176
сөздердің термин ретінде қалыптасуына
–итморфемасы және олардың түпкі мағынасы
септігін тигізеді. Мысалға алынған барлық атау бірліктері ауыспалы мағынада
қолданылып, терминдік қатарды толықтырады.
Акантит «ине» мағынасын берсе,
аллодельфит «ағайын» мағынасын білдіреді. Сонымен бірге латын тілінен енген сөздерді
бөлек қарастыруға да болады, себебі бұл қатарда метафоралы интернационализм-
терминдер көптеп кездеседі:
аффиск (лингв.) – жапсыру, жабыстыру;
десквамация (мед.,
геол) –қабыршақты тазалау;
дигиталис (биол.) – саусақ және т.б. [4]. Грек және латын
тілдерінің терминдерінің ерекшелігінің бірі – тұпнұсқа тілдің болмауы, сол себепті ұлттық
ерекшеліктерді ажырату қиындықтудырып, нақты мағынасын ашуға мүмкіндік бола
бермейді.
Халықаралық терминдерге талдау жүргізу барысында анықтағанымыздай, кейбір
жағдайларда терминнің ұғымын қайталайтын баламасы табылып, ол көптеген
жағдайларда метафоралану үдерісі арқылы басқалай өзгерістерге ұшырап жатады.
Мысалы, орыс тіліндегі
онтология термині әдебиеттану саласында
жинақ мағынасында
қолданылады. Қазақ тілінде де осы терминмен қатар
жинақнұсқасы бар.
Онтология сөзі
грек тілінен аударғанда
бір құшақ гүл // букет цветов деген мазмұнға ие. Сөздің
түпнұсқадағы баламасына назар аударсақ,ассоцияциялық қатар жүргізіліп тұрғанына көз
жеткіземіз.
Халықаралық терминдер мәселесін қарастыру барысындағы күрделі жағдайлардың
бірі – терминдерді аудару. Геология, биология, химия сияқты жаратылыстану
салаларының терминдері негізінен аудармасыз сол қалпында тілге еніп, қолданысқа кіріп
жатады. Жалпы халықаралық терминдердіаудару –қайшылықтарға толы, шешуі күрделі
мәселелердің бірі. Соның ішінде терминге ұғымдық баламасын табу қиындық туғызатын
проблемалардың бірі. Бұл мәселені шешуде субъективтік факторларды да ескеру қажет.
Халықаралық терминдерді сол қалпында өзгеріссіз қабылдау түрлі ұлт өкілдері арасында
бір-бірін тез түсінуін жеңілдетіп, тіл байланыстарының жылдамжәне оңай дамуынаықпал
жасайды, яғни бұл факторлар халықаралық терминдерді аудармасыз қабылдаудың
артықшылықтары деп білеміз. Екінші жағынан, бұл пікіргеқарама-қарсы келетін пуристік
көзқарасты да ескеру қажет. Бұл пікір бойынша, тілдің «тазалығын» сақтау – бірінші
орындағы міндет. Демек, терминдергеана тілінің тілдік қорынан балама табу немесе
сөзжасамдық әлеуетін кеңірек қолдану қажет, соның ішінде көнерген сөздерді жаңа
мағынада қолдану немесе түрлі элементтерден сөз құрастыру қажеттілігі туындайды.
Аталған екі жақтың да өзіндік ерекшеліктері, рационалды «дәні» бар, сонымен
біргекемшіліктері жоқ емес. Сол себепті біржақты шешім қабылдап, кесіп айту қиындық
туғызатын, қарама-қайшылыққа толы мәселе.Соңғы жылдары шыққан терминологиялық
бюллетеньдер мен аударма сөздіктерінен байқағанымыз – халықаралық, соның ішінде
орыс тіліндегі терминдерді қазақ тіліне аударып, қазақша баламасын беру үрдісі дамып
келеді, яғни ана тілінің ресурстарын пайдалану және ғылым тілін ана тілінде дамыту
кеңінен таралып келетін үдеріс.
Терминдердің мағынанылқ сипаты түрлі жіктеулерге негіздеме бола алады. Нақты
заттардың абстрактылы ұғымдарды білдіру немесе керісінше абстарктылы ұғымдардың
нақты заттарды белгілеу, атау
функциясында қолданылуы – жиі кездесетін
құбылыстардың бірі. Мысалы, осы қатарға жоғарыда келтірілген
онтология терминін
жатқызуға болады деп есептейміз. Терминдік мағына мен номинативтік тура мағына
арасындағы «жинақтау, шоғырлау» сияқты сема байланыстырушы қызметін атқарып тұр.
Сонымен қатар, біздің ойымызша, музыка саласының термині
багатель (француз тілінен
аударғанда
безделушка), әдебиет пен өнертану саласында кездесетін
барокко термині
(португал тілінен аударғанда
жемчужина/меруерт), экономикалық
биржа (неміс тілінен
аударғанда
кошелек/әмиян), лингвистикалық
климакс (грек тілінен аударғанда
Достарыңызбен бөлісу: