175
Халықаралық терминдердің қалыптасуы барысындағы метафоралану үдерісін
талқылау мақаламыздың басты мақсаты болып табылады. Халықаралықтерминдер
жүйесінде матафораүдерісінің өту барысындағы ерекшеліктердің бірі – терминдердің
сыртқы формасынан нақты айқындалмауы. Алайда олардың ана тіліндегі түпнұсқасына
көніл аударсақ, аталған номинативтік бірліктердің екінші атау функциясында жұмсалып
тұрғанына көз жеткізе аламыз. Мысал ретінде
баланс сөзіне тоқталып, ішкі мазмұнына
мағыналық талдау жасауды жөнкөреміз. Термин экономика, техника, география және т.б.
ғылым салаларының терминдікжүйесінде берік орын алған номинативтік бірлік.
Терминдік атау француз тілінен аударғанда,
таразы деген мағынаға ие. Көпшілікке
белгілі болғандай, таразы – өлшеу құралы, үй тұрмысында қолданылатын жабдықтардың
бірі. Алайда
баланс сөзі энциклопедиялық сөздіктерде келесі анықтамаға ие: «система
показателей, характеризующая какое-либо явление путем сопоставления отдельных его
сторон» [2]. Өлшеу құралының іс-әрекет жасау, қызмет атқару функциясы номинативтік
бірліктің терминделуіне себепкер болып тұр және термин халықаралық формада осы
қалыпта бекітілген. Терминнің ана тілінде берілген түпнұсқасындағы ішкі формасы
метафоралану үдерісінің негізін қалап, екінші атау функциясында жүзеге асырылуына
септігін тигізеді.
Халықаралық терминдердің ең басты ерекшеліктерінің бірі – бірнеше тілге таралуы
және халықаралық дәрежедегі ұғымды білдіруі. Аталған терминдер тобы тіларалық қорды
құрап, көптеген тілдердің сөздік қорын кеңейтіп, жаңа ұғымдармен байытады. Сонымен
қатар бұл номинативтік бірліктер түрлі халықтардың тілдік құрамына кірігу барысында
сол тілдің тілдік заңдарына сәйкес фонетикалық, грамматикалық және т.б. өзгерістерге
ұшырауы мүмкін. М.Н. Володинаның жіктеуіне сүйенсек, халықаралық терминдер
бірнеше топтарға бөлініп айқындалады [3]. Бірінші топқа жалпы қолданыстағы терминдер
кіреді. Бұл қатарға
музыка, алгоритм тәрізді терминдерді жатқызуға болады. Бұл
терминдердің ерекшелігі –техника, мәдениет, саясат сияқты салалардың негізді
ұғымдарын білдіретінтерминдік бірліктердің жиынтығын құрастыру, олардың жалпы
маман емес адамдарға да түсінікті болуы. Бұл терминдер жалпы әдеби тілмен тығыз
байланыста болып, тілдік заңдарға сәйкес түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Кейбір
жағдайларда бұл топтағы терминдердің ана тіліндегі баламасы кездеседі. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: