Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет100/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   140
Байланысты:
Vestnik-EAGI-2-2020

Эй  хорин  сикун  дёсалду  колхозникасал  балдичи  ‘Бұл  жиырма  жаңа  үйде  колхозшылар 
тұрады’; Эси колхозникасал улэн балдилохачи ‘Енді колхозшылар жақсы тұратын болды’. 
Қабысудың  бұл  түрінің  басты  ерекшелігі  қазіргі  тіл  тұрғысынан  түрленбейтін 
грамматикалық  тұлғаға  ие,  яғни  өзінің  бағыныңқылық  сипатын  релятивті  қосымшалар 
көмегінсіз білдіреді [7, 40].  
Қабысудың  екінші  түрі  пысықтауыш  рөліндегі  көсемшелерге  тән,  басыңқы 
сөздермен  қабыса  байланыса  отырып,  түрленбеген  күйде  қалады.  Алайда  қабыса 
байланысатын  көсемшенің  грамматикалық  тұлғасы  басыңқы  етістік сыңардың  мағынасы 
және  тұлғасына  байланысты  емес,  сөйлемнің  немесе  сөз  тіркесінің  тұтас  мағынасынан 
және оларда семантикалық-синтаксистік рөл ойнайтын көсемшелерге тәуелді. Ғалымның 
ескертуінше, көсемшенің формасы сөйлемдегі  басқа  сөздерге мүлдем тәуелді емес деуге 
де болмайды [7, 41]. 
Қабысудың  осы  түрі  бойынша  субстантивті  мағынаға  ие  анықтауыштармен 
анықталушылармен,  сын  есімдердің  түрлі  қатары  арқылы  білдірілетін  барлық 
оңашаланбаған  анықтауыштар  тіркеседі,  мысалы:  Нёанчи  даи  дёгба  ангомарида 
отолиасил  ‘Олар  үлкен  үй  сала  алмайды’  (Жаңа  өмір);  Чаду  тэй  сикун  гурунсэл, 
тутумэриэ, инэктэ мэриэ, тэучимэри дэрухэчи ‘Сол кезде ол жаңа адамдар жігіріп, күліп 
жүкті  арта  бастады’  (Жаңа  өмір);  Уй  уюн  найва  буйкин  найди  дюэчи?  ‘Кім  тірі 
адамдықаіпті жаман зат’ (Гейкер) [7, 42].  
Сапалық  сын  есімдерден  ешқандай  айырмашылығы  жоқ  сапалық  есімдерден 
жасалған  анықтауыш  субстантивті  анықталушымен  де  қабысудың  осы  түрімен 
байланысады,  мысалы:  Дюэечиэ  суйгуэ  дуэдуэни  улэн  балапчи  дэун  бини  ‘Екінші  жарты 


 
167 
құрлықтың  аяғында  жақсы  ескі  ағатын  жол  бар’  (Гейкер);  Сагды  гурун  туй  ункичи:  тэй 
манга  най  ана  бимчэни,  эсидэлэ  туй  бимчэ  ‘Кәрі  адамдар  былай  айтты:  сол  күшті  адам 
болмағанда, осы уақытқа дейін осылай болар еді’ (Жаңа өмір);  
Анықталушы  зат  есіммен  тіркескенде  қабысу  меңгеру  формасында  (оң  не  теріс) 
орын алады, мысалы: Чимана индэйдуи айсинди упултэку гасава вандару! ‘Ертең күндізгі 
демалыста алтын қауырсын бар құсты атып ал!’ (Мәтіндер), – упултэку гаса ‘қауырсыны 
бар  құс’;  Нонгдику  хэдун  гогда  мосал  сувэнсэлбэчи,  гарасалбачи  дюкэн  туйнкувэми 
хэдундини  ‘Аязды  жел  биік  ағаштардың  төбесін  және  бұтақтарын  сәл  тербелте  соқты’ 
(Гейкер),  –  нонгдику  хэдун  ‘аязы  (суығы  бар)  бар  жел’;  Няняхаку  боаду  кенгуру  балдини 
‘Шөпті жерде кенгуру тұрады’ (Жаңа өмір), – нядяхаку боа ‘шөбі бар жер’ [7, 44].  
Ғалымның  ескертуінше,  кейбір  нанай  зат  есімдері  басқа  зат  есімдерге  анықтауыш 
қызметін  атқаратын  қабілетке  ие,  бұл  ретте  ешқандай  арнайы,  бұл  жағдайға 
орайластырылған релятивті форманы қабылдамай-ақ орындай алады. Барлық зат есімдер 
бұл мүмкіншілікке ие бола бермейтіндігін, оның үлкен емес бөлігі осы қабілетке ие екенін 
ескерсек,  мұндай  анықтауыш  сөз  тіркестері  біртіндеп  жоғалып  бара  жатқан  құрылысқа 
жататынын  дәлелдейді.  Қазіргі  тіл  үшін  екі  зат  есімдердің  анықтауыштық  тіркесінің 
бейнелеу  (отражение)  әдісі  бойынша  құрылған  [7,  45].  Ескере  кететін  жайт,  шетел 
лингвистикасында анықтауыштық қатынасты білдіретін сөз тіркестердің байланысуының 
«бейнелеу» (орыс тілінде – способ отражение) әдісі бар. 
Автордың зерттеуінше, нанай грамматикасының жалпы жүйесінен көзге түсерліктей 
түсіп  қалатын,  бірақ  әлі  қолданылатын  қабысу  принципі  арқылы  байланысатын  екі  зат 
есімнің  анықтауыштық  тіркесі  әлі  де  болса  ауызекі  тілде,  ауыз  әдебиетінде  және  әдеби 
шығармаларда  кездеседі:  Туй  гойдамари  соридоачи  эм  гасакан...  андаха  мэргэн 
дякпадоани дохани ‘Олар ұзақ күрескенде кезде құс таныс емес (қонақ) батырдың жанына 
қонды а села около гостя-героя’ (Мәтіндер, Самар); Пурэн боава ярсими пулсиури – горо 
улэндимэ ‘Шалғай жерлерге (тайга орны) барлады – қайда жақсы’ (Гейкер); Мапа тохан, 
хоронкола мова ичэхэн ‘Шал тұрды, емен ағашын (емен ағаш) көрді’ (Мәтіндер); Тэй энинэ 
пункчилкэн пуригби кандёми морайни ‘Сол кірпі (ана кірпі), баласын қорғап, айқайлайды’ 
(Жануарлар туралы әңгімелер) [7, 45].  
Нанай  тілдік  материалы  бойынша  талданған  қабысу  синтаксистік  байланысы 
құрылымдық  жағынан  да,  мағыналық  қатынасы  жағынан  да  айтарлықтай  жақсы 
дамығанын  байқай  аламыз.  Моңғол,  қалмақ  тілдеріне  қарағанда,  нанай  тілінде  көсемше 
арқылы қабысу жақсы орын алған. Қорыта айтқанда, қазіргі қазақ, моңғол, бурят-моңғол 
және  нанай  тілдері  бойынша  қабыса  байланысқан  сөз  тіркестері  өзара  сәйкестіктерімен 
қатар, өзіне тән ерекшеліктері не болмаса шетел синтаксистік теориясы ықпалынан болған 
өзгешеліктері  болғанымен,  тілдік  материал  негізінде  ұқсастықтардың  мол  кездесетінін 
байқай аламыз. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет