сөз өнерінің ең күрделі жанрлық түрі – романның 
алғашқы  үлгілері  осы  ғасыр  басында  дүниеге  келді. 
М.Дулатовтың 
“Бақытсыз 
Жамалы” 
(1912), 
С.Торайғыровтың  “Қамар  сұлу”  (1914),  “Кім  жазықты” 
(1915),  С.Көбеевтің  “Қалың  малы”  (1914)  т.б.  атты 
прозалық  шығармалары  арқылы  күрделі  жанрлық  түр  – 
роман дамыды. 
ХХ  ғасыр  басында  алғашқы  драматургиялық 
туындылар, 
пьесалар, 
спектакльдер, 
трагедиялық, 
комедиялық  драмалар  т.б.  және  әдеби  сын,  поэзиялық 
жанрлық түрлер пайда бола бастады. 
Осы кезеңдерде жан-жақты байытылып жатқан әдеби 
мұралар  мен  жаңа  рухани  құбылыстардың  нәтижесінде 
олардың  көркемдік  ерекшеліктерін,  стилдік  ізденістерін, 
жанрлық  өзгешеліктерін  анықтау  мақсатында  әр  алуан 
әдеби  ағымдардың  өріс  алғаны  да  белгілі.  Мәселен, 
романтизм,  символизм,  сыншыл  және  социалистік 
реализм т.б. Бұл ағымдар қазақ сөз өнері өрісіне мынадай 
жанрлық  түрлерді  өмірге  әкелді:  С.Сейфуллин  –  тарихи-
ғұмырнамалық,  С.Мұқанов  –  тарихи  -  әлеуметтік, 
Ж.Аймауытов  –  психологиялық,  М.Әуезов  –  әлеуметтік-
психологиялық, 
тарихи 

философиялық 
роман 
жанрларының  көш  бастаушылары  болды.  Әдебиетті 
кезеңдеу 
мәселесінде 
1922 
жылы 
жарияланған 
М.Әуезовтің  “Қазақ  әдебиетінің  қазіргі  дәуірі”  атты 
мақаласы  алғашқы  іргетас  болды.    Міне,  бұлардың  бәрі 
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеттану  ғылымының 


[Введите текст] 
 
 

іргесін  қалап,  оның  зерттейтін  нысаналарын  анықтап 
бергені  кәміл.  Және  ХХ  ғасыр  басында  әдебиеттің  үлкен 
бір  саласы  болып  табылатын  қазақ  әдеби  сынының  
қалыптасу процесі басталды. 
1920  -  жылдары  Қазақстанда  ескіні  жойып,  жаңаны 
орнықтыру  үрдісі  жүріп,  баспасөз  беттерінде  ашық 
қоғамдық  және  әдеби  ой  -  пікірлер  айтылып,  бұрындары 
жол берілмейтін сөз бостандығына демократиялық негізде 
мүмкіндік алынған еді. 
Міне,  осынау  қоғамдағы,  саяси-әлеуметтік,  рухани 
өмірдегі  жаңа  өзгерістердің  бәрі  ұлттың  өзін-өзі  тануына 
дәнекер болды. Ал, олар әдеби процестің тарихи өзгеруіне 
алып келді. 
“Қазақ 
әдебиеті 
әлемінде 
идеялық-көркемдік 
ізденістер  мен  бағыттарды  белгілейтін  әр  алуан  атаулар 
болды,  -  дейді  осы  кезеңнің  білгір  маманы  Т.Кәкішев,  – 
Кеңес  жолындамыз  дегендердің  қаламдарынан  байшыл, 
ұлтшыл, 
буржуазияшыл-ұлтшыл, 
оқыған 
байшыл, 
кертартпа 
романтизм, 
алашшыл, 
алашордашыл, 
жатыпатар  дегендей  толып  жатқан  даттаушы  атаулар 
қолданылды. Бұған сол кездегі партия-кеңес жұртшылығы 
тапшыл,  төңкерісшіл,  марксшіл,  революцияшыл,  жалған 
лепірмешілер, 
өтірік 
ұрандатқыштар, 
жалаңаш 
шындықшылдар,  сауатсыз  натуралистер  дегендерді 
боратты.  Тіпті  әрі  беріден  соң  “аймақтық  таным-білік 
өңірлері”  де  кездесті.  Қазақстанда  тапшылдық  түсінік 
белең  алып,  бет  қаратпай  қойған  соң,  Ташкентті 
“қазақтың  эмиграциялық  орталығына”  айналдырмасқа 
шарасы  қалмады.  Сондай-ақ,  Қазақстаннан  жылы  қабақ 
көре алмаған оңшылдар мен солшылдар “Мәскеуде оқып-
жетілуді”  машыққа  айналдырып  алды.  Мұны  республика 
басшылары  “оппозиция  болдырмаудың  амалы”  ретінде 
“құрметпен  аттандырып”  жолдама  берудің  аяр  түріне 
айналдырды.  Осылайша  жіктелу  мен  жіктеу  идеялық-
көркемдік  таным-білікті  айтып,  жазуға  ықпал  етті”  (202-
б.). 
Әдебиетші-сыншы  сол  кезеңнің    саяси,  қоғамдық, 
әдеби-сыны  жайындағы  хал-күйін  осылай  дәл  анықтап 
береді. 
Ақтаңдақтар 
арқылы 
айқындалған 
ақиқаттың 
нәтижесіне  жүгінсек,  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ 
әдебиеттану  ғылымында  екі  ірі  әдеби  бағыттың  орын 
алғанын байқаймыз. Бірі –Алаш зиялылары, атап айтқанда 
А.Байтұрсынов,М.Дулатов,М.Жұмабаев,Ш.Құдайбердиев,
Ж.Аймауытов,  С.Сәдуақасов,  т.б.  бастаған  ұлттық  сөз 
өнеріндегі  әдеби  дәстүрді  ұстанған,  барлық  шығармадан 
тек  қана  көркемдік  талапты  шеберлік  шеңберінде 
қарастырып,  зерттеуге  құлықты  қалам  қайраткерлері 
ұстанған 
бағыт 
болса, 
екіншісі 
– 
С.Мұқанов, 
С.Сейфуллин,  Ғ.Тоғжанов,  Н.Төреқұлов  т.б.  бастаған 
әдебиетті тек саяси тұрғыда танып, ұлттық әдеби дәстүрді 
кеңестік  кезеңнің  идеологиялық  талабына  салып, 
еңбекшіл, тапшыл бағытты ұстанғандар еді. Алайда, араға 
жетпіс  жыл  салып  қайта  оралған    арыстарымыздың 
көркем  туындылары  арқылы  ғана  сөз  өнерінің  өлмес 
рухани мұра екендігіне көз жеткіздік. 


[Введите текст] 
 
 
10 
ХХ ғасыр басындағы әдеби-көркем сынындағы тәлім 
аларлық  өнегелі бір  тәжірибе  – баспасөзде  жарық  көрген 
әрбір  көркем  шығармаларды  замандастарының  қырағы 
көзі  тез  шалып,  таланттарын  танып,  танытып,  көркем 
жүйеге ендіру еді. Мәселен, М.Әуезовтің “Мен Мағжанды 
сүйемін”  деп  жар  салуы,  Ж.Аймауытовтың  елдің  бәрі 
Мағжанды  байшыл,  ұлтшыл  деп  даурығып  жатқанда 
“Мағжанның 
ақындығы” 
деп 
баяндама 
жасауы, 
А.Байтұрсыновтың  50  жылдығында  С.Сәдуақасов  пен 
Т.Шонанұлының орыс және қазақ тілінде әдемі баяндама 
жасап, ұлт көсемінің кім екендігін өзге жұртқа да, өзімізге 
де  танытып,  мойындатулары  шын  мәніндегі  талантты 
танытудың, бағалаудың үлгісі еді. 
Әдетте, әдеби сын жарқ еткен жаңалыққа, әдебиетке 
өзінің  үнімен  келген  талантты  туындыларды  танудан, 
олардың  жаңа  ой,  тың  түрлік  ізденістеріне  деген  ізгі 
ілтипаттан  бастау  алатыны  белгілі.  Ал,  жеке  жазушының 
жүрек қозғаған көркем шығармасы туралы сөз қозғау сол 
кезеңнің  әдеби  әлемін,  поэтикалық  әуенін,  кезеңнің 
көркемдік  қуатын,  бір  сөзбен  айтқанда  сөз  өнерінің 
өресін, бағыт-бағдарын анықтауға мүмкіндік береді. 
Сондай  аласапыран  кезеңде  таланттардың  бір-
бірлерін  танулары,  олардың  авторларын  әдеби-көркем, 
ғылыми  айналымға  ендіруі  оқырман  назарын  сол  жаққа 
бұруы, сөз жоқ ірі тұлғаларға ғана тән ірілік болса керек-
ті. Бұл жөнінде  саңлақ суреткер Ә.Кекілбаев былай дейді: 
“…Күйзелмегенде 
қайтерсің. 
…Ғасыр 
басындағы 
Сұлтанмахмұт  қайтыс  болғандағы  Шәкәрімнің,  Ахмет 
Байтұрсынұлы 
тойындағы 
Мұқтардың, 
Мағжан 
жайындағы  Жүсіпбектің  жүрекжарды  сөздерінен  кейін 
қазақ  қаламгерлері  бір-бірі  жайында  айтса,  ауыздары 
қисайып  кететіндей  көрінеді  де  тұрады.  Отызыншы 
жылдардағы жаппай от лақтырыстыру рухани дүниемізде 
атом  бомбалары  жарылғандай  алғашқы  алапат  болды. 
Біреудің мүйізі сынғаннан, біреуге мүйіз шықпайтынына, 
біз секілді азғантай қауымның бірінің бірі тілегін тілесіп, 
бірінің жетістігіне бірі қуанып жүре алғанда ғана көсегесі 
көгеретініне  сол  жолы  көзіміз  әбден  жеткен  шығар  деп 
едік. Бір атым насыбайдан көңілі қалысып, бірінің ізін бірі 
шабақтау әлі де орын алып келеді”.
1
  
Ал,  Әлихан  мен  Кәкітай,  Тұрағұл  арасындағы 
шынайы  достық,  бір-біріне  деген  адалдықтары  жайында 
академик  Рымғали  Нұрғалидың:  “Алаш  азаматтарының 
қалтқысыз достығына қайран қаласың”, - деп тамсануы да 
тегін болмаса керек.  
    Алайда,  қазақтың  қанына  сіңген  күншілдік    қазақ 
зиялыларының  арасында  болуы  өкінішті-ақ  нәрсе.  Оның 
бірден-бір  дәлелі  –  ұлт  ұстазы  атанған    Ахмет 
Байтұрсыновқа  деген  өшпенділіктің  өріс  алуы  оның  50 
жасқа  толған  мерейтойында  жасалған  С.Сәдуақасовтың 
баяндамасынан  кейін,  ал,  ұлы  ақын  М.Жұмабаевқа 
бағытталған 
мылтықсыз 
майдан 
Ж.Аймауытовтың 
Ташкент студенттері алдында жасаған әйгілі "Мағжанның 
ақындығы" деген баяндамасынан соң басталды. 
                                                 
1
  Жортқанда жолың болсын, жолбарысым. // «Егеменді Қазақстан», 2005, 5 
наурыз. 


[Введите текст] 
 
 
11 
Қазақтың  мінезіндегі  осы  мініне  кезінде  Халел 
Досмұхамедов  “аламандық”  деп  атау  беріп,  қатты  сынға 
алған еді.Алайда,көпшілік болған соң пендешілігіміз де аз 
болмаса керек. 
      1920 жылы 30 қарашада Қазақ АССР Орталық Атқару 
Комитеті  республикадағы  “оқыған  қазақтардың  тізімін 
алу, оларды қоғамдық - әлеуметтік және қаламгерлік іске 
тарту” жөніндегі қаулысына сәйкес жер - жердегі оқыған 
жастарды,  әсіресе  елге  сөзі  өтімді  қолында  қалам-қаруы 
бар  ақын-жазушыларды,  журналистерді,  әдебиетшілерді 
т.б.  баспасөз  орындары  арқылы  саяси  сайыстарға,  әдеби 
айтыстарға  тартты.Сондай-ақ,  1922  жылы“Шолпан” 
журналында,    “Еңбекші  қазақ”  пен  “Степная  правда” 
газеттерінде    қазақ  қаламгерлерін  осынау  игілікті  іске 
шақырған,  олардың  атқарар  міндет-парызын  айқындаған 
үндеуі  жарияланды.  Осы  тұста  А.Байтұрсынов  қазақ 
жазушыларының съезін шақыру идеясын қолға алған еді. 
Алайда, ірі қайраткердің бұл ойы толық жүзеге аса алмай 
қалады.  Оның  себебін  автор  1922  жылы  8  шілдеде 
“Еңбекші қазақ” газетінің 29 санында жарияланған “Қазақ 
қайраткерлерінің  жайынан”  атты  мақаласында  былай 
түсіндіреді: “… Жалғыз қалам қайраткерлері емес, қазаққа 
жаны  ашитын  басқа  азаматтар  да  қазақтың  басқалардан 
көрген  кемшілігін  айтпай  тұра  алмайды.  Қазақтың  сөзін 
қаймықпай сөйлеу керек. Бауырмал десін, қазақшыл десін, 
ұлтшыл десін, оған құлақ асып, көңілге ауыр алмау керек. 
Қазақ  қасындағы  жұрттардың  қатарына  жетіп,  теңелуіне 
керекті  ісімізді  қолға  алайық…  Басқалармен  мәдениеті 
теңеліп,  жарыса-жармаса  күн  етуге  қазақ  жеткен  күні 
қазақты  қасындағылар  қаңсылатуды  қояды…  Қазақ  жем 
болудан түбінде “декрет қуатымен құтылмайды, мәдениет 
қуатымен құтылады…” 
А.Байтұрсыновтың  бұл  жан  айғайы  көпшілікке 
арналды.  Қазақ  білімді  болса    ғана  ешкімге  құлдық 
ұрмайтынын 
ескертеді. 
Алайда, 
бұл 
мақала  
А.Байтұрсыновтың  партиядан  шығып,  комиссарлықтан 
кетуіне  себеп  болады.  А.Байтұрсыновтың  бұл  ерлігі  - 
өмірлік  рухани  құндылылықтар  мен  ірі  концептуалды 
идеялар  жолында  қызмет  етіп,  нағыз  ұлтжанды,  халық 
перзенті екендігін танытты. 
ХХ  ғасырдың  1920-30  жылдар  аралығында  мерзімді 
баспасөздерде  жарияланған  әдеби  мақалалар  мен  Алаш 
зиялыларының 
әр 
саладағы 
жазған 
зерттеу 
еңбектері,оқулықтары  қазақ  әдебиеттану  ғылымының 
қалыптасуына қызмет етті. 
 
1.2 Әдеби-сын және эстетикалық көзқарастар 
    
1921-1925  жылдары  қазақ  баспасөзінде  әдебиеттің 
жалпы 
мәселесінен 
гөрі 
жеке 
таланттардың 
шығармашылығы  жөніндегі  айтыстар  көп  болды.  Бұл 
мақалаларда  көркем  шығарманы  тану  талаптары  мен 
оларды  көркем  сын  және  теориялық  тұрғыдан  қалай 
талдау  керек  деген  мәселелер  де  жиі  сөз  болды.  Әсіресе, 
таза әдеби шығармаға қойылар көркемдік шарт әдеби сын 
мен  эстетикалық  талғамға  деген  биік  деңгейді  қажет  ете 


[Введите текст] 
 
 
12 
бастады.  алайда,бұл  кезеңдегі  баспасөздегі  мақалаларда 
қазақ  қаламгерлерінің  шығармашылығы,  олардың  қазақ 
әдебиетіне әкелген көркемдік жаңалығы, қосқан үлесі, тіл 
бейнелілігі,  стиль  мәселесі,  жанрлық  жаңалықтары  т.б. 
секілді  әдебиеттің  өз  категорияларын  талдаудың  орнына 
жеке басқа тиісу, тырнақ астынан кір іздеу т.б мәселелері 
басты  рөл  атқарды.  Мәселен,  қазақ  прозасы  мен 
поэзиясына өзіндік көркемдік ізденістері арқылы біршама 
стилдік  жаңалықтар  енгізген,  қазақ  әдебиетіндегі  тарихи-
ғұмырнамалық роман жанрының (“Тар жол тайғақ кешу” 
романы) 
негізін 
қалаған 
С.Сейфуллинді 
де 
өз 
замандастары  тек  таптық  тұрғыдан  ғана  танып,  талдады. 
Кеңес  әдебиетіне  сол  кездегі  саяси-әлеуметтік  талапқа 
сай,  уақыт  талабына  толық  жауап  беретіндей  поэзиялық 
шығармаларында,  бой  көрсетіп  тың  бейнелеуіштік, 
көркемдік мүмкіндіктерін замандастары бағалай  алмады. 
Ал,  Сәкен  Сейфуллин  шығармашылығынан  докторлық 
зерттеу  еңбегін  жазған  белгілі  ғалым,  академик 
С.Қирабаев:    “Сәкенмен  тұстас  әдебиетте  қызмет  істеген 
қайраткерлер  Қазақстанда  аз  емес.  Солардан  Сәкеннің 
озық тұратыны – жас ақынның заман талабына ілесе ілгері 
басып, 
өмір 
өзгерістерінің 
сырын 
жіті 
аңғара 
білгендігінде.  Ол  өз  шығармаларына  жаңа  заманның 
талап-тілегін арқау етті, азаттық аңсаған халықтың арман-
мұңын  арқалады.  Алғашқы  творчестволық  еңбегін  ХХ 
ғасырдың 
басындағы 
әдебиеттің 
демократиялық 
сарынында  бастаған  оның  революция  жылдары  түлеп 
шыға  келгенінің,  бірден  күрес  жыршысы  бола  кетуінің 
сыры да осында”, - деп дұрыс бағасын береді.
2
  
Қазақ әдебиетінде енді ғана қалыптасып келе жатқан 
проза  мен  поэзияны  кәсіби  тұрғыдан  кемелдендіріп,оның 
жан-жақты  өркендеуінеда  өз  дәрежесінде    үлес  қосқан 
талантты ақын, жазушы С.Сейфуллиннің қайраткерлігі де, 
қаламгерлігі  де  тек  бір  жақты  ,таптық  тұрғыдан  ғана 
зерттелді.С.Сейфуллиннің 
қоғамдық, 
мемлекеттік, 
қайраткерлік 
істері, 
әсіресе 
Қазақстан 
баспасын 
ұйымдастыру мен оның өнімдерін халыққа тарату жағына 
жетекшілік ететін қызметі оның үш кітабының 1922 жылы 
(“Асау тұлпар” атты өлеңдер жинағы, “Қызыл сұңқарлар” 
деген  төңкерісшіл  пьесасы,  “Бақыт  жолында”  драмасы) 
баспадан  жарық  көруіне  мүмкіндік  бергені  сол  еді 
бәсекелестерінің саны күрт өсіріп, ол кітаптар жөнінде 20-
ға жуық сын мақалалар жарияланды. 
С.Сейфуллиннің  “Қызыл  сұңқарлар”  пьесасына 
алғашқы  болып  “Шолпан”  журналына  “Қоңыр”  деген 
бүркеніш  атпен  М.Әуезов  сын  жазды.  “Болар  бала 
басынан”  дегендей,  М.Әуезов  шын  талантты  тани 
білгендігін байқатып, қаламгердің шығармашылығындағы 
кейбір  шалағайлықтарды  шамына  тимейтіндей  асқан 
мәдениеттілікпен 
мінейді. 
Онда 
пьесаның 
драматургиялық  кемшіліктерін,  диалогтардың  нашар 
құрылғандығын, 
кейіпкерлердің 
бір 
кескінділігін 
сынайды.  Дәл  осындай  жанашырлық  сипатта  жазылған 
                                                 
2
  С.Қирабаев. «Сәкен туралы сөз». 1984 жылғы мақаласы. Кіт: Шығармалар. 
(Сын мақалалар мен зерттеулер). 2-том. – Алматы: Жазушы, 1992. 244-б. 


[Введите текст] 
 
 
13 
сын “Еңбекші қазақ” газетінде 1923 жылдың 2 ақпанында 
“Жыл  құсы”  деген  тақырыппен  жарияланды.  Онда: 
“…Қазақ әдебиетінің бет алысын жаңа ағымға бұрып, жол 
салған – “Қызыл сұңқарлар”. Сондықтан ол – “жыл құсы”, 
- деп дұрыс баға беріледі. 
Ал,  “Асау  тұлпар”  өлеңдер  жинағына  “Темірқазық” 
журналында  Нәзір  Төреқұловтың  атынан  даттау  мақала 
жарық  көреді.  (Атап  айтқанда,  “Қызыл  сұңқарларға”  – 
“Шолпан”  журналының  2-3  санында,  “Асау  тұлпарға”  – 
“Темірқазық” журналының 1 санында – Г.П.) Нәзірдің осы 
мақаласы 1923 жылы орыс, татар, башқұрт, өзбек, қырым 
татарлары, тағы басқа да тілдерге аударылып, басылады.   
Бұл  жерде  зиялы  қауым  арасындағы  күншілдік, 
шығармашылық барысындағы бақталастық деген мәңгілік  
кеселдің “үздік үлгісін” көруге болады. 
      1923-24 жылдары “Сынға сын”, “Журналист, жазушы, 
ақын  һәм  оқушы”,  “Қазақ  әдебиетіндегі  орынды  һәм 
орынсыз  сындар  туралы”,  “Қазақ  әдебиеті  тарихынан”, 
“Қисық  сынға  әділ  төре”,  “Өзің  адассаң  да  өзгені 
адастырма”,  “Сынау  һәм  сынауды  сынау”,  “Қисынсыз 
жала”  деген  мақалалар  Сәкен  Сейфуллиннің  кітаптары 
мен  шығармаларына  байланысты  жазылды.  Соның  бірі  – 
С.Мұқановтың 
“Сынға 
сын” 
атты 
мақаласы 
С.Сейфуллиннің “Асау тұлпар” жинағын сынап, жоғарыда 
ақын  туралы  түрлі  лақап  таратқан  Н.Төреқұловқа  жауап 
ретінде жазылып, ол “Қызыл Қазақстан” журналының 16-
санында 1923 жылы жарияланды. 
Н.Төреқұловтың  (“Қызыл  Қазақстан”,  1923,  №  16); 
Мәжит Дәулетбаевтың “Сын орнына қисынсыз құн” деген 
мақаласы  (“Бостандық  туы”,  1923,  №  37)  да  Сәкеннің  
шығармашылығына  арналды.  Бұл  сындардың  бәрінде 
ақынды  ұлтшылдықты,  ақсүйектіктікті,  сұлу  әйелдерді 
жырлайды, 
ал 
“Домбыра”, 
“Экпресс”, 
“Айт”, 
“Азияларында”  түрік  бірлігі  көзделіп,  ескі  феодалдық-
рушыл қоғам дәріптеледі”, - деп сөгілді.  
М.Әуезовтің  “Бәйбіше-тоқал”  трагедиясына  сын 
жазған  Даниял  Ысқақовтың  тарапынан:  “…  Сын 
қайрымсыз қатал би болып та, қол қусырған құл болып та 
тіршілік  ете  алмайды”  (“Сана”,  1923,  №  1-2),  -  деген 
ғылыми  сөздің  айтылуының  өзі  20-жылдардың  бас 
кезіндегі  қазақ  әдебиеті  сынының  көркемдік  дәрежесі 
өсіп,  оған  қойылар  талап  пен  жауапкершіліктің  жоғары 
екендігін  көрсетсе  керек.  Және  осы  мерзімді  баспасөзде 
кеңінен өріс алған әдеби айтыстар мен сын қазақ әдебиеті 
деген  ғылыми  түсінікті  қалыптастыруға  да  мүмкіндік 
берді.  Сөйтіп,  ХХ  ғасырдың  басында  әдеби-көркем  сын 
тарихи-қоғамдық санаға сіңіп, әдеби процеске жан-жақты  
араласа бастады.  
1923  жылы  қаңтар  айында  Ташкентте  Түркістан  оқу 
халық  комиссарлары  жанынан  “Сана”  журналының 
алғашқы  саны  жарық  көрді.  Журналдың  алғашқы  саны 
Х.Досмұхамедұлының 
“Қазақ-қырғыз 
білім 
комиссиясынан”  деген  мақаласымен  ашылып,  онда 
аталмыш  басылымның  мақсат-міндеттері  айқындалды. 
Журналдың  осы  санында  М.Тынышбайұлының  “Түрік-


[Введите текст] 
 
 
14 
монғол  тарихы”  деген  мақаласы  жарық  көрді.  Сол  кезде 
Ташкентте 
жүрген 
қазақ 
зиялылары 
М.Әуезов, 
І.Жансүгіров  т.б.  бұл  басылымның  жұмысына  белсене 
атсалысқанымен  ол  үш  санынан  соң,  1924  жылдың 
қарашасында  жабылып  қалды.  Ал  осы  жылдың  ақпан 
айында  Москвада  ұлттар  ісін  басқару  жөніндегі 
комиссариаттың  қазақ-қырғыз  бөлімінің  үні  ретінде 
“Темірқазық” журналының алғашқы саны жарық көрді. 
ХХ  ғасыр  басындағы  мерзімді  баспасөз  беттерінде 
кеңінен 
өріс 
алған 
әдеби 
айтыстарда 
тұрпайы 
социологиялық  сынға  көп  ұшыраған  талантты    тұлғаның 
бірі  –  М.Жұмабаев  болды.  Қазақ  поэзиясына  көптеген 
көркемдік  құндылықтар  қосқан  ақын  шығармашылығы 
өзіндік 
ерекшелігімен 
танылғаны 
белгілі.Мағжан 
Жұмабаевтың  өлеңдері  алғаш  рет  1923  жылы  Ташкентте 
Сұлтанбек  Қожановтың  алғы  сөзімен  жарыққа  шықты. 
Белгілі 
қазақ 
қоғам 
қайраткері 
С.Қожановтың:                 
“…  Мағжан  өлеңдерінің  саяси  мәнісінен  гөрі,  әдеби 
мәнісін  көбірек  кәде  тұттық…  Әдебиет  тарихындағы 
соңғы  10-15  жылдағы  ағымдарды  тексеруге  де  жақсы 
құрал  бола  алады  деп  ойлаймыз.  М.Жұмабайұлының 
өлеңдерінің  тіл  жағынан,  әдебиеттану  жағынан  пайдасы 
көп  болады  деп  сенеміз”,  -  деген  сөзі  әлі  күнге  дейін  өз 
құндылығын жоя қойған жоқ. 
Ақынның  қазақ  поэзиясына  әкелген  символистік 
сарыны  қазақ  өлеңіне  тың  өрістер  ашқаны  белгілі.  Осы 
орайда  белгілі  мағжантанушы  Ш.Елеукенов:  “Мағжан 
символистік  өлеңдерінде  жан  даусының  бұлдыр,  жұмбақ 
тебіреністерін суреттеуге тырысты, - дей келе, – …Өлеңді 
дыбыстық жағынан үйлестіру – қазақ поэзиясына Мағжан 
әкелген жаңалық”, - деп түйін түйеді
3
.  
М.Жұмабаевтың  қазақ  өлеңіне  қосқан  көркемдік 
жаңалықтары жөнінде көптеген әдебиеттанушы ғалымдар, 
мағжантанушылар  жазған  болатын.  Ең  өкініштісі  арқалы 
ақынның талантты туындылары 1988 жылдардан соң ғана 
қайта  қаралып,  әдебиеттің  өз  талабы  мен  теориялық 
категориялары  талабынан  талданып,  өнер  тарихындағы 
өзінің лайықты орнын алды.  
Өткен ғасырдың басына қайта оралып, сол уақыттың 
лебін  сезіну  үшін  тағы  да  тарихи  құжаттарға,  ғылыми 
деректерге  көз  жіберелік.  Ақынның  алғашқы  жинағына 
орай 
Шығыс 
еңбекшілерінің 
коммунистік 
университетінде 1924 жылы 24 қарашада Нәзір Төреқұлов 
баяндама  жасайды.  Баяндама  бастан-аяқ  тұрпайы 
социологияға  бой  алдырғанын  Н.Төреқұловтың  мына 
сөздері  дәлелдейді:  “...Осы  уақыттағы  Мағжан  өлеңдерін 
алсақ,  қазақ  әдебиетінен  бөлек  кеткен.  Мағжан  “дала 
ақынымын” дейді. Бірақ далаға ұқсаған жері жоқ. Барлық 
жазатыны  өзінің  ұшы-қиыры  жоқ  қиялы…  Біз  айтамыз, 
Мағжан  Кеңес  топырағына  отыратын  адам  емес… 
Мағжанның 
өлеңінде 
қазақтың 
шаруашылығына, 
әдебиетіне,  саясатына  үлкен  қарсылығы  бар.  Сондықтан 
ішін  ашып  тексермей,  мынау  әдебиет  деп  қабыл  ала 
                                                 
3
  Ш.Елеукенов. Мағжан (Өмірі мен шығармагершілігі). Оқу құралы. – Алматы: 
Санат, 1995. 204-205-бб. 


[Введите текст] 
 
 
15 
берсек,  барлық  идея  –  кәмунес  жолымыздан  айрылып 
қаламыз. 
Біз  “қазақ  әдебиетіне  жол  салған  –  Абай”  дейміз. 
Бірақ қазақ әдебиетінің атасы Абай дегенде, бәрін өзімізге 
қойып  алу  үшін  емес,  соның  негізімен  жалшылар 
әдебиетіне негіз, жол салу деген сөз. Мағжан ақын, бірақ 
қазақ  ақыны  емес, қазақтың  тұрмысынан  айрылған  ақын. 
Осы  күні  “кәмунес  жасасын”,  “төңкеріс  жасасын”  деп 
сыдыртып  жүргендер  де  бар.  Олардың  дегеніне  еріп 
кетпей,  демагогикасына  жол  бермей,  сынап,  ішін  ашып 
қарап,  тексеру  керек.  Мақтай  берсек,  бір  күні  онан  да 
алданып қалуымызға мүмкін”.
4
  
Бұл 
мақала 
Н.Төреқұловтың 
Мағжан 
шығармашылығын  жоққа  шығаруға  тырысушылығын 
танытады.    Тарихи  деректерде  Н.Төреқұлов  пен 
Ғ.Тоғжановтың  есімдері  көбіне  жағымсыз  сипатта  сөз 
болады.  Оларға,  әрине,  уақыт  төреші.  Өйткені,  уақыт-
теңіз  өзіне  керегін  қалқып  алып,  жарамсызын  жаңқаша 
жағаға лақтырып тастайтыны белгілі.  
Н.Төреқұловтың әлгі баяндамасынан соң сол жиынға 
қатысқан  60  жастың  20-сы  баяндаманы  қуаттап  сөйлесе, 
жалғыз  Жекен  Сәрсенбіұлы  ғана:  “Мағжанды  саясатпен 
ғана  емес,  әдебиет  жағынан  тексеріп,  пайдалысын  алсақ 
қайтеді”, - деген ұсыныс-пікірімен жақтап  , сөз сөйлейді. 
Тарихи  дерекке  сүйенсек,  осы  жиында  қазақ  әдебиеті 
тарихында  тұңғыш  рет  дөрекі  социологиялық  қаулы 
                                                 
4
  Т.Бейісқұлов әзірлеген Н.Төреқұловтың мақаласы. // «Жұлдыз», 2003.  № 8, 
196-б. 
алынып: “...Мағжанның ұстаған беті, негізгі пікірі – түрік 
атағын  көтеру,  түрікшілдікті  (пантюркизм)  тарату 
екендігін,  оның  “…қазақ  еңбекшілерінің  ілгері  басуына, 
жаңа  туып  келе  жатқан  жас  әдебиетінің  өркендеуіне 
кедергі  болады,  зиян  келтіреді”  деген  саяси  жала 
жабылады. 
Марксизм,  ленинизм  жолына  түскен  жастар  осы 
жиында  көпшілік  дауыс  алып,  төрт  тармақтан  тұратын 
мынадай қаулы қабылдайды: 
1.  “Мағжан  өлеңдеріне  сырты  әдемі,  ұйқасы,  тізімі  
жақсы”    деп  қана  қарау,  саяси  жағынан  ескермеу, 
мазмұнын  тексермеу  –  зор  қата  деп  білеміз.  Саяси  жолы 
теріс, төңкеріске қарсы өлеңдер еңбекшілер әдебиетіне өң 
бермейді. 
2.  Бұдан  былай  жер  жүзінің  еңбекшілерімен  бірге 
қазақ  еңбекшілерін  де  бастап  отырған  кәмунестер 
партиясының  жолына  қарсы  Мағжанның  “Жұмбақты 
өлеңдері  газет-жорналдар  бетіне  тексерусіз  басылмасын” 
дейміз. 
3.  Қазақ  еңбекшілеріне  кәмунестер  партиясының 
бағытымен  жөн  сілтеп,  түзу  басшылық  етеді  дейтін 
бірсыпыра  кәмунес  жолдастар  (Мағжан  кітабының 
басылуына,  таралуына  себепші  болған  жолдастар  кіреді) 
Мағжан өлеңдеріне әдеби сын көзімен қарасын; әдебиетке 
“көркемдік,  сыршылдық,  суреттілік  кіргізеді”  деп, 
жолынан адаспасын, мына кітапты түсіндірусіз бұл түрде 
бастырулары қате екендігін еңбекшілер алдында мойнына 


[Введите текст] 
 
 
16 
алсын  және  бұдан  былай  бұл  секілді  қате  істерден 
сақтансын дейміз. 
4.  Мағжанның  саяси  жолы  қазақ  еңбекшілеріне  зиян 
екендігін есімізге алып, бұл Мәскеудегі лениншіл жастар, 
оның  өлеңдерінің  зиянды  жерлерін  қазақтың  еңбекші 
жастарына,  жалшы,  қырдағы  бұқара  еңбекшілерге  толық 
түсіндіруді  міндетіміз  деп  білеміз.  Басқа  жердегі 
жастарды да осы іске шақырамыз. 
Күншығыс 
университетіндегі 
қазақ-қырғыз 
жастарының 
“Жерлестік” 
ұйымы 
атынан: 
Уәли 
Орынбайұлы,  Ілияс  Қабылұлы  “Еңбекші  қазақ”  газеті, 
1925 , 14 қаңтар.  
Бұл  өрескел  сынға  1925  жылы  Ж.Аймауытов 
“Мағжанның  ақындығы”  деген  классикалық  мақала 
жазып,  жауап  бергенімен,  тапшыл  топтың  өкілдері 
әдебиеттің өзіндік ерекшелігіне, көркемдіктің шарттарына 
назар аудармады.   
 Ал  осы  мақалаға  қарсы  жазылған  “Еңбекші  қазақ” 
газетінің  бірнеше  санында  жарияланған  Ғ.Тоғжановтың 
“Мағжанның ақындығы, Жүсіпбектің сыны”  (1926) деген 
кітапшада  эстетикалық  талдаудан  гөрі  социологиялық 
баяндау  басым  екені  оқыған  кісіге  бірден-ақ  байқалады. 
Автор  ол  ойын  1929  жылғы  “Әдебиет  және  сын 
мәселелері”  атты  кітабында  одан  әрі  жетілдіріп, 
толықтырып,  түрлендіріп,  тағы  да  пысықтай  түседі.  Осы 
орайда  біздің  қарастырып  отырған  кезеңіміз  болмаса  да 
айта  кетер  бір  жайт  –  1931  жылы  25  ақпанда  “Еңбекші 
қазақ”  газетінде  ҚазАПП-тың  ұйымдастыру  бюросы  мен 
коммунист 
жазушылар 
мәжілісінде 
қабылданған 
“ҚазАПП-тың  алдындағы  міндеттер  туралы”  қаулысы 
жарияланып , онда қазақ әдеби сынына қатысты көптеген 
кемшіліктер  көрсетіледі.  Міне,  сол  кезеңдердегі  сынға 
белсене  атсалысқан  Ғ.Тоғжанов  осы  кемшіліктердің 
бәріне  бір  өзі  кінәлідей  бұрынғыдан  бетер  асыра 
сілтеушілікке  салынып,  өзі  де  өзгелерге  сынды 
күшейткені белгілі. 
5
  
Ғ.Тоғжанов:  “Өткен  сынның  үлкен  бір  кемшілігі 
көркем  әдебиеттің  жалпы  искусствоның  өзіне  хас 
өзгешелігін  ескермегендігі,  осыдан  барып  біздің  көп 
сынымыз  бір  беткей  саясат  сыны  болып  кетті”,  -  деп 
мойындайды.
6
.  Кейін  Ғ.Тоғжанов  “Байтұрсынов  және 
байтұрсыновшылдық”  деген  мақаласында  өзінің  барлық 
қателіктерін мойындағаны белгілі. 
Бұл бір ғана Ғ.Тоғжановтың ғана емес, сол кезеңдегі 
сынға белсене араласқан барлық әдебиетші, қаламгерлерге 
тән ортақ олқылық еді. Тек әдебиеттің тарихында ВКП(б) 
Орталық  Комитетінің  1932  жылғы  23  сәуірдегі  қаулысы 
мен  1934  жылы  12-18  маусымда  болып  өткен  қазақ 
қаламгерлерінің  1-ші  Құрылтайында  кеңінен  әңгіме 
болған  әдебиет,  сынның  мәселелері  бұрынғыдай  солақай 
партиялық деген  бір  жақтылықтан  арылып,  енді  олардың 
көркемдік  сапасы  мен  әдеби  процестегі  даму  сатысының 
ішкі қыр-сырына үңіліп, теориялық жағына көп көңіл бөле 
                                                 
5
  «Большевик Казахстана», 1933. № 4-6; Очерки по истории Алашорды. – Алма-
Ата- Москва, 1985 
6
  Ғ.Тоғжанов. Қазақ әдебиетіндегі сын туралы кейбір өзгешеліктеріміз. // 
Социалды Қазақстан, 1933, 24 тамыз. 


[Введите текст] 
 
 
17 
бастауы  ғана  әдеби  сынның  кәсіби  деңгейде  өріс  алуына 
мүмкіндік  берді.  Десе  де,  20  жылдың  соңына  дейін 
әдебиеттердегі солақай сын, партиялық басшылық, таптық 
көзқарас,  ұлтшылдық  т.б.  жөніндегі  әдеби  айтыстар 
баспасөз беттерінен түсе қойған жоқ.  
Бірінен соң бірін сынап, саңлақ суреткерлердің сағын 
сындыруға  тырысқан    Нәзір  мен  Ғаббастың  сынынан 
арашаламақ  болған  жандар  да  табылды.  Олар  әсіресе, 
Мағжанның өзінен гөрі халыққа рухани қызметті мәңгілік 
атқаратын  әдеби  мұраларының  мұқалмауын,  таланттың 
тоқырамауын тілеп, ақынға моральдық тұрғыдан сүйеніш 
болуға тырысты. Оған бірден-бір дәлел – 1924 жылдың 16 
мамырында Ж.Аймауытов пен Молдағали Жолдыбаевтың 
Мағжанға  жолдаған  хаты.  Шын  жанашыр  достың 
жүрегінен  шыққан  шынайы  лебізінде:  “Сен  –  қазақтың 
ақынысың.  Алаштың  қайғысын  жырлайсың,  ұлтыңды 
өліп-өшіп  сүйесің,  онымен  бірге  күйесің.  Қазақтың 
келешегінен үміт жоқ болса, онда жойылып кету халіндегі 
халыққа  көркем  әдебиеттің  керегі  қанша?  Біз  сенен 
кеудемізге 
рух 
пен 
қуат 
құйып, 
дертімізден 
айықтыратын,бақытқа бастайтын сөз күтеміз. 
Пушкинді Пушкин еткен – оның керемет ойы, сезімі 
және  зор  үміті.  Сен  –  қазақтың  байрағысың.  Мейлі, 
тасбақа  аяңмен  жүр,  бірақ  өмірден  үмітіңді  үзбе,  өмірге 
орал,  20-ғасырда  тұрғаныңды  ұмытпа!  Өрісіңнің  кеңеюін 
тілеп, қайғылы сезімнің құрсауынан өз-өзіңді ептеп болса 
да  босатуыңызды  қалаймыз”,
7
  -  деген  өтініш-тілек  бар. 
                                                 
7
  «Егемен Қазақстан», 1992, 28 наурыз. 
Шынайы  таланттар  ғана  бір-бірін  осылай  бағалай  білсе 
керек,  солар  бір-бірін  осылай  сүйсе  керек!.  Осындай 
қиыншылық кезінде бір-біріне қайрақ та, тіреніш те бола 
алатын тұлғалардың тапшы келетіні несі екен?! 
1920-жылдары  сынға  көп  ұшырағандардың  бірі  – 
М.Әуезов.  1922  жылы  “Қазақ  тілі”  газетінің  20  санында 
“Ж” деген бүркеншік атпен Ж.Аймауытов “Қорғансыздың 
күні”  әңгімесіне  сын  мақала  жазды.  Онда  автор 
М.Әуезовтің  шағын  жанрдағы  классикалық  дүниесі 
ретінде  бағаланған  әңгіменің  кейбір  ұсақ  кемшіліктеріне 
тоқтала  отырып,  қаламгердің  қалам  сілтесінен,  соны 
сөйлем  құрасынан,  кейіпкердің  ішкі  рухани  әлемін  жете 
зерттеуінен  сөз  зергерін  сұңғыла  сәуегейлікпен  танып, 
оның  келешегінен  көп  үміт  күтетінін,  қазақ  прозасын 
әлемдік  өркениетке  жеткізуге  үлкен  үлес  қосатына  сенім 
артады.  “Қорғансыздың  күні”  сол  кездегі  әділетсіздікті 
аяусыз  әшкерелеумен  қатар  қазақ  әдебиетіндегі  адамның 
жан  диалектикасына  тереңдеп  барған,  психологизмнің 
арнайы  бейнелеу  құралдарын  кеңінен  қолданылған 
классикалық  туынды  еді.  Оны  замандастары  қанша 
іштарлық  жасаса  да  мойындай  білді.  Айталық,  Таутан 
Арыстанбековтің  “Қызыл  Қазақстан”,  1922  жылы,  10 
санында  “Сақа”  деген  бүркеншік  атпен  жариялаған 
“Сынға  сын”  деген  мақаласында  Ж.Аймауытовтың 
пікіріне  толығымен  қосыла  отырып,  сын  айтқан 
кемшіліктерге  өз  тарапынан  орынды  да  дәлелді  жауап 
қайырады.  М.Әуезовтің  оқиғаны  баяндаудағы  ешкімге 
бұйырмаған  суреткерлік  шеберлігі,  табиғат  пен  адамның 


[Введите текст] 
 
 
18 
сезімдік-эмоциялық  күйлерін  жарыстыра  бейнелеуі, 
диалогтардың  ұзақтығын  ұмыттырып  жіберетін  келісті 
көркемдік  қасиет  жайлы  ғылыми  пікір  білдірген  автор 
әсіресе,  жазушының  әйелдердің  жан  дүниесін,  сана 
астарындағы  психологиялық  құбылыстарды  нанымды 
бейнелеуге  бейім  екендігіне  ерекше  көңіл  бөледі. 
М.Әуезовтің  кәсіби  шеберлігін  танытқан  тұңғыш 
әңгімесінің  тақырыбы  да  табылып  қойылғандығын,  оның 
ішкі  мазмұн-мәнін  ашып  тұрғанын  мақала  авторы  жан-
жақты  талдап,  дәлелдеп  береді.  Бұл  сол  кездері  сирек 
кездесетін таза ниетті шын сынның үлгісінің бірі еді.  
Енді  осы  кезеңдерде  баспасөзде  жарияланған 
әдебиетке  тікелей  қатысты  әдеби-сын  мақалаларды  тізіп 
шығар болсақ, сол кезеңнің  көркем шежіресі анықталары 
сөзсіз. 
С.Сейфуллиннің  “Әдебиет  һәм  оның  бағыттары”, 
“Асау  тұлпар  туралы”,  Сегізбаевтың  “Халық  әдебиеті 
туралы”,  Сыздықовтың  “Сынға  сын”,  Дәулетбаевтың 
“Қазақ  һәм  музыка",  “Театр  жайы",  Әуезовтің  “Қазақ 
әдебиетінің  қазіргі  дәуірі”,  Жұмабаевтың  “Ақан  серісі”, 
Желкектің  “Театр  һәм  тұрмыс”,  Рысқұловтың  “Кеңес 
үкіметі  тұсында  мәдениет  қандай  болуы  керек”, 
Нұржановтың  “Наши  поэты  и  литература”,  Тоғжановтың 
“Сын  беріліп  тұрсын”,  “Көркем  әдебиет  туралы 
марксшілдер  ,  не  дейді  Жүсіпбек  не  дейді”,  Мұқановтың 
“Ыбырай  һәм  халық  әдебиеті”,  “Қара  тақтаға  жазылып 
жүрмеңдер, 
шешендер”, 
Кенжебаевтың 
“Абай”, 
Сәдуақасовтың  “Бейімбет"  өлеңдері,  Сәрбиннің  “Көркем 
әдебиет 
туралы”, 
Баймахановтың 
“Жастарды 
тәрбиелеудің  қаруы  –  әдебиет”,  Бабасұлының  “Әдебиет 
майданынан”  деген  сияқты  жалпылық  және  даралық 
сипаты  бар  мақалалар,  зерттеулер  жарияланды.  Бұл 
жылдары  әдеби  талдаулар  мен  талқылаулар  да  жиі 
ұйымдастырылып,  олар  көбіне  ұжымдық  сипатта  өтті. 
Осы  мақалалардың  тақырыптары  олардың  көтеріп 
отырған мәселелерін айқындап тұрғаны да белгілі. 
Орыс 
әдебиетінде 
көптеген 
әдеби 
ұйымдар 
жетекшілікке  таласып  жатқанда  қазақ  әдебиеті  бірігуді 
күн  тәртібіне  қойды.  Осы  орайда  С.Сейфуллин  РАПП 
және  “Кузница”  бірлестіктерімен  байланысып,  екеуінің 
платформасынан  қазақтың  төңкерісшіл  жазушыларына 
оңтайлы бағыт-бағдар  жасауға кірісті. 
1925  жылы  12  маусымда  Қазақ  өлкелік  партия 
комитетінің  қаулысына  сәйкес  КазАПП  (Қазақстан 
пролетариат жазушыларының ассосациясы) құрылды.  
1925  жылы  16  маусымда  “Еңбекші  қазақ”  газетінде 
Сәкен  Сейфуллин,  Б.Майлин,  Н.Феоктисовтың  бірлесіп 
әзірлеген  Кеңестер  одағының  еңбекші  тап  жазушылары 
ұйымының  сана  (идеология)  және  көркем  сөз  туралы 
жобасы  жарияланды.  1925  жылы  Москвада  жүргенде 
М.Жұмабаев  “Алқа”  атты  әдеби  үйірме  құрмақ  болды. 
Алайда,  ол  сөз  жүзінде  ғана  қалып,  Мағжанның  ойлаған 
әдеби  бағдарламасының  іске  аспағаны  ақиқат.  Бірақ 
“Алқа” үйірмесінің платформасымен Семейдегі М.Әуезов, 
Ташкенттегі  Ж.Аймауытов  және  А.Байтұрсынов  пен 
Әлихан 
Бөкейханов 
та 
танысқан 
(Ш.Елеукенов. 


[Введите текст] 
 
 
19 
Мағжан.атты  еңбегінде  кездеседі  111-б.).  Оны  жүзеге 
асыра алмаған М.Жұмабаев өзінің теориялық ізденістерін 
барынша  пайдаланып,  “Табалдырық”    деген    әдеби 
платформа  жасап,  оны  17  дана  етіп  таратады. 
М.Жұмабаевтың  1924  жылғы  шығармашылығының  жаңа 
кезеңінде  өз  бетін  айқындаған  идеялық-эстетикалық 
өлшемі  болған  “Табалдырықтың”  құрылымы:  кіріспеден. 
“Революция  және  бүгінгі  күн  әдебиеті”,  “Марксизм  және 
әдебиет.  Не  жазуға  керек?”  деген  бөлімдерден,  “Алқаға 
кір!”  деген  қысқа  үндеуден  тұрады.  Мағжан  еңбегін 
“Қазақ  әдебиеті  тоғыз  жолдың  торабында  тұр”,  -  деп 
бастайды.  Автор:  “біреудің  тапқанын  қайта  күйсесек, 
құрығанымыз”,  -  деп,  еліктеуден  сақтандыруы  әдеби 
бағдарламада  көтерілген  мәселенің  мәнін  тереңдете 
түседі. 
1925 жылы “Қазақ әдебиетінде орынды һәм орынсыз 
сындар”  (“Еңбекші  қазақ”,  1925,  11  ақпан)  деген  мақала 
жарияланып,  оның  арты  Жәкен  Сәрсенбіұлы  мен 
Ж.Аймауытовтың  театр  кітаптары  мен  драматургия 
туралы  әдеби  дауына  ұласты.  Еуропаның  көзімен  қазақ 
әдебиетіне  де,  драматургиясына  да  қарауға  да, 
салыстыруға да болмайды деген дау маңында болған бұл 
айтыстар  әдебиеттің  барлық  тек  пен  түрлерінің  ұлттық 
ғылымда  әлі  де  болса  әлсіз  дамып,  зерттеліп,  жаңа 
жанрлық  түрлердің  енді  қалыптасып  келе  жатқандығын, 
олардың  көркемдік  қуатын  өркениетті  елдердің  мәдени 
мұраларымен  әсте  салыстыруға  келмейтінін  қарапайым 
түрде түсіндіріп береді. 
РКП(б)  Орталық  Комитетінің  “Партияның  көркем 
әдебиет саласындағы саясаты” туралы (1925) қаулысында 
еш ұйымға жетекшілік рөлді таңбай, еркін жарысу идеясы 
ұсынылып,  тапшыл  көзқарасты  қатаң  сақтау  керек 
екендігі айтылды. 
Өткен  ғасырдың  жиырма-отызыншы  жылдары  қазақ 
халқы  үшін  аса  аласапыран  кезең  болды.  Әсіресе, 
республика басшылығына 1925 жылдың қыркүйек айында 
Қазақстан  Өлкелік  партия  комитетінің  бірінші  хатшысы 
болып  Ф.Голощекин  келгеннен соң  төнкеріске  қарсы деп 
есептелінген  адамдар,  ұлтшыл,  байшыл,  алашшыл  деп 
таңбаланып,  ақыры  халық  жауы  етіп  шығарылды.  Осы 
бағыттағы  тартыс  Голощекин  мен  қазақ  оқығандарының 
арасында  басталып,  ол  ұзаққа  созылды,  әрі  қайғылы 
оқиғалармен  аяқталып  отырды.  Келісімен-ақ,  “…  Қазан 
төңкерісі  Қазақстанды  жанап  өтіпті,  бізге  Кіші  Октябрь 
қажет”  десе,  кейінірек,  1932-жылғы  14  қаңтарда  өткен 
Өлкелік  партия  комитетінің  Ш-пленумында:  “…Қазақ 
әдебиеті байтұрсыновшылдықпен, аймауытовшылдықпен, 
тағы басқа, осы сияқты төңкеріске қарсы ағымшылдықпен 
көбірек былғанған деп ойлаймын”, - деп жар салды. Сол-
ақ  екен,  бұдан  бұрын  да  өршіп  тұрған  социологиялық-
эстетикалық  содырлы  сын  майданы  әдебиет  төңірегінде 
қауға тиген өрттей лаулай түсті. 
1926  жылы  С.Мұқанов  “Көркем  әдебиет”  туралы 
деген  мақаласында    әдебиеттің  болашағы  кімдікі  деген 
мәселені  қозғады.  (С.Мұқанов.”Өсу  жолдарымыз”,  1960, 
33-б.).  Онда:  “…  тап  ақыны  бар  ма,  жоқ  па,  кедейшіл 


[Введите текст] 
 
 
20 
жазушыларды  қолдау  жоқ,  кемсіту  бар,  оны  өркендету 
жайы қозғалған жоқ”, - деген сыңайдағы сындар айтылды. 
Осы  төңіректе  мынадай  мақалалар  жарияланып,  айтыс 
үдеді, ол 1927 жылға дейін созылды: Ә.Байділдин “Қазақ 
әдебиеті  қазір  қандай  дәуірде”,  Қ.Кемеңгеров  “Көркем 
әдебиет  туралы”,  Ерғали  Алдаоңғаров  “Жазушылар  мен 
көркем  әдебиет”,  Мәжит  Дәулетбаев  “Сыншылар  мен 
көркем  әдебиет”,  С.Мұқанов  “Көркем  әдебиет  туралы 
қорытынды  пікірім”,  Қ.Кемеңгеров  “Сәбитпен  айтысты 
доғардым”,  С.Мұқанов  “Мен  айтысты  доғармаймын”, 
Жәкен 
Сәрсенбіұлы 
“Көркем 
әдебиет 
туралы”, 
С.Сәдуақасов  “Әдебиет  әңгімелері”,  М.Дәулетбаев, 
Сейітбаттал  Мұстафаұлы,  Жұмабай  Орынбаев,  Жақан 
Сыздықов  ойларының  “Көркем  әдебиет  туралы”  атпен 
бірлесе  жариялануы,  Екеудің  “Көркем  әдебиет  туралы”, 
Хамза 
Жүсіпбеков 
“Байдың 
толғағы”, 
Ыдырыс 
Мұстамбаев  “Көркем  әдебиет  туралы”,  Шаймерден 
Тоқжігітов 
“Әдебиет 
мәселелері”, 
С.Сейфуллин 
“Әдебиетке  қандай  көзбен  қарап,  сынау  керек”, 
С.Мұқанов  “Әркім  өзінше  ойлайды”  деген  мақалалардың 
бәрі  де  соңғы  айтыстың  айрықша  өріс  алғандығын 
көрсетеді.   
1929 жылы “Садуакасовщина под маской “Молодого 
Казахстана”  (Ә.Байділдин),  “Тар  жол  тайғақ  кешу”  мен  
“Нәзірдің  сыны  туралы”,  “Әдебиеттегі  смағұлшылдық” 
(Ә.Тәжібаев),  “Сәдуақасовшыл  Мұстанбайұлы  тазалау 
талқысында”, “Әдебиет майданында”, “Пролетар әдебиеті 
жөніндегі айтыстар”, “Кедей айнасы”, “Көшпелі дәуірдегі 
қазақ 
әдебиетінің 
күйлерінен” 
(С.Сейфуллин), 
“Сұлушаш”,  “Қарагөз”  (Ж.Орманбаевтың  сөз  әлпеті... 
Махаббатқа  пролетариат  тымағын  кигізген  “Сұлушашта” 
ешбір  мақсат  жоқ.  Не  тап  тілегі,  не  басқаша  бір  тілек 
қоймайды”) (“Жаңа әдебиет”, 1929, № 4), “Байшылдықты 
жоямын  да,  тапты  жоқ  қыламын”  (Хабиболла), 
“Сұлушашқа  сын”  С.Үсенов:  “Сәбит  бұрынғы  бетінен 
айныды, 
құлпырды. 
Надандықты, 
ескілікті, 
санашылдықты дәріптеп, соны жырлап кетті” 1929, № 11), 
“Әдебиет майданындағы мақсұттарымыз” (Х.Жүсіпбеков) 
1930 
жылы 
“Таласты 
қойып, 
іске 
кірісейік” 
(Е.Қалымбетұлы),  “Жікшілдіктің  түбі  –  жолбикелік” 
(Ә.Мүсин), 
“Әдебиеттегі 
жікшілдікке 
қарсы”, 
“Жолдастарға  жауап”  (Ғ.Мүсірепов),  “Жікке  жол  жоқ” 
(І.Жансүгіров), 
“Әдебиеттегі 
Сәкеншілдер”, 
“Жазушыларға  жала” (Ж.Сыздықов), “Жікке қарсы жік”, 
“Ғабитке справке” (С.Мұқанов), “Ілияс туралы бір-екі сөз” 
(Ә.Тәжібаев),  “Ілияс  жолбике  емес”,  “Социалистік  қайта 
құру 
дәуіріндегі 
көркем 
әдебиет 
мәселелері” 
(М.Қайыпназаров),  “Ақсап  қалмайық”  (Ғ.Малдыбеков), 
“Сәбит,  Бейімбет,  Ілиясқа  жолдастық  хат”  (Ғ.Тоғжанов) 
сияқты мақалалар жарияланды. 
1925  жылдың  31  наурыз  күнгі  “Еңбекші  қазақ” 
газетінде Байтас деген есіммен “Кекесін болмасын” деген 
мақалада  мерзімді  баспасөз  беттерінде  қаптап  кеткен 
сынның  шын  жанашырлық  адал  пікірден  гөрі  бір-бірін 
орынсыз  сынау,  мінеу,  кекету,  мұқату  екендігін  айта 
келіп,  соның  салдарынан  жазушының  көпке  пайдалы 


[Введите текст] 
 
 
21 
сөзінен  жаңылып  қалатын  да  шақтар  болады.  Айтатын  
мақсатынан бұрылып алыстап кетіп те жатады”, - дейді. 
Оған  мысал  ретінде  “Еңбекші  қазақтың  1925  жылғы 
287  санында  жарияланған  Жәкен  деген  жолдастың 
“Ескертудің  есіне  салу”  деген  мақаласын  алады.  Оның 
Жүсіпбектің “Ескерту” деген мақаласына “сын жазғанын”, 
яғни  сынға  жауап  болса  керек.  Өйткені,  “Жәкен 
Жүсіпбекке  “өз  пиесеңді  баспаған  соң  өкпелегенің  ғой, 
тазы ашуын тырнадан алады деп мені бас салдың” дейді. 
Ал, автор Жүсіпбектің сөз ыңғайын былай түсіндіреді: “әр 
маманды 
өз 
ісіне 
жұмсау 
керек. 
Бұл 
пиеса 
басылмағандықтан  шыққан  әңгіме  емес,  айтылуға 
лайықты  негізгі  пікір.  Мұнда  қанша  терістік  бар”,  -  деп 
сауал  тастай  отырып,  өз  ойын  ортаға  салады.  Автор  бұл 
кездің  төңкерістің  қызу  шағы  өтіп,  шаруа  түзеліп,  бейбіт 
тұрмыс  ене  бастағанын,  соған  лайық  өнер  де  өсе 
бастағанын,  ал  оның  иелеріне  тұрмыстық  жағдайлардың 
жасалып,  бұрынғыдай  ликбездіктен  гөрі  әр  маманның  өз 
ісіне  жегілуіне  баса  назар  аударыла  бастағанын 
баяндайды.  Сондай-ақ,  Жәкен  жолдастың  “Тап  тартысы” 
туралы  Ілияспен  айтысқан  мақаласында  да  ақынды 
кекеткені  туралы  айта  келіп,  шағын  мақаласын: 
“Жазушылар  кекесінді  әдет  қылмасын”,  -  деген  сөзбен 
аяқтайды.  
Осы  онжылдықта  әдебиеттің  маңызды  жәйттеріне 
ерекше 
назар 
аударған 
мақала 

Шаймерден 
Тоқжігітұлының 

тармақтан 
тұратын 
“Әдебиет 
мәселелері” (Айтыс ретінде) болды. 
Автор мақаласының 1-ші тармағында жалпы әдебиет 
мәселесін,  қан  төгіс  майданнан  құтылып,  ендігі  іс 
дәуірінде пікір майданының өріс алғанын, әдебиеттің өзі – 
пікір  жүзіндегі  мәселе  екендігін  ескертеді.  Бұл  да  таза 
әдеби  сында  бас  араздығының  болмауын,  көпке  пайда 
боларлық құнды пікірлерді қолға алудың қажет екендігін 
айтады. 
Ал,  2-ші  тармақ  –  “Әдебиет  мазмұны  туралы”  деп 
аталады.  Сталиннің  “Әдебиеттің  сырт  пішіні  ұлттыкі 
болсын,  іш  мазмұны  еңбекшілердікі  болсын”  деген  сөзін 
негізге  ала  отырып,  Мағжан  сынды  ұлтшыл,  байшыл 
әдебиеттің  жолы  өсетін  емес,  өшетін  жол,  олар  жаңа 
әдебиеттің  орнығып  келе  жатқанын  көрмейді  деп  сөгеді. 
Сондықтан “әдебиетке партия басшы болу керек. Әдебиет 
мазмұны  еңбекшілер  жолына,  жаңа  жұртшылық  негізіне 
қарай құрылу керек”, - деп түйін жасайды.  
“Ұйымшылдықтың  түрі”  атты  3-ші  тармақта 
жазушылар  жеке  ұйым  болса,  оның  міндеті  – 
қаламгерлердің  басын  қосу,  әдебиеттерді  сынау,  түзеу 
болу  керек.  Екіншіден,  әдебиетшілердің  бөлектенуінен 
гөрі  бірігіп,  айтысса  да  “…  жақсысын  алып,  жаманын 
шығарып, жолбикелерді өз жолымызға қосып алу керек” - 
деген пікір білдіреді. 
“Үлгі тақырыпты” деген 4-ші тармақта “Үлгі, пішінді 
ұлтшылдардан алмаймыз” деп кейбір жолдастар ат-тонын 
ала  қашады,  алатын  үлгі  де  жоқ  деп  соғады.  Жаңа 
жұртшылықтың жасалу жолында біз ескінің керегін алып, 
жарамсызын тастаймыз. Мұны ұғатын уақыт жетсе керек 


[Введите текст] 
 
 
22 
еді”,  -  деп  өкпе  айта  отырып,  Абай,  Сұлтанмахмұт,  тіпті 
ұлтшыл  Міржақып,  Мағжандардың  да  “...  сырт  пішін 
жағынан, тіл шеберлігі ретінен, қаламға ұсталық жөнінен 
үлгі  беретін  орындары  бар.  Мұны  көрмегендік,  ескінің 
қалдығы  бардың  керектісін  пайдаланбағандықтың  аты  – 
не  көрсоқырлық,  болмаса  бос  қыңырлық  (чванство). 
Біреулер  қолындағы  барды  өртеп  жіберу  керек  деп 
соғады.  Бұл  –  біз  езулік,  бұл  –  тым  солақай  қарағандық. 
Дайын  тұрған  пайданы  білмегендік”,  -  деп  сөге  отырып, 
оларды  еңбекшілердің  пайдасына  шешу  керектігін 
айтады.  Әзірет  Сұлтанның  мешітін  тарихи  зат  есебінде 
сақтауға  тура  келсе,  “ұлтшылдардың”  жазғандарын  да 
қазіргі  дәуірдің  жабдығына  қарай  жарамды  қылып  ұстай 
білу  керек.  Мұнда  автор  әрбір  өнер  адамының  еліктеу, 
ұқсау 
арқылы 
өсіп, 
өзіндік 
пішін, 
стиль 
қалыптастыратынын  теориялық  тұрғыдан  тұжырымдай, 
нақты көркем мәтіндер арқылы дәлелдей сөйлейді. 
Әсіресе,  осы  ғылыми  зерттеу  секілді  көлемді 
еңбегінде  автор  А.Байтұрсыновтың  қазақ  тілі  мен 
әдебиетіне  әкелген  іргелі  жаңалығы  жөнінде  дұрыс  пікір 
білдіреді.  Оқып  көрелік:  “...  Байтұрсынұлы  Ахмет  қазақ 
тілі  жайында  негізді-негізді  кітаптар  жазып  жүр  (Бұл  өз 
замандастастарының  мойындауы  десе  де  болғандай.  – 
Г.П).  Оның  оқу  құралдарын  “Әліпби”  ма,  деп  менсінбей 
тұмсығын  көтеретіндер  де  бар.  Керек  болса,  сол 
“Әліпбидің”  өзі  де  –  бір  негізді  еңбек.  “Әдебиет 
танытқышты”  да  шығарып  отыр.  Мұны  керек  емес,  ол  – 
еңбек  емес  деп  кім  айтады.  Әрине,  қира  кезік  сыңар 
езулер  ғана  айтады,  түкті  көрмейтін  шелді  көздер  ғана 
айтады… Қазақтың “Әліпбиін” сыртқы пішінге қарай ала 
отырып,  ішіне  дұрыс  тәрбие,  дұрыс  пікір  орната  білу 
керек.  Керек  десе,  көбіміз  “Әліпбидің  лұғатын  тексеріп, 
біреуге  түсіндірмек  түгіл,  емле  де  білмейміз”,  -  деп 
түйіндейді ойын. 
“Сын  туралы”  атты  5-ші  тармақта  сөз  иесі  қазақтың 
“Сын  түзелмей,  мін  түзелмейді,  Мін  түзелмей,  ел 
түзелмейді”,  -  деген  мақалы  негізінде  әдебиеттің  бір 
жанры  есебіндегі  сынға  мынадай  сипаттама  береді: 
“Сынның не екенін сын деген сөздің өзі-ақ береді. Сынды 
біреулер  бір кедергі есебінде жорып жүр. Бұл дұрыс емес. 
Сын  –  жетекші,  түзетуші”,  -  дейді.  Сын  жазудың 
жауапкершілігі  жөнінде  мынадай  орынды  ой  айтады: 
“…сын көрінгеннің қолынан келе қоймайды.  Сын беруді, 
біреудің жазғанына толық баға беруді тапсырумен істеуге 
жарамайды.  Сын  беретін  адам  жазушыдан  артық  ұста, 
білімді болу керек.  Толық сынды солардың аузынан ғана 
естуге болады. 
Шаймерден  Тоқжігітұлы  газеттің  екі  (3-4)  санында 
созылған көлемді еңбегінде әдебиеттің  кейбір көкейкесті 
деген  мәселелерін  жан-жақты  көтере  білгендігімен,  сын 
шын  болуын,  оның  жеке  бастың  дау-дамайынан  жоғары 
болуын,  сөз  өнерінің  таптан  жоғары  екендігін  түсіндіріп 
береді. 
Осы жылдары сынға белсене араласқан автордың бірі 
–  Ғаббас  Тоғжанов.  Ғ.Тоғжанов  нағыз  тұрпайы 
социологизмнің  өкілі  бола  тұра,  орыс  және  европа 


[Введите текст] 
 
 
23 
мәдениетімен,  әдебиеттанудың  теориялық  тұжырымымен 
терең таныс кәсіби әдебиетші ретінде де өзінің пікірлерін 
білдіріп  отырған.  Оның  қазақ  әдебиеттану  ғылымында 
тұңғыш  рет  “Абай”  атты  монографиялық  зерттеу 
жазуының  өзі  оның  әдебиеттанушы  маман  екендігін 
дәлелдесе  керек.  “Абай  шығармаларын  тек  таптық 
тұрғыдан  талдап,  бір  жақтылық  танытқанымен,  көркем 
тексті  талдауда  әдеби  шығармаға  қойылар  көркемдік, 
теориялық 
талаптарды, 
ереже-қисындарды 
дұрыс 
қолданады.  Кейде  Абай,  Ахмет  секілді  дарынды  тарихи 
тұлғалардың  әдеби  көркем  туындыларын  да  әділ 
бағалайды”.  Оның  “Көркем  әдебиет  туралы  маркшілдер 
не  дейді,  Жүсіпбек  не  дейді”  деген  атақты  мақаласына 
тоқтала кетуді жөн санап отырмыз. 
Мұнда  автор  марксшіл  сыншылар  Троцкий  мен 
Воронскийдің    қай  әдебиет  болса  да  тап  тілегін 
орындайды  деген  ойларын  келтіре  келіп,  тап  әсері 
болмаған  әдебиет  болмайды  деген  түйін  жасайды.  Одан 
әрі  “Ақын  кім?”  деген  сауал  қояды  да,  сол  төңіректе  ой 
қозғайды. Ақындардың көбінде ұлттың, тіпті жалпы адам 
баласының  мұңын  мұңдап,  қамын  жеймін  дегенімен 
бәрібір белгілі бір таптың мұңын көксейді. Бәрінің де тап 
тілегінен туған өзінше көзқарасы, мінез - құлқы болады. 
Ақынның  өзге  жұрттан  айырмасы  не  дегенге 
мынадай  анықтама  береді:  “Ақын  өлең,  әңгіме  жазса 
пернемен  (образ)  жазады.  Көзі  көргенді,  жүрегі  сезгенді 
өзінің  сол  көрген,  сезген  түрінде  жазады.  Ақын 
қарапайым  жазушылардай  (публицисты)  сөзін  дәлелдеп, 
толқып ойлап отырмайды. Нағыз ақындар өзінің айтайын 
дегенін  суретті,  әдемі  сөзімен,  мұңды  күй,  сырлы 
жырымен  айтады.  Плехановтың  ақын  сөзі  ақылға,  ойға 
қонбайды,  алдымен  адамның  сезімін  қозғайды,  сезгіш 
көңіліне қонады”, - дейді. 
Ақынның өзгелерден тез сезгіштігін, қарапайым адам 
байқамайтынды  байқап  қоятындығын  оның  ерекше 
қасиеті ретінде көрсетеді. Және: “Ақын болу үшін адамда 
ақындық талант (қуат) болу керек”. Енді ақынға қойылар 
шартты  былай  қояды:  “…Ақын  өлеңнің  (жалғыз  өлең 
емес,  әңгіме,  роман,  драмалардың)  мазмұнын  көркемдік-
әдемілікпен  ұқсата  білсін,  теңдей  білсін.  Өлеңнің  іші 
(содержание) қандай болса, сырты (форма) да сондай асыл 
болсын. Көркем әдебиетке не сырты, не іші оңды болсын 
деп бірін ғана таңдауға болмайды. Екеуі де керек. Біріне-
бірі сай болсын”, - дей келіп, ақынға марксшілдік көзқарас 
осылай деп өз бағасын береді. 
Жүсіпбек  не  дейді?.  Енді  соған  келейік  деп 
“Лениншіл  жас”  журналында  жарияланған  Жүсіпбектің 
мақаласына  орай  пікірін  ортаға  салады.  Жүсіпбектің 
қандай  да  болсын  өз  ортасының,  өз  заманының  перзенті 
деген  сөзін  құптағанмен  соның  артынша  айнып,  оның 
“…Тап  ақыны  қазақта  әзір  жоқ.  Өйткені  әдебиет 
тарихынан белгілі болғандай жаңаның келіп, ескінің кетіп 
жатқан  өтпелі,  көшпелі  заманда  әртүрлі  бағыттардың 
орын  алатынын,  сондықтан  қазақ  әдебиетінде  мұң-зар, 
торығудың  сарыны,  оның  романтизмге  айналатынын, 
сентиментализмнің  орын  алатынын,  ал  Мағжанның 


[Введите текст] 
 
 
24 
көшпелі дәуір ақыны, ұлт ақыны екендігін айтқан пікіріне 
ашық  қарсы  шығып,  осы  мақаласын  жариялайды. 
Жүсіпбектің  қазақ  әдебиеті,  Мағжан  туралы  негізгі 
ойларын Маркс пікірі деп ұсынып отыр деп ашуға мінеді 
Ғаббас.  Оны  былайша  береді:  “Естігеніңнен  естімегенің 
көп деген осы-ау. О заман, бұ заманда тап көзімен, саясат 
көзімен  қарамай,  Маркс  көзімен  қарау  керек  дегенді 
Жүсіпбектен естіп отырмыз!” - деп мұқата отырып Маркс 
жолы  саудалайтын  жол  емес,  Маркс  жолы  –  тап  жолы, 
еңбекшілердің саяси жолы. 
“Қандай ақын болсын, өз тұсына ие. Өз заманындағы 
тарихи  ағымға,  әлеумет  қозғалысына  мойынсұнады. 
Ақынды  сынау  үшін  “ақынның  өскен  ортасын,  өлеңін 
арнаған  оқушысын  білу  керек,  қандай  саяси  тұрмыста, 
қандай  халық  ішіндегі  тап  тартысы  уақытысында  жазды 
соны білу керек. 
Жүсіпбектің айтуынша кәмөнеске жақпаған ақынның 
шығармаларын өртеп жібереміз деген сөз бар.  Бұл дұрыс 
емес.  Атақты  Шекспир,  Гете,  Пушкин,  Толстойлар  да 
пролетариат  емес,  бірақ  оның  сөздерін  пролетариат  табы 
үлгі  етіп  отыр…  Ілгері-кейінгіге  мұра  болып  отырмақ… 
Қазақ  еңбекшілерінің  басшысы  болып  отырған  қазақ 
кәмөнестері  өткеннің  қадірін  Жүсіпбек  құрлы  біледі”,  - 
деп  Жүсіпбектің  өртеп  жібергісі  келеді  деген  пікірге 
түбірінен  қарсылық  білдіреді.  Осы  орайда,  тарихи 
оқиғалар  мен  тарихи  тұлғалардың  халыққа  сіңірген 
еңбектерінен  мысалдар  келтіріп,  өз  ойын  дәлелдей 
сөйлейді.  Мәселен,  “…Қазақтың  даласы  тым-тырыс 
ұйықтап, орыс патшасының текпісінде жатқанда: 
             Қазағым, елім, қайқайып белің, сынуға тұр таянып. 
             Таяуда малың, қамауда жаның, аш көзіңді, оянып. 
              Қанған жоқ па, әлі ұйқың, ұйықтайтын бар не     
              сиқың,  -  деген  Ахметті  қазақ  еңбекшілері 
ұмытпайды.  Бір  кезде  қазақты  “сары  маса”  болып 
ызыңдап  оятқан  Ахметті  қадірлей  біледі.  Көбіміз  сол 
Ахметтің бауырында өскенбіз. Со кездегі Ахметтің әлі де 
ескірмеген  үлгілі  сөздері,  үлгілі  істері  көп.  Ахметтің 
тарихи  ісін,  тарихи  маңызы  бар  өлеңдерін  әлі  де  біз  үлгі 
қыламыз.  Абай,  Ахмет  сықылды  өз  тұсына  ие  болған 
тарихи адамдарын қазақ еңбекшілері сыйламақ. Өткендегі 
тарихи  істерін  біліп,  тарихи  сөздерін  оқып  сүйінбек  »,  - 
дей  келіп,  сөз  аяғын  былай  тәмәмдайды:  “Құрметті 
Жүсіпбек  сыншы,  кәмөнестер  өздерінен  басқа  ақынды 
өртеп жібереді деп таусылмай-ақ қойыңыз. Өртенген ақын 
болса, біз өртемейміз, заман өртейді, тарих өртейді, өзін-
өзі өртейді”,-дейді (“Еңбекші қазақ”, 1925, 22 октябрь, № 
390).  Бұл  мақалада  Ғ.Тоғжанов  Ж.Аймауытовтың 
мақаласындағы  ойларға  сын  айта  отырып,  әдеби  мұраға, 
оның  жиналуы,  зерттелуі,  олардың  мәдени-әдеби  дерек 
ретінде  рухани  өмірдегі  өлмес  мұра  бола  алатындығын 
дұрыс  бағалап  береді.  Біз  сол  кезеңнің  саяси  және  әдеби 
ахуалын,  пікір  сайысын  толық  тану  үшін  өзіміздің 
талдауымыздан гөрі олардың еңбектерінен мол мағлұмат, 
ғылыми дерек көзін беруді көздеп отырмыз.  


[Введите текст] 
 
 
25 
1926  жылы  қарашада  Қазақстан  партия  комитетінің 
Ш  пленумы  өтіп,  онда:  “Кіші  Октябрьді  сынағаны  үшін 
С.Қожановқа, 
Ж.Мыңбаевқа, 
С.Сәдуақасовқа 
т.б. 
ұлтшылдар  деген  айып  тағылды.  Осы  орайда,  әдебиет, 
мәдениет саласында ұлтшылдарды аяусыз әшкерелеу етек 
алды.  Әр  жазушыдан,  зиялы  қауымнан  идеологиялық 
қателер  іздестіріле  бастады.  Баспасөздердегі  әдеби 
айтыстарда 
көркемдік, 
идеялық, 
шығармашылық 
турасындағы  талас  тасасында  шын  мәнінде  саяси  астар 
жатты. 
1925  жылдың  18  маусымындағы  РКП(б)  Орталық 
Комитетінің  “Партияның  көркем  әдебиет  саласындағы 
саясаты  туралы”  қаулысынан  кейін  пролетариат  көркем 
әдебиетін  жасау  керек  деген  сылтаумен  ауыл  жөнінде 
жазғандар  да  жазғырылды.  Ұлтшыл,  алашордашыл 
ретінде  әшкерелеу  мақсатындағы  1924  жылы  Орынборда 
М.Жұмабаевқа ұйымдастырылған әдебиеттік соттан кейін 
де  оған  тыныштық  берілмей,  оның  шығармашылығын 
сынау  жалғасып  жатты.  Сол  тұста  жазушылардың 
ҚазАПП ұйымы құрылғанмен, ала ауыздықты ауыздықтай 
алмады. Керісінше, жазушылардың арасында “жікшілдік” 
деген  жаңа  ұғым  туды.  Ол,  әсіресе  1928-29  жылдары 
асқындап  кетті.  Ол  жөнінде  әдебиет  сынының  тарихын 
жақсы  білетін  маман  Т.Кәкішев:  “Замана  шындығы 
көрінбей,  ұрандату,  жіктелу,  айтысу-тартысу,  орынсыз 
кінә  тағып  қаралау,  елде  болып  жатқан  шындықты  жел 
сөзбен жабу, көлеңкелеу орын алды”, - деп көрсеткен еді
8
.  
                                                 
8
  Тұсаулы ой толқындары. // Жұлдыз, 1993. 
Міне,  осы  он  жылдықтағы  әдеби  айтыс-тартыстың 
бел  ортасында  М.Жұмабаев,  С.Сейфуллин,  Б.Майлин, 
І.Жансүгіров,  Қ.Кемеңгеров,  С.Мұқанов,  Ә.Бөкейханов, 
А.Байтұрсынов,  Ж.Аймауытов  т.б.  болды.  Әсіресе, 
М.Жұмабаевтың  1912  жылы  “Шолпан”  атты  өлеңдер 
жинағы мен 1922, 1923 жылдары екі рет өлеңдер жинағы 
жарияланған  кездері  ол  пікірлер  оң  болатын.  Алайда, 
М.Әуезовтің “Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі” (“Шолпан” 
журналы,  1923,  №№  4-5)  және  Ж.Аймауытовтың 
“Мағжанның ақындығы” (“Леніншіл жас” журналы, 1923, 
№  5)  деген  мақалалары  жарияланысымен-ақ  осыған 
дейінгі  сынның  беті  күрт  өзгеріп  шыға  келді.  Оған 
ұлтшыл деген ат тағыла бастады. Оған от құйған тағы да 
Нәзір  Төреқұловтың  Сәкеннің  “Асау  тұлпар”  кітабы 
жөніндегі  мақаласы  (“Темірқазық”  журналы,  1923,  №  1) 
болды.  Онда  Сәкеннің  шығармашылығын  емес,  жеке 
басының  кемшіліктерін,  оның  өзінде  сорақы  сөздермен 
дәлелсіз  даттау  орын  алды.  Осы  мақалаға  қарсы  “Сынға 
сын” деген мақала “Қызыл Қазақстан” журналында, 1923, 
16 санында жарық көрді.  (“С.М.” деген бүркеншік атпен, 
оны Т.Бейісқұлов С.Мұқанов болар деп болжайды). Автор 
Сәкенді  жақтап,  Н.Төреқұловтың  айтқаны  сын  емес,  таза 
қаралау екенін әшкерелейді. Ал, “Ақжол” газетінде “Қазақ 
әдебиетінің  тарихынан”  деген  мақала  “Темірбай”  деген 
автордың Сәкенді “өтірікші, мылжың, соқыр, арсыз, әңгі” 
деп  жөнсіз  сынаған  мақаласына  Ғ.Мүсірепов  “Қисық 
сынға – әділ төре” деген мақаланы “Еңбекші қазақ” газеті, 
1924, 24 санында жариялап, “… Әдебиетке жаны ашыған 


[Введите текст] 
 
 
26 
кісінің сөзі емес, тек ұнатпайтын адамның бетін тырнау”, - 
деп сынаған. 
Ғаббас Тоғжановтың “Қандай әдебиет үстем болмақ, 
қандай  әдебиетіміз  бар”  деген  мақаласында  (“Жаңа 
әдебиет” журналы, 1928, № 5) А.Байтұрсынов, М.Дулатов, 
М.Жұмабаев,  Ғ.Қарашев,  С.Дөнентаевтарды  байшыл-
ұлтшыл ақын-жазушыларға жатқызып, сынайды.  
1927-1930  жылдары  “Қазақ  әдебиеті  қандай  жолмен 
дамуы  керек”  деген  мәселелер  төңірегінде  қызу 
пікірталастар  жүргізілді.  Осы  орайда  С.Сейфуллин 
бірнеше  мақала  жазып,  пролетариат  әдебиетін  қолдау, 
байшыл  әдебиетке  қарсы  мәселе  көтерді.  Сондай-ақ, 
І.Жансүгіровтің  “Бетім  анадай  емес,  мынадай”  деген 
мақаласында  (“Еңбекші  қазақ”,  1928,  5  сәуір)  өзінің 
“Сағанақ” 
деген 
тұңғыш 
өлеңдер 
жинағына 
С.Мұқановтың жазған беташар сөзін құптамай, онда «ел» 
деген  сөздің  жиі  кездесетініне  шамданады.  “Еңбекші 
қазақ”  газетінің 1928  жылғы 11  санында  С.Мұқанов  “Бас 
асаулық”  деген  тақырыпта  қарсы  мақала  жазып,  Ілиясты 
жолбике  деп  сөгеді.  Сөйтіп,  жұмысшы,  қара  шаруа 
бағытында дегендердің де арасына жарықшақ түседі. Сол 
кездегі “Еңбекші қазақ” газеті редакторының орынбасары 
(редакторы  Ғ.Тоғжанов)  “Көркем  әдебиет  мәселесіндегі 
айтыстар  туралы”  деген  (1929,  17  сәуір)  мақаласында 
Ғаббастың  Сәкен,  Бейімбет,  Сәбит  “пролетариат 
жазушылары”  деген  атты  алуды  көтермейді,  бұлар 
төңкерісшіл  жазушылар»,  -  деп  айтқанын  қолдайтынын 
білдіре  отырып,  кейбір  сыншының  оларды  пролетариат 
жазушылары  ретінде  танитынымен  келіспейді.  Әсіресе, 
Сәкен  туралы  оң  пікір  білдіргендерді  жазғырады.  Бұған 
қатты  күйінген  Сәкеннің  сағы  сынып,  ақыры  “Менің 
қателерім  туралы”  деген  мақалада  олардың  дұрыс, 
бұрыстығына  мән  бермей  мойындауға  мәжбүр  болады. 
Ал,  Ғ.Мүсірепов  пен  Ә.Тәжібаев  Сәкенді  қорғамақ 
болады.  Ғ.Мүсірепов  “Әдебиет  айтысына”  деген 
мақаласында  (“Еңбекші  қазақ”,  1929,  4  тамыз) 
пролетариат әдебиеті бар ма деп сұрақ қоюдың өзі дұрыс 
емес  деп  сол  пікірдегі  әдебиетшілерді  сынап  кетеді.  Ол 
Сәкен,  Бейімбет,  Сәбиттің  “қателерін”  бетіне  басып, 
айғыздап  жатқандардың  ертең  барлық  талантты  ақын-
жазушылардан,  содан  кейін  пролетариат  әдебиетінен, 
ақынынан  т.б.  айрылады  деп  ескертпе  жасайды.  Ал 
Ә.Тәжібаевтың  “Тар  жол,  тайғақ  кешу”  мен  “Нәзірдің 
сыны  туралы”  (“Еңбекші  қазақ”,  1929,  15  қыркүйек) 
мақаласы Сәкеннің шығармашылығын емес, жеке бастағы 
кемшіліктерін  тізбелеп,  сынаған  Н.Төреқұловқа  қарсы 
бағытталған. 
Осы 
мақаласы 
арқылы 
Ә.Тәжібаев 
С.Сейфуллинді  жөнсіз  сыннан  қорғайды,  әрі  кітап 
жөніндегі    өз  қөзқарасын  білдіреді:  “…  Кітаптың  саяси 
маңызы  күшті.  Қазақ  тарихының  көбі  содан  табылады, 
реализм жолымен көргенін, білгенін, болғанды жазған”,  - 
деп  жоғары  баға  береді.  С.Сейфуллин  шығармашылығы 
жөніндегі  әр  түрлі  тақырыптағы,  әр  деңгейдегі,  түрлі 
мақсаттағы әдеби айтыстар 30-38 жылдарға дейін үзіліссіз 
жүріп жатты. 


[Введите текст] 
 
 
27 
Бұл  жылдардағы  сын-айтыстың  негізгі  обьектісі, 
алашорда  басшыларынан  кейін  неше  түрлі  шындықтар 
деген 
таңбалармен 
жікшілдік 
төңірегінде 
өрбіді. 
Голощекинге  қарсы  келген  белсенді  қайраткерлерге  қара 
күйе жағылып, 1928 жылдың аяғында әр түрлі жолдармен 
“әшкерелеген”  алашорданың  44  қайраткері  түрмеге 
қамалды.  Олардың  ішінде  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов, 
М.Жұмабаев,  Х.Ғаббасов,  Ж.Аймауытов,  Ә.Байділдин, 
Д.Әділев  т.б.  бар  еді.  Соңғы  үшеуіне ату  жазасы  берілді. 
М.Дулатов  және  бірнешеуі  лагерьлерде  қайтыс  болды. 
Екінші  рет  1930  жылдың  қыркүйек  айында  40  шамалы 
зиялы  адамдар  қамауға  алынды.  1932  жылы  М.Әуезов 
ашық  хат  жазып,  өзіне  тағылған  айыптарды  мойнына 
алып, босанып шықты. 1929 жылғы партиялық тазалаудан 
әрең-әрең  аман  қалған  ақын-жазушылар  енді  сақтыққа 
көшті. Десек те сөйлеп қалған ауызда тыным, қызғаныш, 
күншілікте шек болмады. 
“Жазушылар  мен  көркем  әдебиет”  (айтыс  ретінде) 
деген мақала авторы Ерғали (“Еңбекші қазақ” газеті, 1926, 
3 желтоқсан) қазақ әдебиетіндегі түрлі бағыттардың орын 
алғандығын,  оның  ішінде  төңкерісшіл  әдебиеттің 
тәжірибесі  болмағандықтан  төмен  екендігін,  оның  көбіне 
“күшпен,  еліктеумен”  жазылып  келе  жатқанын  әңгіме 
өзегі  етеді.  Қазақта  үлкен  жанрларда  жазылған 
шығармалардың  жоқтығы,  бола  қалғанның  өзінде  оны 
оқушының түсіне қабылдай қоюы қиын екендігін ескерте 
отырып,  қысқа,  ұғымды,  тілі  жеңіл  әңгімелелердің  көп 
болғандығын,  оған  Бейімбет  шығармаларының  бейім 
екендігін  дәлел  етеді.  Осы  орайда  әдеби  тіл  мәселесіне, 
оның  қолдану  нормаларына  тоқталады:  “Осы  күнгі 
әдебиетіміздің  көбінің  тілі  қотыр.  Халық  ішінен  шыққан 
қарапайым  жазушыларымыздың  өздері  кітап  тілін 
қолданып,  әдеби,  кірме  сөздерді  қыстырам  деп  әуелгі 
тілінен 
айрылып 
қалып 
жүр. 
Сондықтан 
жас 
жазушылардың  еңбектерін  көп  кісі  оқымайды,  -  деген 
батыл сындар айтады (191-б.) 
Әдетте,  жаңаны  тосырқай  қабылдау  қай  кезде  де 
орын  алғаны  белгілі.  С.Сейфуллиннің  төңкерісшіл 
әдебиеттің  талабына  сай  жаңалықтарды  танытарлықтай 
тың 
түрлі 
ізденістерін 
замандастары 
тосырқай 
қабылдағанын,  тілдің  қолданысы  мен  сөздің  көркемдігі 
кеміді, жұтаңдады деген сындардың себебінің бірі де осы 
еді.  Дегенмен  сол  кездері  әдебиеттің  түрлі  тектері  мен 
түрлерінде өздерінің стильдік өрнектерін байқатып, үлкен 
жанрдағы  шығармаларымен  танылып  қалған  Бейімбет, 
Жүсіпбектердің шығармаларын жұрт жылы қабылдағанын 
сүйсіне  жазады  автор.  Мәселен:  “…  Бейімбет  ел 
тұрмысын  (бытоописание)  жазғанда  кейіпкерді  айнытпай 
алады.  Егер  осының  үстіне  (тіпті  анық  көрсеткенмен) 
көркемдік  үшін  әңгімесіне  сәл  ойдан  мысал  қосса 
(фантазия) тіпті оңды болып шығар еді. Әдебиет заңында 
бұлай  ажарлау  рұқсат  етілетін  нәрсе  (художественная 
компановка). 
Шын  тұрмыстан  алып,  қызық  тақырыпқа  жазғанда, 
төңкерістің алғашқы оқиғаларын әлеумет бойындағы, тап 
тартысындағы 
көрінген 
көріністерді 
романтизм 


[Введите текст] 
 
 
28 
бағытымен  жақсы  қылып  жазуға  болады.  Мысалы,  үлкен 
геройлық,  батылдық  көрсетумен  жаза  алса,  кісі  өлімімен 
тынатын қылып жеңіл роман жазуға болады. Жүсіпбектің 
“Ел қорғаны” сықылды. 
Жазушылардың 
бірсыпырасы, 
әсіресе 
Сәкен 
өздерінің  қолымен  істеп,  өз  бастарынан  кешкенін  өз 
өмірбаянынан  алып  жазады,»  -  деп  өз  замандастарына 
әдеби мінездеме бере отырып, сол кездегі әдеби процестен 
жан-жақты хабардар да етеді. 
1926  жылы  драматургия  саласындағы  мақалар  өте 
көп  жариялануының  басты  себебі  жылдың  басы  (1926 
жылы  13  қаңтар)  және  Қазақ  драма  театрының 
шымылдығы  М.Әуезовтің  “Еңлік  -  Кебек”  пьесасымен 
ашылды. Қазақ халқының мәдени өміріндегі үлкен рухани 
құбылыс болған бұл оқиға театр өнері, сахна саңлақтары, 
драматургиялық  шығармалар  т.б.  турасындағы  көптеген 
пікірдің туындауына әсер етті. Атап айтсақ, 1926 жылы 14 
қаңтарда  Қ.Жұбанұлының  “Біз  де  ұлт  театрына 
маңайладық”  атты  мақаласы  “Еңбекші  қазақ”  газетінде 
жарияланса, 
29, 
31 
қаңтарда 
осы 
басылымда 
С.Сәдуақасовтың  “Алғашқы  тәжірибелер”,  “Бәйбіше-
тоқал” деген мақалалары жарық көрді. Осы жылдың ақпан 
айында  “Әйелдер  теңдігі”  журналының  алғашқы  саны 
шықты.  1926  жылы  “Еңбекші  қазақ”  газетінде 
М.О.Әуезовтің “Жалпы театр өнері және қазақ театры” (8, 
9,  10,  11,  15,  17  ақпан),  М.Дәулетбаевтың  “Ойлау  керек 
қой”,  “Театр  сыншысы”,  “Білімсіз  артист  болмайды”  (7, 
10,  29  ақпан),  М.Жолдыбайұлының  “Сын”  (14  ақпан) 
деген мақалалары жарияланды. 
“Еңбекші 
қазақ” 
газетінде 
(16 
мамыр) 
М.Дәулетбаевтың  “Ұлт  театры  бірнеше  ай  ішінде”, 
А.Сегізбаевтың  “Пікір  алысатын  мәселелердің  бірі”  (23 
мамыр), І.Жансүгіровтің “Алдоңғарұлының пікірі ағат” (6 
маусым),  Ә.Марғұланның  “Музыка  өнері”  (16  маусым), 
Ж.Сыздықовтың  “Сын  беті  ашылсын”  (18  тамыз), 
М.Дәулетбаевтың  “Ұлт  театры  туралы”  (27  тамыз)  т.б. 
мақалалар  жарық  көрді.  Ал,  1927  жылы  “Еңбекші  қазақ” 
газетінде  А.Елшібековтің  “Еңлік-Кебек”  (3  қаңтар), 
С.Мұқановтың  “Көркем  әдебиет  туралы  қорытынды 
пікірім”  (4  қаңтар),  Б.Майлиннің  “Артист”  және 
С.Сәдуақасовтың  “Ұлт  театрына  бір  жыл”  (13  қаңтар), 
Ж.Аймауытовтың  “Торайғырұлының  жиналған  сөздері” 
(24  қаңтар),  “Мектеп  қандай  болуы  керек”  атты 
мақалалары жарияланды. 
Қ.Кемеңгеровтің  “Мектеп  қай  тілде  болуы  керек”     
(1  ақпан)  және  Ж.Сәрсенбіұлының  “Көркем  әдебиет 
туралы”  (2  ақпан)  мақалалары  “Еңбекші  қазақ”  газетінде 
жарияланды. 
1927 жылдың 7 ақпан күні “Еңбекші қазақ” газетінде 
оқшау сөздерге (фельетондар мен сатиралық әңгімелерге) 
бәйге  жарияланды.  Осы  жылдың  2  тамыз  күні  “Еңбекші 
қазақ”  газетінде  “Көркем  әдебиет  туралы”  деген  жалпы 
тақырыппен 
М.Дәулетбаевтың, 
Ж.Орманбаевтың, 
Ж.Сыздықовтың мақалалары жарық көрді. 


[Введите текст] 
 
 
29 
1927  жылы  18  тамызда  Октябрьдің  он  жылдығына 
арнап  әдеби  жинақ  құрастыру  мақсатымен  “Ақындар, 
жазушылар,  қапы  қалмаңдар”  деген  атпен  “Еңбекші 
қазақ”  газетінде  ашық  хат  жарияланды.  Осы  жылдың 
қараша айында “Жыл құсы” альманахының алғашқы саны 
жарыққа  шықты.  Ж.Аймауытовтың  қазақ  қызының 
тағдырын  суреттейтін  “Ақбілек”  романы  “Әйел  теңдігі” 
журналының бірнеше санында (2, 5, 10, 11) басылды. Бұл 
қазақ  әдебиетіне  үлкен  жаңалық,  тың  жанрлық  түр-
психологиялық романды алып келген ірі рухани құбылыс 
еді.  
Сондай-ақ, 
театр, 
драматургия 
мәселесіне 
байланысты  жарияланған  мақалаларының    мән-маңызы 
әлі де жойыла қойған жоқ.  
    Айталық,  Мәжит  деген  автордың  “Еңбекші  қазақ” 
газетінің  1926  жылғы  29-шы  желтоқсанындағы  санында 
“Сыншылар  мен  көркем  әдебиет”  (айтыс  ретінде)  деген 
тақырыпта    пікірталасы  жарық  көрді.Осы  мақала 
төңірегінде баспасөзде біршама айтыс болды. 
      ХХ  ғасыр  басындағы  баспасөздерде  әдебиетке,оның 
ірі  өкілдерінің  шығармашылықтары  төңірегіндегі  әдеби 
әңгімелелер 
мен 
жеке 
ақын-жазушылардың 
шығармашылықтарына,олардың 
көркемдік 
деңгейіне,оларда  көтерілген  идеялар  мен  тақырыптарға 
қойылған  талаптар  жайлы  әңгімелер  көп  болды.Олардың 
дені  жалпы  қазақ  әдебиетінің  көкейкесті  мәселелеріне 
арналды.Әрине,қазақ  сөз  өнерінің  кәсіби  тұрғыдан  жаңа 
қалыптасып  келе  жатқан  кезеңіндегі  әдеби  талғам 
төңірегіндегі сөз басқа. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет