Қазіргі кезде өсімдіктердің генетикалық материалын сақтаудың бірнеше тəсілдері
қолданылады. Ең көп тиімді əдіс- далалық гендер банкі мен помологиялық коллекциялар құрастыру.
ҚР ҰБО өсімдіктер биологиясы жəне биотехнологиясы институты, Алматыда картоп
өсімдігінің - in vitro жағдайындағы - 25 үлгілерінен тұратын асептикалық жағдайдағы картоп
коллекциясын құрылды. Алынған картоп үлгілерінің ішінде қазақстандық 10 сорттары, 4 будандары
жəне 11 шетелдік сорттар бар. Сауықтырылған картоп өсімдіктерінің in vitro коллекциясын шығаруға
арналған биотехнологиялық əдістерді жетілдіру
1.Картоп түйнектерін өсіру жəне in vitro жағдайына енгізу
2. Картоп сорттарының in vitro асептикалық өсімдіктерінің коллекциясын шығару.
3. Картоп өсімдігін вирустардан сауықтыруға апекс ұзындығының əсерін салыстырмалы түрде
зерттеу
4. Картоптың сауықтырылған көшет материалын эффективті түрде көбейту үшін in vitro микротүйнектерді қалыптастыратын жағдайларды жетілдіру.
Зeрттeугe арналған oбъeктiлeр рeтiндe картoптың қазақcтандық жəнe рeceйлiк ceлeкция
coрттары алынды. Oлар: Курант ,Нoвинка,Нуралем ,Жанасай Картопты in vitro жағдайына енгізу үшін, + 4°С температурада сақталып тұрған əр үлгіден 3
картоп түйнегі алынды. Картоп түйнектері натрий гипохлорид (1:1) ерітіндісінде 10 минут
залалсыздандырылып, дистилденген сумен 3 рет шайылды. Картоп түйнектері көзшелеріне
байланысты 2х2 см көлемінде бөлшектеп кесіп алынып, залалсыздандырылған ылғалды перлитке 0,5-
1,0 см тереңдікте отырғызып, 24ºС температурада, жарық 25 мкмоль/м
-2
с
-1
, 16 сағаттық фотопериод
жағдайына орналастырылды. 10-14 күн өткен соң 3-5 см-ге жеткен картоп өскіндерін in vitro жағдайына енгізу үшін əртүрлі залалсыздандырушы агенттермен залалсыздандырылды. Материалды
залалсыздандыру үшін əртүрлі залалсыздандырушы агенттер қолданылды: сулема 0,1% 10 мин;
«Белизна» (Na-гипохлориды, тұрақтандырғыш, су) - (1:1); Осындай əдіспен залалсыздандырылған
өскіндер асептикалық жағдайда 0,5-2 см мөлшермен бөлініп, қоректік ортаға енгізілді.In vitro-да
дақылдау үшін гормонсыз Мурасиге жəне Скуг (МС) орталары қолданылды, өскіндер 23-25ºС
температурада жарық 25 мкмоль/м
-2
с
-1
, 16 сағаттық фотопериод жағдайында өсірілді.
Картоп коллекциясының үлгілері шетелдік сорттарын үлгілерімен салыстырғанда
қазақстандық сорттары 2 есе көбейді.
Ғылыми жетекші: б.ғ.к. қауымдастырылған профессор Кушнаренко С.В., б.ғ.к. профессор м.а. Жұмабаева Б. Ә.